Орталық Азия халықтары тарихында Түрік қағанатының алатын орны.
Мәдениеті, діни
сенімдері.
Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы.
Қағанаттың әлеуметтік-саяси құрылымы. Жегуй қаған тұсында қағанаттың күшеюі.
Соғдылықтардың Батыс Түркі қағанатындағы орны мен рөлі. Ішкі қайшылықтар. Батыс Түрік
қағанатының ыдырау себептері.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және
түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі.
Суяб қаласы қағанаттың
саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың
Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда.
Арабтармен, Тан империясымен күрес. Түргеш қағанатының құлауы.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларының
шығу тегі туралы жазба
деректер. Қарлұқ қағанатының құрылу. Қарлұқтардың этносаяси тарихы. Қарлұқ
мемлекетінің сыртқы саясаты. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы.
Қарлұқтар мен
қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары.
Қалалар және
Жібек жолы.
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахандықтар туралы тарихи деректер. Әулеттің
этникалық негізін салудағы яғма, шігіл тайпаларының рөлі. Сатұқ Боғрахан –
Қарахандар
әулетінің негізін салушы. Қарахандар мемлекетінің астаналары. Қарахандықтардың саяси
билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен,
қыпшақтармен саяси
байланыстары. Феодалдық қатынастардың дамуы. Жер иеленудің сойырғал, уакф (вакф),
коммендация түрлері. Исламнның Қарахан мемлекетіндегі рөлі. Әлеуметтік-саяси құрылымы.
Феодалдық бытыраңқылық. Қарақытай шапқыншылығы, селжүктермен соғыс және Қарахан
мемлекетінің құлауы
Достарыңызбен бөлісу: