Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»


С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 10«А» сынып оқушысы Дарибекова Айзат



бет2/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
1   2   3   4   5   6   7
2. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 10«А» сынып оқушысы Дарибекова Айзат
( Шығармадағы алғашқы отбасы мүшелерінің бейнесі)
Бұл шығарма қарапайым Алматы облысындағы ауылда тұратын отбасы туралы жазылаған және олардың тіршілігі керемет бейнеленген. Отбасының құрамы: Әкесі, Анасы, 2 баласы және отбасына жаңадан келген үлкен баланың әйелі. Д. Исабековтың «Гауһартас» шығармасы ағайындылардың екі түрлі тәрбие алуының нәтижесін көрсетеді. Үлкен баласы, Ыбыш, әкесі сияқты өте қатал, өз-өзін нағыз еркек деп санап, үнсіз, тек қана қажет кездерде сөйлейтін адам. Ал Ыбыштың інісі, Қайыркен, анасы сияқты таңғаларлық мейірімді, сезімшіл, әділ және шығармашылық адам. Шығарманың үлкен бөлігі сол отбасы мүшесіне енді ғана келген келіншек Салтанат жайлы десек артық айтпаған болар едік. Салтанаттың өзі Қайыркен мен оның анасына ұқсас: әділ, мейірімді, ақкөніл, арманшыл, көпшіл, ән айтуды жақсы көретін, кез келген адаммен түсініс табатын жан. Салтанат жаңа анасымен және Қайыркенмен тез тіл табысып кетеді. Анасы өз қызындай, Қайыркен өз әпкесіндей қарап, әрдайым Салтанатқа көмектесіп жүреді. Ал күйеуі Ыбыш болса әйеліне қаталдық көрсетіп, араларында түсініспеушілік тудырған. Бір кезде тіпті атын сұраусыз алған үшін Салтанатты қамшымен ұрып жібереді. Әрине Салтанат осыған ренжіген, бірақ өз ренжісін көрсетпеуге тырысады. Осы кезде Қайыркен қиын жағдайға тап болған Салтанатқа жаны ашып, көңілін көтеруге тырысады. Тіпті Салтанатқа қолын көтерген ағасының атын өлтірмекші болады, бірақ ата-анасы оны дер кезде тоқтатады. Осылай күндер өтіп жүріп Салтанат сырқаттанып қалады. Дәрігерлер көмектесе алмай, жас келіншек жүрек ауруынан қайтыс болады. Осыған орай отбасының барлығының көңілі түсіп және Ыбыш өз бақытынан айырылғанын және әйелін қадірлемегенің кеш түсінеді. Ал осы шығармадан қандай қорытындыға келуге болады ? Менің ойымша әр адам қандай болсын тәрбие алса да, өз бақытын қадірлеу керек. Салтанат Ыбыштың адал жары еді. Ыбыш Салатанатқа көбірек мейірімділік таныту керек еді және қол көтергені үлкен қате еді. Өмір бойы қатал болып жүрсең де, отбасына келген жағдайда әрдайым қайырымды, мейірман болу керек, өйткені отбасы деген өмірдегі ең маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет