Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»



бет1/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
  1   2   3   4   5   6   7

Дулат Исабеков «Гауһартас»
(Облыстық «Бір аймақ-бір кітап» акциясы аясында
өткен оқырман конференциясы)
Ұйымдастырған:
№15 мектеп-лицей кітапхана меңгеруші
Башарова Гульнар Тайкеновна,
кітапханашы Тойшыбекова Ботакөз Болатқызы
№7 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі
Байжуманова Саягуль Туяккызы
№2 мектеп-интернат Анитова Света Айтмағанбетова
Абай атындағы №2 лицей Булганбай Хапура
Мақсаты: Көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қы-
зығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек
танысу, оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа
үндеу, ой ұшқырлығына баулу.
Басталуы «Гауһартас» әнінің 1 шумағы орындалады....
(№7мектеп-гимназия оқушысы Карипжанова Талшын)
15 мектеп-лицей оқушысы Ілияс:
Бұл әсем ән кезінде Дулат Исабеков ағамызды қатты толғандырған еді...
Көрнекті қаламгер Мемлекеттік сыйлықтардың иегері,көркем шығармаларымен оқырман жүрегінде өзіндік орны бар.Мәңгілік ел идеясын ұлықтап жүрген арамыздағы халықтың құрметті азаматы Дулат Исабеков «Гауһартас » повесінің шығу тарихына жазуға себеп болған
1966 жылы Мәскеу түбіндегі Кубинка станциясындағы әскери борышын өтеп,елінен алыста жүргенде естіген әнінен кейін туындаған шығарма еді. Алматыда жүріп жүз рет естіседе, «Гауһартас» әні бұл жолы ерекше әсер етіп, көзіне жас алғызған еді... Әуеннің әсемдігі, әншінің дауысының ерекшілігі бірнеше күн бойы нәзіктік, мәңгілік сұлулық сезімдері жүрек қылын тербеген шығарма.
Осы шығарма негізінде алынып отырған «Оқырман конференциясында» ой-өрбітіп, кейіпкерлер бейнесі жайлы пікір алмасайық.
1. Абай атындағы №2лицей 10 «А» сынып оқушысы Мейірманова Арайлым ( Кітаптың басын қысқаша мазмұндау)
Дулат Исабеков махаббат, өмірлік күрес тақырыптарынан өзге екі адамның түсінбестік теориясына да өте жақсы қалам тербеген. Оған дәлел – "Гауһартас". Екі әлемнің бір-біріне ығыса алмай өмір сүруі қандай күрделі. Ыбыш пен Салтанат образдары да осы тұрғыда жақсы суреттелген. Жасын мен Бағила жаңа заманның ернеуіндегі кедергілерден қосыла алмай азап шексе, бұл екеуі түсінбестік теориясының шырмауындағы ескіліктің еншісіндегі кейіпкерлер. Бұл повесть желісі бойынша кино да түсірілді. Жазушы өз лабораториясында кейіпкер характерін ашу үшін не істемейді. Кейіпкерді жалғыз сөйлетуі мүмкін. Оның іс-әрекетіне қажет емес деталь қосуы мүмкін. Тіпті, қиял штрихтерін да қосып жатады. Алайда, Дулат Исабеков қарама-қайшы екі кейіпкердің болмысын ашу үшін жай ғана қарапайым диалогтың өзін ұтымды пайдаланған. Өзге жазушылардан ерекшелігі де сол. Оның қандай шығармасы болмасын, қандай тақырып алмасын, қандай тағдырды талдаса да оқырманның жүрегіне жол тауып сендіре алады. Жазушының жетістігі де осында. Дулат Исабеков ішкі толғаныстан ғана қалам тербейтін бірден-бір жазушы. Жазушы қаламының қырағылығы да, қасиеті де – адами шындықты ашып жазуы. Оның туындылары оқырманға сонысымен де құнды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет