Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»


С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 10«А» сынып оқушысы Елеусізбаева Назерке



бет6/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
1   2   3   4   5   6   7
6. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 10«А» сынып оқушысы Елеусізбаева Назерке
(Салтанаттың өліміне себеп болған оқиға)
Шығарманың трагедиямен , яғни , айдай сұлу, ерке мінез
Салтанаттың өлімімен аяқталатынын бәріміз де білеміз. Бұған
себеп болған күйеуі Ыбыштың қатал жүрегі, малын жарынан
жоғары қоятын санасы еді. Ыбыш үйленіп, аяулы жары үйдегілердің бəріне жылулық , шаттық, күлкі сыйлады, тек ол ғана əйелді еркелетуді, жылы сөйлеуді өзінің намысын жығып беру деп түсінген-ді.
Адамды ат-матымен қоса ұшыратын қаһарлы қыстың үдеген боранында Ыбыш тағы «Үйде отыра бермей , сен де былай-былай шығып , жоқ ізде»,-деп кішкене ғана əйелін сұм дауылда жұмсап еді. Əрине , мұнысы артық еді. Ешкім тəуекелге бара бермейтін мұндай боранда шыққан Салтанаттың нəзіктігі мен қатар, қайсар ер мінезін байқаймыз. Малды тауып, мола қорғанын ық етіп жатқанда , өліміне сеп болған дертке кезігеді.
Боран басталғанда оралған жанашыр Қайыркен мұны естіп қам жейді. Сəл-пəл жылынып, тез шығып кетеді де, жалғыз, жаяу
кеткен жеңгесін жолсызда іздеуге шығады. «Адасқанға зират серік» дегендей Ерке бала мазардан тұлыпқа оранған көркем жеңгесін тауып оралады.
Осы уақиғадан соң Салтанат сырқаттанып жатып қалады. Көктем келіп, айыққандай сезіліп, тіршілікке араласса да , жүзінен жадыраған күлкі көрінбейді. Толғағы жеткен кезде арманға толы қиялшыл , нəзік ана құрсағындағы сəбиімен бұл дүниеден өтті.
Қазіргі жаңа заман ХХІ ғасырда Салтанат секілді жеңгелер сонша көп емес, дегенмен жоқ емес.Дəлел ретінде жеңгем Гүлсезім жайлы айта аламын. Келін боп түскенде-ақ менімен тез тіл табысып кетті, атымды атамай «жаным» деген табу сөзін қолданды. Енесіне келгенде көп шаруа атқартпайды.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей егер əр қыз отбасында дұрыс тəлім-тəрбие көріп, Салтанаттай жеңгелерімізді үлгі етіп, «ұқсап бақса», қоғамда жетім-жесірлер саны азаяр еді деп ойлаймын.
«Қыз өссе – елдің көркі» дегендей Мəңгілік Еліміздің есімін асқақтататын ұрпақтар өнегелі аналардан туатыны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет