Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»


№15 мектеп-лицей 10«А» сынып оқушысы Тамабаева Күнасыл



бет7/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
1   2   3   4   5   6   7
7. №15 мектеп-лицей 10«А» сынып оқушысы Тамабаева Күнасыл
(Ыбыштың өкініші, шығарманы аяқтау)
Дулат Исабеков махаббат, өмірлік күрес тақырыптарынан өзге екі адамның теориясына да өте жақсы қалам тербеген. Оған дәлел – Гауһар тас повесі. Екі әлемнің бір-біріне ығыса алмай өмір сүруі қандай күрделі. Яғни , адам қандай да бір отбасында қандай да бір тәрбие алса да, өз бақытын қадірлей білуі керек. Бұл шығармада Салтанат Ыбыштың адал жары еді. Ол жарына деген ренішін де, өкпесін де ешкімге айтпаған еді. Күйеуі оған суық қараса да, ол әйтеуір бір жылылық танытар деген үмітпен жүрді. Өмір бойы қатал болып жүрсең де, жарыңа, отбасыңа келген жағдайда әрдайым қайырымды, мейірбан болу керек. Өйткені Отбасы деген өмірдегі ең маңызды да алтын қазына. Ал повестің басты кейіпкері Ыбыш өз бақытынан айырылғанын және әйелін қадірлемегенін өте кеш түсінді. Сондықтан менің айтарым, қолда бар бақытымыздың қадірін білейік! Д.Исабеков ішкі толғаныстан ғана қалам тербейтін бірден-бір жазушы. Жазушы қаламының қыралығы да, қасиеті де – адами шындықты ашып жазуы. Бұл «Гауһар тас» повесінің ерекшелігі тек әдебиетпен ғана емес, сонымен қатар география, тарих, өнермен де байланысқан. Сол себепті жазушы туындылары оқырманға сонымен де қымбатты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет