Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»


№15 мектеп-лицей 10«А» сынып оқушысы Құсайынова Жадыра



бет3/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
1   2   3   4   5   6   7
3. №15 мектеп-лицей 10«А» сынып оқушысы Құсайынова Жадыра
( Отбасына өзгеріс әкелген Салтанат бейнесі.)
Қайыркеннің сөзі: «Салтанаттың мінез-құлқы мен армандағандай боп шықты. Апам алғашқы кезде: «ойбүй, қарағым, өзім-ақ істеймін. Бұл тірлік біткен бе, кейін де жетер, әлден не қыласың», – деп шыр-шыр етіп оны ауыр жұмысқа жолатпайды. ... Апамның иығынан әкпішін алып, сонау құдықтағы суға кетеді, не нәкәлай заманынан қалған нән сары самауырды майыса көтеріп далаға ап шығады» Жаңа түскен келіннің құрақ ұшып енесіне көмектесуінің өзінде сондайлық сұлулық пен қазақы кішіпейілділік қатарласа өріліп жатыр емес пе?
Ерке мінезді Салтанаттың бар қылығы ішкі сұлулығымен, рухани тазалығымен астасып жатыр. Оның ән салғанын алғаш тыңдаған қайнысынан ұялу сезімі де тәтті қимылмен беріледі: «Мен қара тастың үстіне шығып «Салтанат» деп айқайладым. Ол селт еткен маралдай маған жалт қарап, екі бетін алақанымен басып отыра кетті. Артынша қайта тұрып, қалың құлқайырдың арасына еніп жоқ болды. Ол жақта да барқадар таба алмай, қайта шықты да, маған қарай сүйкімді жұдырығын көрсетіп қойды»
Оңашада айтқан әні үшін ұялған Салтанаттың Қайыркенге тек қана кішкене сүйкімді жұдырығын түюінің өзінде соншалық нәзіктік, соншалық ибалық пен еркелік жатқанын аңғаруға болады. Алғашқы қар жауғанда Салтанаттың балалықпен қуануының өзінде періштеге тән әдемілік барлығы «оның жаз күлкісі» арқылы сездіріледі: «Қарсы алдында тұрған келіншегінің бойындағы таптырмас еркелікті, жарасымды наз бен тәтті қылықты, бұралған сымбат пен күміс күлкіні байқамай кетті. Әрине, бұны байқамаған Ыбыш қана екенін оқырман сезеді.
Көрініс. №2 мектеп-интернат. Жауапты Анитова Света Айтмағанбетова
Д.Исабековтың «Гауһар тас» повесінен үзінді
Автор сөзі: - Таңертең орнымнан тұрсам үйде ешкім жоқ екен. Апам мен Салтанаттың төсектері тап-тұйнақтай боп сандық үстінде жиналып қапты. Мен тез-тез киініп сыртқа шықтым. Күн енді ғана көтеріліп келеді екен. Апам есік алдында ертеңгі шай қамына кірісіп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет