Дулат Исабеков «Гауһартас» Облыстық «Бір аймақ-бір кітап»



бет4/7
Дата04.05.2023
өлшемі32,38 Kb.
#89807
1   2   3   4   5   6   7
Апа олында кесесі бар): - Тұрып қапсың ғой, жата тұрмадың ба?
Қайыркен: - Түске шейін ұйықта дейсің бе енді. Салтанат малды айдап кеткен бе?
Апа: - Иә. Қайыркен ұйықтай тұрсын, мен-ақ жайып келейін деп кетті.
Қайыркен (апасының қолындағы кеседегі айранды сіміріп тастап): - Рахмет, апа. Мен кеттім. (Осыны айтып шығып кетеді.)
Апа (жүре сөйлеп): - Құлыным-ау, таңғы асыңды ішіп кетпедің бе? (артынан шығып кетеді.)
Автор сөзі: - Апамның тамақ іш деп бәйек болғанына қарамай бір кесе айранды сіміріп салдым да, құдық жаққа тарттым...
Әне, анау тақыр күзге шейін қурамайтын гүл атқан құлқайырлардың арасында Салтанат жүр. Ол әнді ғажап айтатын еді. Ерке мінезді, сәби сезімді менің жеңешем әнші де екен-ау! Оның дірілдеп шыққан ашық үніне мына тастар да, анау созылып жатқан кең дала да ұйып қалған секілді. Қыр басынан көтеріліп келе жатқан күн Қаратұмсық бауырынан кенет естілген әсем әнге таңданып, бір орнынан жылжымай қатып қалыпты.
(Осы кезде әндетіп Салтанат шығады.)
... Беу-беу гауһар тас,
Құсни құрдас
Раушан жүзіңді көргенде,
Сәулем-ау, ... сабырым қалмас-ау...
Қайыркен (айқайлап): - Салта-на а-т!
Салтанат (жалт қарап, екі бетін алақанымен басып отыра кетеді.)
Қайыркен (оның қасына келеді.)
Салтанат (бірде оған, бірде төмен қарап): - Сен... бәрін тыңдап тұрдың, ә?
Қайырбек: - Иә....
Салтанат: - Сенің түк ұятың жоқ. Қалай ғана... Өй, ешкімге айтпашы мұны, Қайыркен, жарай ма?
Қайыркен: - Айтамын. Қазір тұра апама барып айтамын. Салтанат әнші екен деймін. Өткен жолы сен де көрген түсімді апамның алдына жайып салып, өлеңімді оқып бергенсің. Енді есеп айырысамыз, білдің бе?
Салтанат: (қызара бұртиып): - Мейлі, айтсаң айта бер. Бәрібір мен мойындамаймын. (Басындағы ормалын бір маңдайына тәкаппарлана тартып): - Сен шынымен айтасың ғой деймін осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет