Дулат Исабековтің өмір жолы және шығармашылығы


Дулат Исабековтың шығармашылыққа қадам басу



бет6/12
Дата11.12.2023
өлшемі69,4 Kb.
#137064
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2 Дулат Исабековтың шығармашылыққа қадам басу

Көптеген әріптестері сияқты Дулат Исабеков та әдебиеттегі алғашқы қадамын әңгіме жазудан бастады.


Өмір-болмыстың бір үзік көрінісіндей мінез-құлқы әр-алуан кейіпкерлер тіршілік кешкен, анау айтқан ерекшелігі жоқ ол әңгімелер жап-жақсы оқылатын, қатардағы туындылар еді.
Дегенмен де, шартты жүйелеуге бой алдырсақ, ауыл өмірін суреттейді деуге боларлықтай әңгімелердегі жылы юморға оранған жазушылық көңіл-көз, ұшқыр түйсік-таныс байқалмай қалмады.
Содан бері ширек ғасырға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан көптеген әңгімелер мен повесттер, он шақты драма, бір роман дүниеге келіпті.
Сонау бастау кезеңінде Исабеков шығармашылығының болашақ контур-контрапунктерін айқын бағамдатқан алғашқы повестері, оның ішінде «Гауһартас» пен «Пері мен періште» еді. Жазушының бұдан кейінгі повестері мен драмаларында, «Қарғын» романында бұл контур шығармаларының камералық сипаты, өмірдің тұрмыс – тіршіліктің жан-жақты картинасын жасап, эпикалық тынысын беруге емес, адамның рухани дүниесіне үңіле отырып, рухани әлем қатынас қақтығыстарына ден қою жүлделене түсті.
«Гауһартас» - әдеби сында жоғары бағаланған повесть Исабековтің алғашқы туындылары дүниеге келе бастаған тұста Кеңестік Одақ аясындағы әдебиетте, сондай-ақ, қазақ прозасында да лирикалық-психологиялық сипатына, бағыттағы шығармалар иегі молайған болатын. Алайда «Гауһартасты» лирикалық-психологиялық сипатына қарап немесе әдеби сын атап көрсеткендей «кейіпкер характерінің табиғаттылығы, оқиға дамуының, шиеленісуінің нанымдылығына, қарапайым кейіпкерлерінің өмірге құштарлығына» - демек, автордың әдебиетінің әліпби қағидаларын ойдағыдай меңгеруіне байланысты бағалау, сондай-ақ, «Пері мен періштені» адасқан кейіпкердің дұрыс жолға түсуін суреттеуі, «характер даралауда көш ілгері кетуімен» бағалау тым қораштық етер еді.
Оқиғалары бірінші жақтан баяндалатын «Гауһартас» пен «Пері мен періште» повестері – жазылу формасы, ой дүниесімен бір-біріне үндес, жалғастас туындылар. «Гауһартастағы» Қайыркең, «Пері мен періштедегі» Сапар – әйтеуір әңгімеші баяндамасы емес, ойлы, өз деңгей дәрежелеріне сай зерделі кейіпкерлері, сондықтан да олар өздері куәгер болған оқиғалардың, астарлы себеп-салдарын түсінуге түп-тамырына үңілуге мейлінше құштар. Бозбала Қайыркеңнің, бір есептен, Ш.Айтматовтың «Жәмила» повестіндегі бала Даниярды еске түсіретіндей болары бар. Бірақ «Гауһартас» көркемдік шешімі бөлек, кейіпкерлер жан дүниесінің сыртқы әлем, қоршаған әлеуметтік ортасымен қоқтығысын басқа өлшемде қарастыратын туынды.
Меніңше, Дулаттың повестеріндегі Салтанат пен Сапураның, сондай-ақ, белгілі бір дәрежеде «Мазасыз күндер» повесіндегі Марияның болмыстарындағы ортақ қасиеттер де осы тартыс негізінде ашылады. Тек Салтанат Сапура мен Марзияға қарағанда болмыс тұтастығын жоғалтқан кейіпкер.
Жалпы Дулат шығармашылығында жаратылысында «туа бітті азат» адам баласының арман, үміт-тілегі мен кешкен ғұмырының арасындағы алшақтың сәйкессіздіктердің объективті-субъективті себептеріне үңіледі. Адам баласының бақытты да толыққанды рухани ғұмыр кешуіне деген саналы сағыныштан бастау болатындай.
Әрине, әр адамның өз деңгейіне, көңіл өлшеміне сай арман-тілек, мұраты бар. Мәселен, «Пері мен періште» повестінің кейіпкері - әдеби сында әр алуан пікір, оның ішінде сына пікір басымдау айтылған, Сапура бейнесін алалық. Сапура да Салтанат сияқты ғашық болып, тұрмысқа шыққан жоқ-ты.
Оны Құлахмет әкесінің және туыстарының көмегімен алып қашқан. Қүлахмет бейненің тым сентименталдығын айтпағанда ыбыштай емес, керісінше, жаны сезімтал, үлкен жүректі адам?
Ал Сапура адамгершілігі шкаласында Салтанаттан едәуір төменде тұрған кейіпкер. Сапураны Салтанатпен салыстыру, төмендету ниетіміз жоқ, дегенмен әрбір адамның әу бастағы рухани потенциалының әрқалайлығын еске алмасқа болмайды.
Психологиямыз, драмамыз деп анықтама беруге болатын «пері мен періште» повесті Сапура тағдыры арқылы аламның рухани тірелу, шарқ ұрған ізденістері процесін бағамдатады.
Жазушының Салтанат, Сапура атты кейіпкерлерінен туындайтын ой тұжырымдарды «Қарғын» романындағы Бағила, әсіресе, Малика бейнелеріне орай басқа бір қырынан қарастыруға болар еді.
Басталуы, оқиғаның дамуында ептеп детективтік сипат сезілетін «Мазасыз күндер» повестіндегі (әрине, детективте бүткіл оқиға кісі өлімі айналасында шоғырланатынын еске алмағанда) Мария тағдыры да күнделікті өмірде адамдардың ой-сезім, арман-үміті мен қимыл-әрекеттерінің қайшылықтарына қарап, «ақ не қара» деген ұғымдардың шек-шекарасын ажырата білудің күрделілігін алға тартады.
Мұның өзі адам баласының тіпті мына күрделі өмірдің өз бастау негізіндегі бейкемелдікті терең сезінуден сондықтан да адамға жаны ашығандығына түптен келгенде үлкен гуманизмнен туындайды.
Алайда адамның кеңірек аядал алғанда өмірдің бейкемел кетіктігімен осы кетіктікті желеу етер имансыздықтың ар жігін ажыратуда жазушы поэзиясы айқын («Дермендегі» Омақ, «тіршіліктегі» Дәулетбай, «Сүйекшідегі» Үкітайларды еске аламыз).
Жалпы Исабеков шығармаларының қай-қайсысында да «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» кейіпкерлерді тым аз кездестіреміз. Оның «Сүйекші», «Тіршілік» повестерінде өмірлері қара күшке әлеуметтік жағдайға тәуелдікпен өткен адамдардың тағдырлары суреттеледі.
Жазушының «Тіршілік» атты кітабына еңген шығармаларының «негізгі пафосы – трагизм» деп өте орынды атап көрсетті кезінде сыншы ғалым Р. Нұрғалиев.
Адамдар тағдырындағы трагизм – арман-мұрат пен кешкен ғұмыр арасындағы, адамның өз еркінен тыс шығып жатар сәйкессіздік, адам баласының «жатыр түнек пен көр түнек» арасында (Сүлейменов) шырқырап жүріп бастан өткіретін азабы - әдебиеттің ұлы сюжеті дегенге қол қояр болсақ, бұл сюжетті шығармашылығының көк-өзек идеясына айналдыру жазушының жазушысының ғана қолына келер шаруасы.
Адам баласының өмірге келуінің өзінің негізінде кездейсоқтық барлығын ескерсек, бұдан типтік шындық көрініс бермей ме?
Сонда жазушы трагизмнің іргетасы неде? Оны кейіпкерлерінің көпі неге үнемі азап шегіп жүреді, жеңіліс тауып жатады? Әділеттілік, адалдық үшін неге олшық күреске шықпайды? Мәселен, «Сүйекшідегі» Тұңғыштың, «Тіршіліктегі» Молдарәсілдің бақытсыздығын, әдеттегі ұғымға салсақ, революцияға дейінгі тар да қапас өмірімен ғана түсіндіруге бола ма немесе ғалым сыншы Ш.Елеукенов талдауына сәйкес жазушының «азап пен жан қиналысын дәріптеу, жақсылық аталуының арсеналынан күрес әуендерін мүлдем алыстату... кейіпкерлерді тіпті өз басында қорғай білмейтін дәрменсіз кейіпті бейнелеу – тағдыр толқысына төзе білуге, қорлық атаулының бәріге көнуге үндейтін көне шығыс поэмаларынан бергі сарынға таптаурын жерге толай кереңкез шығармалар азық болған жолдардың ішінде ең қазығына іш тартқандығынан ба?» Өмір кешкен уақытына, қоғамдық әлеуметтік жағдайына көп нәрсе байланысты десек те, адам баласы үшін, қай кезеңде, қай қоғамда өмір кешкен, мейлі, қара күш зорлығы да, әлеуметтік және рухани зорлық та – трагедия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет