Дулат Исабековтің өмір жолы және шығармашылығы


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет5/12
Дата11.12.2023
өлшемі69,4 Kb.
#137064
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
жоба соңы

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, үш тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


1. Дулат Исабековтың өмір жолы.
1.1. Дулат Исабековтың өмірбаяны.
Дулат Исабеков 1942 жылғы 20 декабрда Шымкент облысы Сайрам ауданы «Ленин жолы» колхозында туған. Осы облыстың Арыс ауданында орта мектепті бітіріп, екі жыл монтер боп жұмыс істейді. 1961 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі де, оны 1966 жылы тамамдайды.
Оның алғашқы әңгімелері 1962 жылдан республикалық газет журналдарда жариялана бастаған. 1966 жылы, университетте оқып жүрген кезінде «Бекет» атты повесть пен әңгімелер жинағы жарық көрді. Содан бері бірнеше кітабы шықты. 1975 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Гауһар тас» повесті бойынша көркем суретті фильм түсірді.
Д. Исабеков Азия – Африка жас жазушыларының 1980 жылы Алматыда өткен V конференциясына қатысты. Оның қаламынан «Ректордың қабылдау күндері «Әпке», «Мұрагерлер» атты драмалар туып олар М Әуезов атындағы академиялық драма театрында және республиканың басқа да орыс, қазақ драма театрларында жүріп жатыр. Оның «Әпке», «Ертеңді күту» пьесалары республикалық конкурстарда бірінші және үшінші бәйгелерге ие болды.
Жазушының көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған. Олар жеке кітап болып Алматы және Москва баспаларында жарық көрді. Ол «Мұрагерлер» атты драмасы үшін 1983 жылы Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Д. Исабеков Қазақ ССР мәдениет министрлігінің репертуарлық – редакциялық коллегиясының бас редакторы боп қызмет істеді.
Д. Исабеков жазушы драматург ретінде өзіндік жаңа шығармасымен оқырмандар мен көрермендерді сүйсінтіп, шеберлігі шыңдалған қайраткер жазушы.
Алайда Дулаттың талантты қасиеттерге тән жазу мәнері, көркем әдебиеттің ең басты мәні бірден бір объектісі Адам екендігін әуел бастан-ақ ұғынған жазушының өмірді зерттеу нәтижесінде туған повестері мен әңгімелері өте көп.
Кейінгі жылдары қоғам мен адам алдында тұтқиылдан мың сауал қойылған бүгінгі күн күллі жұрттың соның ішінде шығармашылықты кәсіп еткен қол иелерінің өткен жолына өзінің азаматтық суреткерлік бағыт бағдарына мыңдап терең ой жіберуін қажет етеді.
Нақ сондықтан да өзіңмен қатар өзгенің де әсіресе мүмкіндік қарымы мол жазушылардың шығармашылық қоржынына үңіле зер салып, жақсы мен жасықты айыра танып, мүмкіндікке қарай, басқалардың да тануына септескен жөн секілді.
Осы орайда менің ойымды әдебиеттегі өмірбаяны «тоқырау» деген таңба басылған кезеңмен тұспа-тұс келген бір талқын жазушылар аудара береді.
Өйткені бұл кезеңнің зар-зардабы еңсені басқан салмағы санасында сәулесі бар адамдар, үшін оның алдындағы кезеңдерден тіпті де келе түспегендей.
Өмір сүрген қоғамында болып жатқан оқиғалардың баршасы жазушы жүрегі арқылы өтеді десек ендеше көркем сөздегі алғашқы қадамын осы кезеңмен бірге басқан толысуы да осы уақытқа сәйкес келген қаламгердің қандай қиямет ой кешуімен өткенін түсінген абзал.
Осы кезеңнің біздің әдебиеттегі ерекше көзге түсер бір төлі – Д. Исабеков. Ол қазір ауырмай, жалтақтамай, өнімді еңбек етіп келе жатқан жазушы. Сырттай байыптаған кісіге қоғамдағы сілкіністер, бүгінгі, идеологиялық құбылынмадағы күрт өзгерістер оған көп әсер ете қоймағандай. Жазушының ширек ғасыр шамасындағы шығармашылық жолына шолу жасап, ой түюге итермелеген сәт те міне осында.
Бүгін де кемел қаламгерлер болып әбден қалыптасқан Д. Исабековте шартты түрде балаңдық, шәкірттік белгілі бір кезең болды деп есептейтін болсақ, оны жазылу мерзімі жағынан алғанда алғашқылар санатына қосылатын үш шығарма «Бекет», «Мазасыз түндер», «Пері мен періште» повестеріне байланысты айтуға болар еді. Осының үшеуінде де тартыстың үш тағамға негізделгені біздің әдебиетте тым кең тараған тіпті таптаурынға айналып кеткен әдісі таңдап алынған.
Нақ сол себепті де кейде қисынсыз, қолдан қиыстырылған жасамды жәйттер кездесіп қалады. Мәселен, «Бекетте» Нүркен деген жігіт туған ағасы Бекеттен қара үзіп кетіп, хабарласпай жүреді. Тіпті ағасының бар екенін жұртқа айтпайды. Сөйтсек, ағасы Нүркеннің іштей ұнатып жүрген қызына үйленген екен. Махаббат сезімі мен туысқандық сезімі секілді үйлесуі қиын шетін құбылыстардың шартысуы үшін әрине бұдан гөрі тереңірек дәйек керекті.
Алайда Дулат таланты жазушы, қарым-қабілеті, адам жанының терең иірімдерінің қапыссыз тани білетін зерделілігі сонан соң сол кезден бастап-ақ ол таңдап алған көркемдік бағдар – қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия қазыналарды ашуға ұмтылған суреткерлік нысаны осы повестерден-ақ айқын танылған болатын. «Бекеттегі» Бекет, «Мазасыз күндердегі» Мария, «Пері мен періштедегі» Құлахмет бейнелері сол нысанаға ілінген алғашқы қонақты олжалар.
Сондай ақ оқушыны бірден үйіріп, тартып әкететін жазу машығы, баяндау мәнеріндегі табиғилық, кейіпкерлердің сүйіспеншілікпен мінездеуі адамдың жүрек дірілін, жан тынысын тап басып ұғынып, оқушыға да сол қалпында мөлдіретіп жеткізе білу.
Адам мінезінің іргетасын қалай алмай тұрып, аспаннан түскендей етіп сахнаға бірден алып шыға бермейтіні – бәрі осы повестерден бастау алған шеберлік жемісі.
Дулаттың қаламынан осы бүгінге дейін оннан астам повесть, бір роман, көптеген әңгімелер, драмалық шығармалар туған екен.
Олардың бірін әрі, бірін бері деу лайықсыз, бірақ оның көркемдік табыстарының басымдау жағы повестері мен әңгімелерінде жатқанын бөліп айтсақ, одан жазушының басқа жанрдағы шығармаларына көлеңке түсе қоймақ.
Аталған повестердің ішіндегі оқшау бір туынды – «Біз соғысты көрген жоқпыз» шығармасы. Мұнда өзге повестердегідей орталық яки басты кейіпкерлер жоқ десе де болғандай. Орталық кейіпкер – бүкіл бір ауыл, сонан соң уақыт, соғыс.
Повесте үлкен-кішісі, әйел-еркегі бар бір қауым адамның соғыс кезіндегі тіршілігі сөз болады. Бұл дүниенің ең басты құндылығы, біздіңше, уақыт психологиясының шыншылдықпен, барынша дәлдік пен ашылуы, соғыс ауыртпалығының көзге көрінбес, жанды ғана жаныштар зар-зардабының салмағының көркем бейнеленуі.
Д. Исабеков повестерінен байқалатын зор ерекшелік – ол адам – табиғат – қоғам аталатын көркем өнердегі ажыратылмас ұғымдардың көп мән бермейтіндей көрінетіні.
Жазушы Д.Исабеков қаламынан осы күнге дейін жалғыз ғана роман туды. Ол «Қарғын» романы. Осы шығарманың жанры жөнінде кезінде таласты ойлар айтыла бастағаны белгілі. Ол роман емес, повесть деген пікірлер болды. Бұл арада ондай дауға илігудің жөні жоқ. Көңіл аударатын жайы сол кереғар кейіпкерлердің шығу фактысы. Оған себеп шығарманың шағымдау көлемі, яки кейіпкер санының аздығы болмаса керек. Романның басты тұлғалары Жасын, Бағила сияқты басты кейіпкерлердің шығармадағы баяндалу, суреттелу тағдырының ерекшелігі болса керек.
Ал шығармадағы оқиға өрісінің «Қарғынды» әр оқушысының көкірегіне құйылатын қарғын етіп тұрған үшеу – Жасын, Малика, Бағила төңірегінде ғана шектелуі жазушының өзге повестеріндегі көркемдік әдіс – машықты, баяндау мәнерін еске салады.
Иә, сөз жоқ, Дулат өзі игерген көркемдік қазыналарды негізінен шағын жанрлардан тауыпты. Шығармашылық жолының басқа нүктесінен бастап бүгінге дейін талассыз жазып келе жатқан әңгімелері де осыдан дәлел.
Сен соның ішінен жазушының соңғы жылдардағы тың ізденісіне айғақ болатындай бір топ әңгімелерді ғана бөліп көрсеткім келеді. Олар «Оқырмаштан наурызға дейін», «Есепшот», «Туйетауық пен домино», «Ескі үйдегі жаңа қоныс», «Ескерткіш», «Бонапарттың үйленуі», «Социализм зәулім».
Оқушыны оқтын-оқтын езу тартқызып отыратын әдемі юмор Дулаттың барлық туындыларында бар-ды. Ал мына әңгімелерге бастан аяқ ашы кермек жуа өзен болған. Бір қарағанда осыншалық сайқымазақтық неменеге қажет деп те қамғанбайсың. Ал, ойлап қарасақ, бұл жазушының көркемдік концепциясындағы белгілі бір кезеңді айғақтайтын дүниелер.
Қысқасы, Дулаттың осы бір топ әңгімелерін әдебиетіміздегі, оның ішіндегі шағын жанрдағы ерекше құбылыс деп бағалауға болар еді.
Сонымен, әңгімеміздің бас жағына айтып өткен бір жәйтке қайтып оралайық. Шығармашылық өмірбаяны тоқырау аталатын кезеңге деп келген, бүгінде елу деген еңселі жастық биігінен шығып, оқушыларына өзіндік зор есеп ретінде шығармаларыны жинақтап, томдап ұсына бастаған бір толқын жазушылардың арасында әрине Дулат та бар, өзіндік сыр-сипаты қандай, ұтқаны қайсы, ұтылғаны бар ма.
Ақын Фариза Оңғарсынованың бір ретте «мені ақын еткен – тоқырау» дегенді бар. «Төбемнен аятын құйып қой, сонан соң барып жазамын» дейтін гәп бола ма? Шын талант қандай қиын-қыстау заманда да өз жолын тапқан. Қиналған бірақ шылбырынан ешкімге де ұстатпаған, уақыт желінің иғымен жөңкіліп бармаған.
Творчестволық өмірбаянын тоқыраумен түйдей «құрлас» біздің Дулаттың да басты ерекшелігі осында.
Оның басқа бір ерекшелігі де осы арнадан шығады. Өзінің шығармашылық жолы тап келген уақыттың арзан ұранынан жалған, жалтылдақ басуларынан ат-тонын ала қашқан ол адастырмас темірқазық – көркемдік, көркемөнердің ежелгі ескірмес мұраттарына адалдық екенін әуел бастан-ақ айқын ұғынып, берік ұстанды, содан айныған жоқ. Осының нәтижесінде жазушы қазақ оқырманының кітапханасында иін тіресіп тұрған таңдаулы төл томдақтарымыздың сапына іркілемей апарып қойып, қастерлеп сақтайтын қос кітабын ұсынып отыр.
Ал ұтылғаны... Ол да бар, әрине, жазушы қалай дегенде де өз уақытының төлі. Сол уақыт құдіретінің қыспағынан ада-гүде азат бола алмақ емес.
Құрсау идеологиясының ұшқыр найзасы екі өкпеден қатар келетін кезеліп тұрған шақта ұрыс салған адам алдырмай шыққанмен, батырып соққы да бере алмауы кәдік. Осыным қалай болар, деп алаңдай беру бір сырыңды қалай да іште қалдырады. Бәлкім, Дулаттың да басты сөзі әлі алда деп күтуге де әбден қақымыз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет