1.3 Қазақ романының даму тарихы
Жазушының бұл концепциясы «Тіршілік» повесінде жоталана түседі. Осы ретте Исабеков шығармашылығынан сарын іздесек, ғалым-сыншы айтқандай, шығыс поэмаларынан да тіпті Толстойдың көпке мәлім «направление злу» принципінен де емес, кезінде бізде алғаш аттың басына ілінген, батыс философиясының, сондай-ақ, әдебиетінің да қуатты ағымы экзистенциализмнен – адам баласының қатал өмір алдындағы, әлемдік абсурд алдындағы трагикалық дәрменсіздігі – үндестіктерді зерделер едік.
Негізінен жазушы шығармашылығындағы сапалы көркемдік құбылыс деп бағаланған бұл повестерге мезгіл мен мекен, уақыт пен кеңістік өлшемдерінің дерексіздігіне байланысты едәуір сындар айтылады. Мұның өзі де шығармалардың көркемдік құрылым әлемін тереңірек томдаудан гөрі әдебиеттің хрестоматиялық – реалистік ұстанымдардың, яғни өмірдің қарасы бейнесін іздеп үйренген танымның әсерінен болса керек. Д.Исабеков шығармашылығы 70-жылдардағы әдебиеттің көркемдік-эстетикалық ізденістер аясынан қарастыруды қажетсінеді. Таза реалистік деуге келмейтін «Гауһартас», «Пері мен періште» монолог мол болса, «Дерменеде», әсіресе, «Сүйекші» мен «Тіршілікте» ой ағымы, әдісі салтанат құрады, демек, қуатты ой салтанат құрады.
Осы ретте Дулати шығармашыларының ой саз әуені екі регистрде – трагедиясы өмір және сол өмірдің өзінде адам бола білу, яғни өз өміріне өзі мағына бере білу бақыты – естілетінін айту орынды. Тағы бір ой ұшығын шығарсақ, жазушы Исабеков «кішкентай адамдардың», «қор болғандардың» жағын жақтаушы екенідігі туралы белгілі бір деңгейде қалыптасқан ұғым бар.
Бұл адамның үлкен-кішілігін қоғамдық – әлеуметтік иерархиядан алар орнына қарап бағалаудың өмірден әдебиетке де көшуінің белгісіндей. Ал, шын мәнінде кеңірек алдан қарастырғанда, Дулат үшін кейіпкері, яғни қандай да адам, әлеуметтік иерархиясына қарамастан нақты болмыстығы жеке тұлға.
70-жылдары қазақ әдебиетінің қабырғасын қоқырата сөгін дүбірлі бір дүрмек екпінмен бір топ қаламгерлер әдебиет әлеміне қабаттаса, қанаттаса, қаулу қолдай келді.
Тынымбай, Бексұлтан, Төлен, Ақселеу, Кәдірбек, Дүкенбай, Мұхтар, Аян, Оралхан, Исраил, Кәрібай сынды арғымақтай атырылған алғыр, айдарынан жел есе келген сол мықтылар мен мығымдар қатарында кесек-кесек дүниесімен, кестелі өрнегінен, философиялық терең танымымен, лирикалық нәзік иірімдігімен иіріп, үйіріп әкететін, тұлғасы бөлек, құлжасы ерек бір жазушы бар еді.
Ол – Дулат Исабеков. Жарқ етіп жанып, жалт етіп сонып қалатын алдамшы сәуледей емес, Дүкең әдебиет дүниесіне дауыл үрлеген жалындай жойқын екпінмен есік ашып, сол қуат қарымынан танбай талай, талай, тың, шың туындылардың тұсауын кесті. Сол сала-сала шығармаларын салмақтап, таразылар болсақ, толғар болсақ, Дулаттың қаламгерлік өнердегі «думанын» тамашалап, тәнті боларымыз сөзсіз.
Сөз құдіретінің құпиясы мен құт ұясын қанында, қаламында ойнатқан ойы – салқар, шабыты – шалқар, Дүкең - өзіміздің Дулат Исабеков.
Д.Исабековтың осы повестерінен кейін «Қарғын» романын жазуы – өзіне көбірек айтылған тілек – «замандас, құрбы – құрдастарының өмірін суреттеу» үдісінен шығуға ұмтылуы ғана емес, жалпы творчествосындағы көкөзек пәлсапасының сапалы белеске шығуы деу керек. Кезінде оқырман қауымы, әсіресе, жастар бас алмай оқыған, әділіне жүгінсек, Дулаттың қай жаңа шығармасы да оқырманды, бей-жай қалдырған емес, әдеби сын салқындау қабылданған бұл шығармада жазушы тағы да рухани қақтығыстарды уақыт – тұлға – әлеуметтік орта – қоғам ара байланысты, гармония дисгармониясы туралы проблемасы басқа материалда мейлінше, тереңірек қарастырады.
Романның кіндік кейіпкері Жасын әдеби сын әдетте, көркем шығармадан іздейтін әлеуметтік белсенді, күрескер қаһармандар санатынан емес.
Бірақ ол бүткіл болмысмен айналасына әсер етері, рухани сәуле шашары, басқа бір өлшемдерге бастары бар рухани жасампаз кейіпкер. Жасын алғаш көрінгеннен-ақ мінез тосындығымен есте қалады.
Жазушы – өз уақытымен, қоғамымен біте қайнасады, өз уақытының тынысын тап басады дегенді көп айтамыз. Ал шын суреткер заманның кезеңдік тынысына шідерленбейді, уақыт саясатының құрығына ілінбейді, қандай қоғамдық – рухани ахуалда болсын рухани ішкі дербестігін сақтайды.
Жоғарыда Дулат шығармаларында төрт құбылысы сай, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» кейіпкерлердің жоққа тәндігіне назар аударып, өткенбіз. Олай болары – оның туындыларында, айталық, тоғышарлардың сырт шапан-шеккені, ең бастысы «кемелденген социалистік қоғамның» қағаз бетінде қаулы қаһарларда бекітілген өмірі емес, шындығы аз, «ұраны көп қоғамдың» қағаз бетінде, қаулы қаһарларда бекітілген өмірі емес, шындығы мол жазушының рухани – қоғамдық – әлеуметтік процестерді терең зерделей білу талантына тікелей тәуелді еді.
Д.Исабеков шығармаларын оқумен қатар көру де керек. Бұл реттегі әңгіме оның драматургиясы туралы.
Жазушы драматург қаламынан оншақты пьеса шықты және олардың барлығы дерлік республика театрлары сахналарында қойылып, табыспен жүрді, ал бірері қазір де театрлар репертуарында бар.
Бірнеше пьесасы кезінде өзге республикаларда қойылды. Театр сүйгіш көрермендер драматург Исабековті біліңкірейтіні, пьесалары бойынша қойылған қандай да спектакльдан ойға қалып, көңіліне бір сәуле түсіп, шыққаны-шығары анық. Өйткені, оның драмаларының да әлеуметтік қуаты жоғары, психологиялық әсері мықты болып келеді. Әлеуметтік қуат дегенде оның өз драмаларында әлеумет өмірінің жанды тұстарын тап басатынын, оның өзінде де небір жанды мәселеде адам тағдырын алдыңғы планға қойып отыратынын айтпақпыз. Исабековтің соңғы жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылған алғашқы «Әпке» (реж. Б.Омаров, 1979 ж.), «Мұрагерлер» (реж. С.Асылханов, 1983 ж.) , сондай-ақ кейініректегі «Ескі үйдегі екі кездесу» (реж. Ә.Рахимов, 1996 ж.) пьесалары репертуарда бірталай уақыт жүрді. Бұл драмаларда көтерілетін көкейкесті проблемалар көзге бірден ұрмайды, шым-шымадан ашылады, оқиғалардың сырт мазмұны емес, ішкі шарығысы да ма...
Жазушы драматург Исабеков дегенде тағы бір анықтама қосылмаса, оның суреткерлік азаматтық болмысы тұтас сандалмайды.
Өзі 50 жасқа келген Д.Исабековтің баспасөзде жариялана бастағанына 40 жыл толыпты. Оның қаламынан осы жылдар аралығында қыруар әңгіме, повесть, пьеса, киносценарий, көкейкесті мақала және «Қарғын» атты ғажап роман туды.
Оның бәрін томдап беру үшін бізге де не 40, не 50 жыл қажет.
Дулатты оқымай мақтай салсаң обал болатын, оқып мақтасаң, сауал болатын айрықша талант. Өйткені оның шығармаларында данышпандарды да ойлантатын ойлылық бар. Оны ойланбай оқу да мүмкін емес. Оның жазушылық құдіреті солай.
Достарыңызбен бөлісу: |