Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау


Тақырып: Субұрқақтар. Мектеп



бет136/144
Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#66184
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144
Байланысты:
ҚМЖ 3 сынып математика

Тақырып: Субұрқақтар.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Қосынды мен көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу ережесін түсіндіру.

Кейбір оқушылар үшін
Қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу ережесін тиімді есептеу үшін қолдану.

Тілдік мақсаттар



Оқушыларға:
Есептеу үшін қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлуді түсіндіру
Пәндік лексика және терминология:
Амалдың қасиеті

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:




Жазу:

Өрнектерді жазу

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеті

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3


Ынталандыру.
Мұғалім өз қалауы бойынша ұйымдастырады.




4–6




Өзектендіру.
Математикалық диктант төмендегі тапсырмалардан тұрады:
• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.
• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.
• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?
• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Ұлы анасынан неше есе кіші?
• Әрқайсысы 3 кг болатын 4 банка бояусатып алдық.
4 кг бояуды қолдандық. Қанша килограмм бояу қалды?
• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.
• Ағасы 12 жаста, ал қарындасы 2 жас кіші. Қарындасы неше жаста?
• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.




7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Сынап көру тәсілі.
(13 + 7) : 2 (40 +16) : 8 (24 + 12) : 6
Қосындыны санға бөлу ережесін білмегендіктен, біз бөлуді әртүрлі тәсілмен шығара алмаймыз.




12–29




Жаңаны қолдану.
Қиындықтан шығу жобасын құрастыру.
Қима қағаз қолдана отырып, ережені жасау.
Талдап Ресурстарту түрінде түрлі түсті фломастерлермен жазу. Тірек-тұсаукесер ретінде қолдануға болады
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Алғашқы бекіту үшін мұғалімнің қадағалауымен есептер орындалады. Сонымен қатар өрнекті шешудің екі тәсілі де жазылады.
(12 + 8) : 2 = 20 : 2 = 10 (12 + 8) : 2 = 12 : 2 + 8 : 2 = 6 + 4 = 10
Өзіндік жұмыс
№3 тапсырманы – өз бетімен үлгі бойынша тексеріп орындауды ұсынады.

Оқулық.
Тұсаукесер



30–40




Жаңаны қолдану.
Бағалау критерийлері бар дәптерде тапсырма бойынша өзін-өзі тексеруді жүргізу.
Мен:

  • Қосындыны санға бөлу қасиетін қолданамын;

  • Қосындыны санға бөлу ережесіне негізделіп, санды біртаңбалы санға бөлу алгоритмін қолданамын.

Оқулық

41–45



Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет