4.1.3.1 – сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мəдениетін сақтап, диалогке қатысу.
(Ұ; МК; Т) Тақырып аясында əңгімелесу.
«Болашақ» сөзінің мағынасын түсіндіру. Жетекші сұрақтар:
Сендер қай жылы мектеп табалдырығын аттадыңдар? Осы уақытқа дейін сендер қандай болдыңдар?
Содан бері қандай өзгерістер болды?
Сендер 8–10 жылдан кейін қанша жаста боласыңдар?
Болашақта сен өзіңді қалай елестетесің?
Болашақта сенің түр-пішінің қалай өзгереді? Сенің үстіңде қандай киім болуы мүмкін?
Сен қандай көлікпен жүресің? Сен тұратын үй қандай болуы мүмкін?
Болашақта кім болуды армандайсың?
Мұғалім бөлімге кіріспе ретінде оқушыларды болашаққа саяхат жасауға шақырады. Оқушыларға уақыт мəшинесімен саяхатқа шығуды ұсынады. Болашақты қалай елестететіндерін жетекші сұрақтар қою арқылы жүзеге асырады.
Мұғалім оқушыларға «болашақ» сөзінің мағынасын анықтатуда «Болашақ» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?», «Болашақ» сөзін мағынасы жақын қандай сөзбен алмастырып айтуға болады?» сұрақтарын қояды, оқушылардың өздігінен жауап беруіне мүмкіндік жасайды.
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» дегенді қалай түсінесің? т.б.
кезеңінің бір бөлігі. Синонимі –
«келешек».
Мұғалім оқушының жеке пікірін тыңдап, олардың қиялы мен қалыптасқан түсініктерін əрі қарай дамытуға ықпал етеді.
Оқушылар өздерінің болашағын көз алдарына елестетіп, мектепті аяқтап, жоғары оқу орындарына түсуін, кейбірі шетелде оқитындарын армандайтынын айтуы ықтимал.
Оқушылар жақсы оқу, талапты болу, үш тілді меңгеру керек деген сияқты өз
(Т) Сызба, кесте, диаграмма т.б арқылы болашақтағы өз туған жерін, елін жарнамалау.
Мұғалім оқушыларға келешегінің кемелді болғанын қаласа, бүгін əрекет жасау керектігін түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың өз ауылын/қаласын жарнамалау үшін бірнеше жұмыс түрін ұйымдастырады:
«Болашақта менің туған жерім/елім қалай өзгереді?» тақырыбында əңгімелесуді ұсыну.
Мұғалім алдын ала тұрғылықты жердегі ауыл/қаланың бірнеше жыл бұрынғы жəне қазіргі кездегі фотосуреттерін ұсыну.
Талқыланған мəселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді жұмыс арқылы өз жұмысын ұсыну. Идеяларын қорғау.
Осындай жұмыс барысында оқушылар өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады.
Ақпаратпен ықыластана жұмыс жасайды. Бірін-бірі ықыласпен тыңдап, сұрақ қояды, тұжырымдайды. Таным əрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Бірін-бірі тыңдау, сөйлеу мəдениеті қалыптасады.
Осы жерде «Галереяны шарлау» əдісін қолдануға болады. Тиімділігі: сараптау, жинақтау, бағалау. Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Сыныптастарын ұсынылған мəселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мəселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды; жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Қолданылуы: Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» – топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды жəне жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді
жəне қорытынды жасайды.
3.3 Оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу.
4.3.3.1* – оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар