1.3 Түрлі жағдаяттарда сөйлеу мəдениетін сақтау.
|
4.1.3.1 – сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мəдениетін сақтап,
диалогке қатысу.
|
(Ұ) Роботтар туралы əңгімелесу:
Робот деген не?
Оны сендер күнделікті өмірде қолданасыңдар ма?
Олар не істей алады?
Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде ойларын қорыта отырып əңгімелеседі.
|
Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай роботтар туралы қызықты мəліметтер оқуды ұйымдастырады.
|
|
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру.
|
4.1.5.1 – аудио- бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру.
|
(Ұ) «Робот техникаларды құрастыру» бейнежазбасын көру.
|
Мұғалім оқушыларға «Робот техникаларды құрастыру» бейнежазбасын көрсете отырып, робот құрастырушы балалардың жұмысына өзіндік
көзқарастарын білдіріп, баға береді.
|
https://www.youtube
.com/watch?v=cvB2 OaN_P0M
|
|
|
(МК; Т) «Шахмат» əдісін қолдану арқылы
«робот» сөзіне анықтама табу.
Робот (чех. robot, robota – еріксіз еңбек, rob – құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында
«жұмысқа шебер адам» мағынасында қолданылды) – антропоморфтық (адам тəрізді) əрекеттер, қимылдар жасайтын мəшине; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.
|
«Шахмат» əдісін қолдану арқылы «робот»
сөзіне анықтама табу.
Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
Робот, құлтемір, мəшине, техника, адам тəрізді құрылғы деген сөздер жазылуы мүмкін. Мұғалім оқушылардың ойларын қолдай келе, өз анықтамасын айтады.
Оқушылар жаңа материалмен таныса, бір- бірімен əңгімелесе отырып, белгілеп алу жүйесімен мəлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
|
https://surak.baribar. kz/357239/
|