Немересі: Əже, əжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жарқылдаған отшашу атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Əжесі:Е-е-е-е, жарығым, бұл – қуаныш. Тəуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Əжетай, Тəуелсіздік деген не?
Əжесі: Тəуелсіздік деген – еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ. Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Əжесі: Əй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем, шуылдап басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Əжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін уқалап тұрады) —
Əже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Əжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тəуелсіздігіңнің мəңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын.
Алақай, сүйінші! Тəуелсіздіктің ақ таңы атып келді!
Тапсырма: Екі шығарманы тыңдай отырып, салыстырыңдар.