Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет263/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Байқоңырым – мақтанышым


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 111-сабақ.

Сын есім


МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.1.1.1 – тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу жəне солардың негізінде мəтіннің мазмұнын айту.

4.4.2.6 – сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау.



САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Сын есімді еске түсіреді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Тыңдаған мəтіннің мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Сын есімді анықтайды.

Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілейді.



ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Сөз таптары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут



  1. минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Оқушылар шеңбер болып тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.


«Аукцион» ойыны. Сөзден сөз жасау.

Оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған ойын. Ойын жүргізуші кез келген сөзді ұсынады. Оқушылар сол сөзден бірнеше сөз құрау керек.

Мысалы, құмырсқа – құм, ақ т.б.


Көңілді əуен қосып қою

Сабақтың ортасы

3 минут



33-жаттығу. (Ө) Мəтінді тыңдау.

Мəтінді тыңдап, негізгі тұстарын анықтайды.

Байқоңыр – халықаралық ғарышайлағы туралы қосымша ақпараттарды қарастырады.

Байқоңыр – Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш зымыраны сəтті ұшырылды. Ол – дүниежүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.

Байқоңыр əлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты жəне көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. «Уикипедия».



Оқулықпен жұмыс

5 минут

(Ө; Ұ) Мəтін мазмұнын айту.

«Автор орындығы» стратегиясы бойынша тірек сөздерді пайдаланып, мəтіннің мазмұнын айтады.




2 минут

34-жаттығу. (Ұ) Мəтінді түсініп оқу.

Мəтінді бірінші толық оқып, содан кейін сын есімдерсіз оқиды. Оқушылар сонда мəтін мазмұнында болған өзгешеліктерді анықтайды.



№4 дəптермен жұмыс

4 минут

(Т) Топпен жұмыс.

Оқушылар топтасып жұмыс жасай отырып, сын есімдердің не үшін қажет екендігін талқылайды.






3 минут

(Ө; Ж) Мəтінді көшіріп жазу.

Мəтінді көшіріп жазып, каллиграфиялық нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіреді.

Сын есімдердің астын сызып, қайсысы негізгі, қайсысы туынды екендігі анықталады.





3 минут

35-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Сын есімге сай келетін затты табу. Берілген сын есімдерге сай келетін затты табу. Өз жауабының дұрыстығын дəлелдеу.




2 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



https://www.youtu

be.com/watch?v= J846twhH8PA

3 минут

36-жаттығу. (Ө; Ж) Жұмбақты жатқа жазу. Шешуі: күн.

Жұмбақты жатқа жазып, шешуін табу.

Сын есімдерді тауып, жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білетінін айту.


№4 дəптермен жұмыс

3 минут

37-жаттығу. (Ө; Қ) Шығармашылық үзіліс.

Ұшақ түрін құрастыру. Кестедегі мəліметтерді пайдаланып,

«Менің ұшағым» тақырыбына мəтін құрастырып көреді.


№4 дəптермен жұмыс

2 минут

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, жұмысқа өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.




Сабақтың соңы

3 минут




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет