(Т; Қ) Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.
Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мəтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
Екінші топ мəтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай, шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-əрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.
|