Өз көзқарасымды білдіремін
Пəн: Қазақ тілі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 4
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
25-сабақ. Сөз тіркесі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
4.3.6.1 – каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар жасай алады:
Сөйлем туралы игерген білімдерін практикалық іс- əрекетте қолдана алады.
|
Оқушылардың көбі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Сөйлемнен сөз тіркесін таба алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Сөйлем туралы игерген білімдерін практикалық іс- əрекетте қолдану;
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасау; Сөйлемнен сөз тіркесін табу.
|
Тілдік мақсат
|
Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;
Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.
|
Құндылықтар
|
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.
|
Пəнаралық байланыстар
|
Əдебиеттік оқу, музыка.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта, компьютер.
|
Бастапқы білім
|
Синтаксис: сөйлем, құрылымы, құрамы, түрлері.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (5 минут)
|
1 минут
|
(Ұ) Психологиялық ахуал.
Оқушылар бір-бірімен кезектесіп тұрып амандасады: Сəлеметсің бе? Қайырлы күн! т.б. Осылайша сəлемдесу аяқталғаннан кейін, төмендегі сөздерді айтады:
Армысың, сұлу күн! Армысың, ашық аспан! Қайырлы күн баршаға!
|
Көңілді əуен қосып қою
|
4 минут
|
(Ұ) Топқа бөліну. «Мозаика» əдісі бойынша суреттер арқылы сыныпты топқа бөлу.
Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралады. Топтың атын қояды.
Топ басшысын сайлайды. Топтың ережесін құрастырады.
ЕРЕЖЕ
Т – талқылаймыз; О – ортақ шешімге келеміз;
П – пікірлесеміз; Т – тыңдаймыз; А – ақылдасамыз.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың ортасы (30 минут)
|
5 минут
|
48-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Сөз бен сөз тіркесін салыстыру.
Сөз бен сөз тіркесін салыстырады. Олардың бір- бірінен қалай ажыратылатынын түсіндіріп, дəлелдейді.
|
Оқулық
|
5 минут
|
49-жаттығу. (Ө; Ж; Қ) Сөз тіркесімен толықтырып жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Əр қатарды осыған ұқсас сөз тіркестерімен толықтырып жазады. Сөз тіркесінің екінші сыңарлары қай сөз таптарынан жасалғанын түсіндіріп, дəлелдейді.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір- бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
|
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
|
5 минут
|
50-жаттығу. (МК; Т; Ұ; Қ) Берілген тапсырма бойынша сызбаға сүйеніп қорытынды жасау.
|
Оқулық
|
4 минут
|
Сызба бойынша сөз тіркестері туралы қорытынды жасап, топта талқылайды.
Жұмыстарын топта жариялайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |