|
3-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар берілген сөйлем үлгісін толықтырып айтады. Берілген үлгі бойынша барыс септігінің жалғауы мен бардым етістігін дұрыс айтып жаттығады.
4-тапсырмада оқушыларды мәтінмен таныстырады. Оқушылар берілген мәтінді аудиодиск арқылы тыңдайды. Мұғалім оқушылардың мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамытуға көңіл бөледі. Содан кейін осы мәтін негізінде оқушыларға өз бетінше мәтін құрай алуды үйретеді.
5-тапсырмада оқушыларды Ғ ғ дыбысы мен оның әрпімен таныстырады, ғ дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады. Ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: ғарышкер, ағаш, тоғыз.
Сондай-ақ оқушыларға ғ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Ғалымжан т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.
«Көп және тез» ойыны бойынша қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді қайталату жұмыстары жүргізіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша
|
3-тапсырмада суреттер бойынша берілген сөйлем үлгісін толықтырып айтады, бардым етістігі мен барыс септігінің жалғауын дұрыс қолдана білуге жаттығады.
4-тапсырмада аудиодиск арқылы мәтін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Өз бетінше мәтін құрауға тырысады.
Ғ ғ дыбысы мен оның әрпімен танысады, ғ дыбысын дұрыс дыбыстауды үйренеді.
Ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша атайды: ғарышкер, ағаш, тоғыз.
Қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді атайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша кім? не? неше? қандай? сұрақтарын
|
Оқушылардың жұмысын бағалауда
|