|
тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суреттерге аударады, сурет бойынша сөздерді айтқызады, содан кейін сөздерді дұрыс жаза алуға дағдыландырады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың сұраққа тірек сурет бойынша жауап бере алу және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтай білу дағдыларын дамытады.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға қайда? немен? сұрақтарын қайталатады. Тапсырмада берілген сұрақтарға үйренген құрылымдық үлгілер бойынша жауап бере алуларына көңіл бөледі.
Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.
|
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар әже, піл, төрт, қара, ағаш сөздерін тірек суреттер бойынша қайталайды, сөздерді жазады.
2-тапсырмадағы «Сен қайда барасың?» деген сұраққа тірек сурет бойынша «Мен тауға барамын» деп жауап береді, жауапты дәптерге жазады.
3-тапсырмада «Сен қайда барасың?», «Сен немен барасың?» деген сұрақтарға жауап береді, жауаптарын сурет салу арқылы көрсетеді.
|
Жұмыс дәптері:
1-тапсырманың дескрипторы:
- әже, піл, төрт, қара, ағаш сөздерін суреті бойынша атайды, - сөздерді жаза алады.
2-тапсырманың дескрипторы: - сұрақты түсінеді, - сұраққа тірек сурет бойынша жауап бере алады. 3-тапсырманың дескрипторы: - сұрақтарды түсінеді, - сұрақтарға мұғалімнің қолдауымен жауап бере алады.
|
№2 жұмыс
дәптері
|