Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет146/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Алмаағашы» әдісі


Сабақтың тақырыбы: Мен тамақ ішемін

Бөлімі: 7

Тағам мен сусын

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен тамақ ішемін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.4.1.1* мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/сөйлемді суретпен толықтырып жазу;
1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: тағам түрлерін атай алады, мұғалімнің көмегімен қандай тамақ жейтінін айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады. Берілген үлгі бойынша Ас болсын! тілегін айта алады.
Кейбір оқушылар: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексереді, амандасады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суреттегі сөйлеу үлгісіне аударады. Ең алдымен жаңа сөздер қатарымен таныстырады.

1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісі бойынша сорпа, ботқа, қияр, қызанақ, нан сөздерімен танысады.
Аталған сөздерді сөйлем ішінде қолдануға жаттығады.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау,

Оқулық
Аудиодиск:
7.4.1




Олар: сорпа, ботқа, қияр, қызанақ, нан, су, шырын, сүт.
Лексикалық қор «Сиқырлы сандық»» әдісі бойынша қайталанады.
Содан кейін үлгіде берілген «Мен тамақ ішемін. Мен ботқа жеймін, сүт ішемін» деген сөйлемнің мағынасы түсіндіріледі. Оқушылар ішемін, жеймін, су, шырын, сүт сөздерінің мағынасын алдыңғы сабақтар бойынша біледі, сондықтан бірден сүт сөзін басқа сөздермен алмастыра қолдануға жаттықтыруға болады. Мысалы: «Мен ботқа жеймін», «Мен су ішемін» т.с.с. Осы тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын
«Ас болсын!», «Рақмет!» деген ілтипат сөздеріне аударады.
«Ас болсын!» тіркесін түсіндіріп, қолдануға үйретеді. Оқушыларға басқа уақытта да, мысалы, асханаға барып, тамақ ішкен кезде де «Ас болсын!» деп айтқызып, жаттықтыру жұмысын ұйымдастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет