Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет148/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Бағдаршам» әдісі


Сабақтың тақырыбы: Мен қасықпен жеймін

Бөлімі: 7

Тағам мен сусын

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен қасықпен жеймін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.4.2.1* оқыған/аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу;
1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымды/болымсыз етістікті қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: немен? сұрағын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тамақты немен жейтінін, ішетінін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, қасықпен, шанышқымен жейтінін айта алады.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша лексикалық қорды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың ортасы

Оқушыларды жаңа сөздер қатарымен таныстырады. 1-тапсырманы орындамас бұрын қасық, шанышқы сөздерін зат, сурет арқылы көрсетіп, бірнеше рет қайталатып, дұрыс айтылуына мән береді. Сөздермен жұмыс «Мені түсін» ойыны бойынша бекітіледі.

1-тапсырмада алдымен жаңа сөздерді үйренеді, қасық, шанышқы сөздерін зат, сурет арқылы көріп, дұрыс айтуға тырысады.
Есте сақтау үшін сөздерді бірнеше рет тыңдайды, қайталайды.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск:
7.5.1; 7.5.4




Мұғалім оқушыларға 1-тапсырмадағы







сурет бойынша «Алмабек, ботқаны қасықпен же!» деген сөйлем үлгісін түсіндіреді. Осыған дейін үйренген ботқа, жеймін сөздері қайталанады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар немен? сұрағымен танысады, бұл сұраққа қалай жауап беруді үйренеді (немен? қасықпен). Мұғалім оқушылардың назарын етістіктің бұйрық райына аударады.
Мысалы:
Ботқаны қасықпен же!
Сорпаны қасықпен іш!
2-тапсырмада оқушылардың мәтінді толықтырып оқу дағдылары жаттықтырылады. Алдымен ішемін, жеймін сөздерін естеріне түсіріп, қайталатады. Содан соң оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Жұптық тапсырма ретінде орындатып, бір-бірін тексертуге болады. Соңында мұғалім дұрыс жауапты тақтадан көрсетіп, оқушылар өз жауаптарын тағы бір рет тексереді. Мысалы:
Мынау – ботқа. Мен ботқа жеймін.
Мен ботқаны қасықпен жеймін.
Мынау – сорпа. Мен сорпа ішемін.
Мен сорпаны қасықпен ішемін.
3-тапсырмада оқушылардың назарын суретке аударады, сурет арқылы сөздерді қайталатады. Оқушылар қасық, шанышқы сөздерін қайталайды, жазылуы мен айтылуына мән береді.

«Алмабек, ботқаны қасықпен же!» деген сөйлем үлгісімен танысады, мұғалімнің түсіндіруімен есте сақтайды.
«Есте сақта!» айдарында немен? сұрағын және оған қалай жауап беруді үйренеді (қасықпен, шанышқымен). Сондай-ақ етістіктің бұйрық райын (қасықпен же) да қайталайды.
2-тапсырмада өткен сөздерді қайталайды, мәтінді толықтырып оқиды.
Бір-бірімен байланысты үш сөйлем айтып жаттығады.
3-тапсырмада қасық, шанышқы сөздерін қайталайды, жазылуы мен айтылуына назар аударады.
Ол үшін әріптерден сөз құрап, түсіп қалған әріптерді тауып ойнайды.






Содан соң топта сөйлемдерді хормен айтқызады:
Мен қасықпен жеймін.
Мен шанышқымен жеймін.
Бұл сөйлемдерді алдымен мұғалім оқып береді, оқушылар тыңдайды, қайталайды, содан соң өз бетінше оқу жұмыстары жүргізіледі.
4-тапсырмада тыңдалым әрекетіне көңіл бөлінеді. Алдымен оқушылар мәтінді аудиодискіден тыңдап, түсінуге тырысады. Содан соң мәтінді оқи отырып, тағы бір рет тыңдайды. Соңында сұрақтарды оқып, жауап береді. Осы тапсырмада мұғалім оқушыларды үшінші жақта сұрақ қойып, жауап бере алуға жаттықтырады.
Сұрақтар:

  1. Ол не істейді? Ол тамақ ішеді.

  2. Ол не алады?

Ол сорпа, салат алады.

  1. Ол сорпаны немен ішеді? Ол сорпаны қасықпен ішеді.

  2. Ол салатты немен жейді?

Ол салатты шанышқымен жейді. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада қасық, шанышқы сөздерін өз бетінше оқу, жазу арқылы

Қасық, шанышқы сөйлем үлгілерін алуға жаттығады.
Мысалы:
Мен қасықпен жеймін.
Мен шанышқымен жеймін.
4-тапсырмада тыңдайды, оқи сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жасайды.
1-тапсырмада

сөздеріне өз
мәтінді
ды. Мәтін
сергіту
қасық,
сөздерін оқиды және көркем жазады.

қатысты бетінше айта аудиодискіден бойынша жаттығуын
шанышқы

Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет