Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет147/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға ішемін, жеймін сөздерінің айырмашылығы түсіндіреді, оларды орынды қолдануға жаттықтырады. Алдымен жалпы тамақ ішемін тіркесі жаттықтырылады:
Мен тамақ ішемін.
Сен тамақ ішесің.
Сіз тамақ ішесіз.

Мысалы:
Мен тамақ ішемін.
Мен ботқа жеймін.
Мен сүт ішемін.
Осы тапсырма арқылы
«Ас болсын!», «Рақмет!» ілтипат сөздерінің қолданысын жаттықтырады.
«Есте сақта!» айдарында ішемін, жеймін сөздерінің мағынасын айыра алуды үйренеді, сөйлем ішінде қолдануға жаттығады.

қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысын бағалауда
«Табыс ағашы» әдісі қолданылады.





Ол тамақ ішеді.
Содан соң жеу, ішу сөздерінің сөйлемдегі қолданысы жаттықтырылады. Мысалы:
Мен ботқа жеймін. Мен сорпа ішемін.







2-тапсырма бойынша оқушылармен «Сен тамақ ішесің бе?» сұрағы жеке, топта, жұпта бірнеше рет қайталанады, жауап беру үлгілері арқылы сұрақты түсініп, жауап беру дағдылары қалыптастырылады.
3-тапсырмада оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға және сәйкестендіру арқылы дұрыс жауапты таба алуына көңіл бөлінеді. Бұл тапсырманы алдымен оқушыларға жеке орындатып, содан соң тексеруге болады. Оған қоса жұппен жұмыс ұйымдастыруға болады: бір оқушы сұрақ қояды, екіншісі жауабын оқиды.
Оқушылардың сұрақ-жауаптары:

  • Сен не істейсің?

  • Мен тамақ ішемін.

  • Сен не ішесің?

  • Мен су ішемін.

  • Сен не жейсің?

  • Мен қияр жеймін.

4-тапсырма берілген сұрақтарға жауап беруге бағытталған және осыған дейін өткен лексикалық қор қайталанады. Оқушылар суретке қарап, сөздерді естеріне түсіреді, «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді. «Сен не жейсің?», «Сен не ішесің?»

2-тапсырмада «Сен тамақ ішесің бе?» сұрағына жауап береді.
Сұрақты өз бетінше қойып, басқа оқушының жауабын түсінуге дағдыланады.
3-тапсырмада сұрақ пен жауапты сәйкестендіреді.
Жұпта асықпай, бір-бірін тыңдап, күтіп жұмыс істеуге, өз қалауымен жауап беруге дағдыланады.
4-тапсырмада алдыңғы сабақтарда өткен сөздерді қайталайды.
Сен не жейсің?
Сен не ішесің?
сұрақтарын әр оқушыға еркін қойып жаттығады. Алдымен суреттің көмегімен, кейіннен өз бетінше






сұрақтарын қоюға жаттығады, алдыңғы сабақтарда өткен сөздерді естеріне түсіріп, сөйлесу барысында қолданады. Мысалы:

  • Сен не жейсің?

  • Мен алма жеймін.

  • Сен не ішесің?

  • Мен шырын ішемін.

5-тапсырмада оқушылардың толықтырып оқу, үлгі бойынша сөйлесу дағдылары жетілдіріледі. Мұғалім жұптық жұмыс ұйымдастыра алады. Бұл тапсырмада бірінші баланың сұрағына (Сен не жейсің? Сен не ішесің?) екінші оқушы өз қалауы бойынша жауап бере алады. Сонда бұл шынайы өмірлік жағдаятқа жақын болады. Сондай-ақ «Ас болсын!» тіркесін де қолдануға жаттығады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада қияр, қызанақ, сорпа сөздерін өз бетінше жазу арқылы мұғалім оқушылардың қаламды дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада толықтырып жазу дағдыларын жетілдіруіне көңіл бөлінеді. Мұғалім алдымен «Сен

сұрақтар қойып, жауап беруге тырысады.
5-тапсырмада толықтырып оқиды, үлгі бойынша сөйлеседі.
Осыған дейін үйренген сөздер мен сөз тіркестерін қайталайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада қияр, қызанақ, сорпа сөздерін оқиды және өз бетінше көркем жазады.
2-тапсырмада «Сен тамақ ішесің бе?»

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№2 жұмыс
дәптері




тамақ ішесің бе? сұрағын еске түсіреді. Оқушылар хормен, жеке айтады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударылады. Сонан кейін жазу дәптеріне толықтырып жазу жұмысы жүргізіледі.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға тағамдар мен сусындарды қайталатады. «Сен не жейсің?», «Сен не ішесің?» сұрақтарын қойып, суреттердің қасына белгі қойғызады. Оқушылар өздерінің жейтін, ішетін тағамдарын таңдайды.
4-тапсырмада тыңдалым дағдысына назар аударылады.
Тыңдалым мәтіні:
Мен жүзім жеймін.
Мен алма жеймін.
Тыңдалымды екі рет тыңдайды, сөйлемді түсінеді, сурет салады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

сұрағын түсінеді, өз қалауымен жауап береді.
Оқушылардың жауаптары:
Иә, мен тамақ ішемін.
Жоқ, мен тамақ ішпеймін.
3-тапсырмада «Сен не жейсің?», «Сен не ішесің?» сұрақтарын түсінеді.
Сұраққа жауап береді.
Өз қалауы бойынша тағамдар мен сусындарды таңдап, белгі қояды.
4-тапсырмада оқушылар тыңдау арқылы сурет салады.
Тыңдаған сөйлемдерді түсінеді, орынды қолданады.
Тыңдағанына сәйкес сурет салады, бояйды.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




Аудиодиск
Дәптер 7.4.4
Қосымша
тапсырма: 7.4

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет