1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау;
1.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікір білдіру;
1.3.5.1 иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:жеміс түрлерін атай алады, өзінің не жейтін/жемейтінін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, сыныптағы оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қоя алады.
Берілген үлгі бойынша етістіктерді болымды/болымсыз түрде айта алады.
Кейбір оқушылар:жеміс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.