1.2.2.1* сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем);
1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу;
1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымды/болымсыз етістікті қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:спортзалда не істейтінін айта алады, сұрақ қою және сұраққа жауап беру үлгілерін қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолданып, өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:спортпен айналысудың денсаулыққа пайдалы екенін айта алады, өздерінің қандай спорт үйірмелеріне баратынымен бөлісе алады.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Осы үлгілер арқылы оқушыларды спортзалдағы ісәрекетпен таныстырады:
Мен жаттығу жасаймын. Мен жүгіремін. Мен доп ойнаймын. Осы сөйлемдерді хормен, топпен айтқызып жаттықтырады. Сондай-ақ етістіктерді қимылмен көрсету арқылы да жаттықтырады.
«Есте сақта!» айдары бойынша
1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін тыңдайды, қайталайды, оқиды, қимылмен көрсету арқылы жаңа үлгілерді есте сақтайды.
«Есте сақта!» айдарында оқушылар
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
8.6.1; 8.6.4
оқушылардың назарын етістіктердің өткен шағына аударады, қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырмада оқушылардың сұраққа тірек суреттер бойынша жауап бере алу дағдыларына көңіл бөледі. Тапсырма арқылы жасау, жүгіру, ойнау етістіктері «Сиқырлы сандық» әдісі бойынша жаттықтырылады. 3-тапсырмада оқушылардың назарын етістіктердің болымды, болымсыз түріне аударады. Тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылардың қалауы бойынша толықтырып айту арқылы өз пікірлерін білдіруге үйретеді.
4-тапсырмада оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Сен қайда барасың? Сен спортзалда не істейсің?) жауап бере алу, өз бетінше сұрақ қоя алу, берілген сөздерді орынды қолдана алу арқылы диалогті түрлендіру. Сонымен қатар оқушылар бұл тапсырманы алдыңғы сабақтарда өткен сұрақ түрлерімен толықтыра алады (амандасады, атын, жасын сұрайды, т.с.с.).
Бұл тапсырманы «Өз жұбыңды тап» ойынымен түрлендіруге болады. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада жүгіремін, доп
жасау, жүгіру, ойнау етістіктерін үш жақта айтады.
2-тапсырмадағы «Сен не істейсің?» сұрағына тапсырмадағы суреттер негізінде жауап береді.
3-тапсырмада берілген сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы етістіктердің болымды/болымсыз түрін қайталайды.
4-тапсырмада диалогпен танысады. Диалогті аудиодискіден тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
Сен қайда барасың?
Сен спортзалда не істейсің?
Екінші сұраққа сабақта үйренген сөздік қор негізінде өз қалауы бойынша жауап береді.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада тазалаймын,