Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет31/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға отыр, тұр сөздерінің жекеше түрде жіктелуін түсіндіреді. Оқушылардың аталған сөздерге жіктік жалғауын дыбыс үндестігі бойынша дұрыс жалғауларына назар аударады. 3-тапсырмада отыр, тұр сөздерін жаттықтыруға көңіл бөледі. Тапсырма «Мұқият тыңда» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Мұғалім оқушыларға ойын шартын түсіндіреді. Ойынның мақсаты: оқушыларды отыр, тұр сөздерін 1-жақ пен 3-жақта қолдана алуға жаттықтыру.
Ортаға шыққан екі оқушы мұғалімнің «Неше оқушы отыр?», «Неше оқушы тұр?» деген сұрақтарына жауап беру үшін сыныптағы балалардың жауабын тыңдау керек болады. Сөйтіп жауапты айтқаннан кейін оқушыларға бұрылып,

Тірек суреттер бойынша «Бұл кім?» деген сұраққа жауап береді.
Ата, әже, мұғалім, оқушы сөздерін қайталайды.
Оқушылар естіген сөздерін қайталау, өзі бір сөзді қосып айту арқылы жаңа сөздерді есте сақтайды.
Мұғалімнің «Кім отыр?», «Кім тұр?» сұрақтарына 2-тапсырмадағы суреттер бойынша «Ата отыр», «Әже отыр», «Оқушы тұр», «Мұғалім тұр» деп жауап береді.
Мұғалімнің көмегімен отыр, тұр сөздерін жіктік жалғауымен айтады:
Мен отырмын/тұрмын.
Сен отырсың/тұрсың.
Ол отыр/тұр.
Ойын шарты бойынша ортаға екі оқушы шығады. Олар теріс қарап тұрады. Сыныптағы басқа оқушылар өздерінің қалауы бойынша орындарынан тұрады немесе отырады. Содан кейін әрқайсысы өзінің тұрғанын (Мен тұрмын) немесе отырғанын (Мен отырмын) дауыстап айтады. Теріс қарап тұрған оқушылар сыныптағы оқушылардың жауабын тыңдап, біреуі нешеуінің тұрғанын, екіншісі нешеуінің отырғанын айтады. Ортадағы екі оқушының мақсаты: оқушылардың жауабын тыңдау

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі
беру» әдісі бойынша бағаланады.

Оқулық
Ата, әже, мұғалім,
оқушының суреттері




өз жауаптарын тексере алады.
Ойын арқылы мұғалім оқушыларды отыр, тұр сөздерін 1-жақ пен 3-жақта қолдана алуға жаттықтырады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген көлбеу сызықтарды бастыру, аяқтап сызу арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру, сызу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырма бойынша отыр, тұр сөздері жаттықтырылады.
Тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар «Кім отыр?» деген сұраққа жауап беріп, өз жауаптарын белгі қою арқылы көрсетеді.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (1.7.3).
Мұнда оқушылар тыңдаған ақпаратты түсінуі, түсінгенін белгілеу арқылы көрсете білуі қажет. Оқушылар аудиодискіден тақырып бойынша мынадай ақпаратты тыңдайды:
Нөмір бір – әже.
Нөмір екі – оқушы.
Нөмір үш – ата.
Нөмір төрт – мұғалім.
Дәптердегі тапсырмаларды орындату

арқылы түсіну, 1-жақтағы форманы 3-жақта айта алу.
Мысалы:
Бес оқушы отыр.
Төрт оқушы тұр.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады, өз бетінше сызады.
2-тапсырмада оқушылар «Кім отыр?» сұрағына сурет бойынша жауап береді.
Тапсырмадағы Алмабек пен мұғалімнің суретінің қасына сұраққа сәйкес белгі () қояды.
3-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша ақпаратты тыңдайды. Ақпаратты дұрыс түсінгенін дәптердегі арнайы орынға суреттің нөмірін жазу арқылы көрсетеді.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 1.7.3




арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.
Оқушыларға электрондық қосымшада









берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




Қосымша
тапсырма: 1.7.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет