Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет36/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Қызықты суреттер» әдісі бойынша сол суреттермен оқушылар арасында топтық жұмыс жүргізеді.
3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Мұғалім тапсырмада берілген диалог арқылы сұрақ үлгілерін («Мынау не?», «Мектеп қандай?», «Сынып қандай?») қайталатады.
Оқушылардың сұрақтарға жауап беру дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша

Сынып, мектеп сөздерімен танысады, жаңа сөздерді және сөйлеу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Сұрақ-жауап үлгілеріне бір-біріне сұрақ қою арқылы жаттығады.
Әдемі сөзімен танысады, жаңа сөзді тыңдайды, қайталайды. Сөйлем ішінде қолдану үлгісімен танысады.
2-тапсырмада суреттердің көмегімен мектептерді салыстырады, үлкен, кішкентай сөздерімен танысады. «Мектеп қандай?» деген сұраққа жауап береді.
Сондай-ақ оқушылар үлкен, кішкентай сөздерін топ ішінде суреттер бойынша жаттықтырады.
Суреттердегі заттардың қандай екенін айтады. Мысалы: текше үлкен.
3-тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, соның негізінде бір-бірімен сөйлеседі.
Мектеп, сынып сөздерін тәуелдік

Мұғалім оқушылардың жұмыс істеу нәтижесіне қарай мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдау көрсетеді.

Оқулық
Аудиодиск:
2.1.1; 2.1.3;
2.1.4




мұғалім оқушыларға
«Менің мектебім (сыныбым)»,
«Сенің мектебің (сыныбың)» деген үлгілер арқылы тәуелдік
жалғауының жекеше түрін (1-жақ, 2-жақ) түсіндіреді.
4-тапсырмада оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі.
Тапсырма «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша жаттықтырылады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру, өз бетінше аяқтап сызу тапсырмалары арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, таза, ұқыпты жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (2.1.2).
Мұнда оқушылар аудиодискіден ақпаратты тыңдап, сол ақпаратқа сәйкес келетін жауаптың қасына белгі () қояды. Тыңдалым:
Мынау – мектеп.
Мынау – сынып.
3-тапсырмада «Сенің мектебің қандай?» деген сұраққа жауап беріп,

жалғауымен қолдануға жаттығады.
4-тапсырмада оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады, берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
«Сенің мектебің қандай?» деген сұраққа:
«Менің мектебім үлкен, әдемі» деп жауап береді.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар сызықтарды ұқыпты бастыруға, тапсырманы таза орындауға көңіл бөледі.
2-тапсырмада аудиодискіден тыңдаған ақпаратты түсінгенін тапсырмада берілген мектеп пен сыныптың суретінің қасына шартты белгі () қою арқылы көрсетеді.
3-тапсырмада оқушылар өзінің мектебі қандай екенін «Сенің мектебің

Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет