Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет38/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

Барлық оқушылар: сыныбының қандай екенін айта алады, мұғалімнің көмегімен сыныптағы заттарды атай алады және олардың санын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: сандарды сыныптағы зат атауларымен байланыстыра қолдана алады, сыныпты сипаттай алады.
Кейбір оқушылар: сыныптағы басқа да заттарды атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен (Сыныпта не бар?) және оның жауабымен (Сыныпта тақта бар) таныстырады. Осы диалог негізінде тақта сөзінің орнына терезе, парта, есік, орындық, үстел сөздерін қолдануға жаттықтырады. Сөздермен жұмыс «Шеңбер» ойыны бойынша жүргізіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларды бар, жоқ сөздерін орынды қолдануға, сыныпта не бар екені айта алуға үйретеді.
«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша
2-тапсырмада оқушыларға «Сыныпта неше тақта бар?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың шынайы жауап беруіне мән береді.
3-тапсырма арқылы оқушыларды диалогпен таныстырады. Оқушыларға сөйлесу үлгісінде кездесетін сұрақтарды қою арқылы олардың

Тақта, терезе, парта, есік, орындық, үстел сөздерімен танысады, аталған сөздерді және тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін аудиодиск арқылы тыңдайды, қайталайды.
Ойында бір оқушы алғашқы сөзді атайды, екінші оқушы сол сөзді қайталап, өзінің бір сөзін қосады. Үшінші оқушы екі сөзді қайталап, тағы бір сөзді қосады.
«Сыныпта не бар?» деген сұраққа берілген үлгі бойынша жауап береді.
«Сыныпта неше тақта бар?» деген сұраққа шынайы жауап береді.
3-тапсырмадағы диалогті аудиодискіден тыңдайды, мұғалімнің

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск:
2.1.1; 2.1.3;
2.1.4




қаншалықты түсінгендерін байқайды. Оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасуына көңіл бөледі: мұғалімнің Сынып қандай? Сыныпта нелер бар? сұрақтарына жауап беріп, мұғалімнің көмегімен өзі сұрақ қойып, жауап бере алады.
Сұрақтармен жұмыс «Доп лақтыру» ойыны бойынша жүргізіледі.
4-тапсырмада оқушылар диалогті тыңдатып, үлгі бойынша сөйлесуге дағдыландырады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмадағы бастыру және сызуға арналған тапсырма оқушылардың қаламды дұрыс ұстай алу, ұқыпты әрі таза жазу дағдыларының негізін қалыптастыруға көмек болады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, тапсырмада қандай суреттер берілгенін айтқызады. Суретті сұлбасымен сәйкестендіру тапсырмасын орындатқызады. Содан кейін оқушылар осы тірек суреттер бойынша «Сыныпта не бар?» деген сұраққа жауап береді.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (2.1.2).
Мұнда оқушылар аудиодискіден

сұрақтарына жауап береді, үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Үлгі бойынша сөйлеседі.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар сызықтарды ұқыпты бастырады, тапсырманы таза орындауға тырысады.
2-тапсырмада оқушылар суретті сұлбасымен сәйкестендіріп,
«Сыныпта не бар?» деген сұраққа жауап береді.
3-тапсырмада аудиодискіден тыңдаған ақпаратты түсінгенін тапсырмада

Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау»
әдісі
бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 2.2.3




ақпаратты тыңдайды:

  1. Мынау – тақта.

  2. Мынау – терезе.

  3. Мынау – орындық.

Осы ақпаратты дұрыс түсінгенін тапсырмадағы суреттің қасына белгі қою арқылы білдіреді.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

берілген тақта, терезе, орындықтың қасына шартты белгі () қою арқылы көрсетеді.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді.




Қосымша
тапсырма: 2.2

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет