Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет44/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Табыс ағашы»
әдісі


Сабақтың тақырыбы: Бірінші сабақ

Бөлімі: 2

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бірінші сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: тірек суреттер бойынша үш сабақты (қазақ тілі, орыс тілі, математика) атай алады, мұғалімнің көмегімен берілген үлгі бойынша сөйлесе алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша сөйлесу үлгісіне қатыса алады. Кейбір оқушылар: өзге де сабақтарды атай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаятта қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Жаңа сөздерді аудиодиск арқылы тыңдатады, қайталатады.
1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісі бойынша оқушылар «Бүгін бірінші сабақ – қазақ тілі» деген сөйлем үлгісімен танысады.
«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға реттік сан есімнің жасалуын түсіндіреді (құрылым түрінде). Оқушыларды 1-ден 5-ке дейінгі реттік сан есімдермен таныстырады. Жаңа форманы хормен, жеке-жеке қайталату жұмыстары жүргізіледі.
2-тапсырмада берілген суреттер

Жаңа сөздермен танысады,
1-тапсырмадағы сөйлем үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша 5-ке дейінгі реттік сан есімдердің жасалуымен танысады.
Жаңа форманы тыңдау, қайталау арқылы есте сақтауға тырысады.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск:
2.5.1; 2.5.2;
2.5.4




бойынша оқушыларды тағы екі сабақ атауымен таныстырады. Олар: орыс тілі мен математика сабағы.
3-тапсырмадағы сұрақ бойынша сабақ атаулары мен реттік сан есімдер қайталанады. Сұраққа жауап беру кезінде оқушылар қазақ тілі сабағының нешінші сабақ екенін шынайы түрде айта алады.
Мысалы: Бүгін қазақ тілі – үшінші сабақ.
Орыс тілі, математика сабақтары туралы да өз жауаптарын айта алады. 4-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісімен таныстырады. Сөйлесу үлгісінде амандасу, танысу үлгілері қайталанады, тақырыпқа қатысты сұрақ қою үлгісі жаттықтырылады (Бүгін екінші сабақ қай сабақ?). Тапсырмада сабақ атаулары мен реттік сан есімге көңіл бөлінеді.
Жұптық жұмыс «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру, өз бетінше сызу арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.

2-тапсырмада берілген суреттер бойынша қазақ тілі сабағы тіркесін қайталайды, орыс тілі сабағы, математика сабағы тіркестерімен танысады, қайталау арқылы есте сақтауға тырысады.
3-тапсырмада «Бүгін қазақ тілі нешінші сабақ?» деген сұраққа жауап береді.
Сұраққа жауап беру арқылы реттік сан есімдер қайталаныды.
4-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін тыңдайды.
Содан кейін үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада берілген сызықтарды ұқыпты, таза бастырады, өз бетінше жалғастырып сызады.

Оқушылардың жұмысы «Жұптық сұрақжауап» әдісі бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері




2-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша оқушыларға «Бұл қай сабақ?» деген сұрақты қояды. Мұнда оқушылардың тірек сурет арқылы сұраққа жауап бере алу дағларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға түстерді қайталатады. Тапсырмада берілген цифрларды арнайы берілген түске бояту жұмыстары арқылы сандар және түстер қайталанады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

2-тапсырмада оқушылар тірек сурет бойынша «Бұл қай сабақ?» деген сұраққа «Бұл – математика сабағы» деп жауап береді.
3-тапсырмада берілген цифрларды оқушылар қызыл, сары, көк, қара, жасыл түске бояу арқылы сандар мен түстерді қайталайды.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді.




Қосымша
тапсырма: 2.5

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет