1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар
(кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру;
1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:басқа біреудің қайда баратынын/бармайтынын айта алады, ә әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:мұғалімнің көмегімен бару етістігін үш жақта (барамын – барасың – барады) қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады, ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.