Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Балалардың (Арай, Әділ, Арман) сөзі арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды. Сөздермен жұмыс «Қайталай ғой» ойыны бойынша жүргізіледі.
1-тапсырмадағы сөйлесу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Үй, саябақ, дүкен сөздерінің мағынасын түсінеді.
Үй – үйге, дүкен – дүкенге деп айта алуға жаттығады.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап
Оқулық
Аудиодиск:
5.2.1; 5.2.3
Оқушыларға дүкен сөзінің мағынасын түсіндіреді. Оқушылар өткен сабақ бойынша саябақ сөзінің саябаққа деген үлгіде қолданылуын біледі, сондықтан сол үлгі бойынша үй, дүкен сөздерінің де өзгеруі түсіндіріледі. Мысалы: үй – үйге, дүкен – дүкенге. Оқушылардың мына сөйлемдерді түсінгеніне назар аудару керек:
Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын. Мен саябаққа барамын. Мен үйге барамын. Мен дүкенге барамын. Мұғалімнің суреттер жиынтығында осы 5 сурет (мектеп, тау, саябақ, үй, дүкен) міндетті түрде болуы керек. Өткен материалды әр сабақ сайын қайталатып отырған жағдайда ғана оқушылар оқу материалын толық меңгеріп шыға алады.