«Есте сақта!» айдарыбойынша оқушыларға барады етістігінің болымсыз түрін түсіндіреді:
Ол барады. Ол бармайды. 4-тапсырмада оқушыларды шартты
2-тапсырмада «Ол қайда барады?» деген сұраққа жауап беру арқылы барыс септігі жалғауының қолданысын қайталайды, берілген сөйлемдерді толықтырып айтады.
1-тапсырмадағы оқушылардың жауабын 3-жақта айта алуға жаттығады.
3-тапсырманы топта орындайды: бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды.
Мысалы:
1-оқушы:
Сен қайда барасың?
2-оқушы:
Мен үйге барамын.
Мұғалім:
Ол қайда барады? (екінші оқушы туралы сұрап тұр) 3-оқушы:
Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі беру» әдісі бойынша бағаланады.
белгілер ( – барады, – бармайды) бойынша жұмыс істеуге үйретеді. Тапсырмада берілген сөйлемдерді шартты белгілер бойынша толықтырып айтуға жаттықтырады. Тапсырмада берілген сұрақ бойынша оқушылардан достары қайда баратынын сұрайды. Оқушылардың берілген үлгі бойынша сұраққа дұрыс жауап бере алуларын қадағалайды.
5-тапсырмада оқушыларды Ә ә дыбысы және оның әрпімен таныстырады, ә дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады. Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: әже, әке, әріп. Сондай-ақ оқушыларға ә дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Әсет т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.