1.2.2.1* сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем);
1.4.1.1* мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/сөйлемді суретпен толықтырып жазу;
1.5.1.4 сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:көлік түрлерін атай алады, мұғалімнің көмегімен өзінің қайда және кіммен баратынын айта алады, ө әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ө дыбысы кездесетін сөздер
қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:тақырып бойынша белсенді сөздік қорды еркін қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады, ө дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар: өздерінің қандай көлікпен саяхаттайтыны туралы еркін айта алады, ө дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.