1.1.1.1* хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану);
1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен қ дыбысын артикуляциялау;
1.3.5.1 иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:демалыста тауға баратынын және онда не істейтіні туралы (шаңғы тебемін) айта алады, қ әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атайды. Оқушылардың басым бөлігі:тақырып көлемінде демалыс күні не істейтіндері туралы ақпарат бере алады, қ дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар: қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.