1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен заттың іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:өзінің не істейтінін (істемейтінін) айта алады (доп ойнайтынын және сурет салатынын) және өзімен қатарлас баладан не істейтінін сұрай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Сен не істейсің? деген сұрақты қоя алады және осы сұраққа өткен материал деңгейінде жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:өзінің не істейтіні туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Оқушыларды сөйлесу үлгісі арқылы «Сен аулада не істейсің?» деген сұрақ үлгісімен және «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» деген жауап үлгісімен таныстырады. Оқушылардың бұл сөйлемдерді осындай құрылымдық үлгіде есте сақтауларына назар аударады.
2-тапсырмада оқушыларға «Сен аулада не істейсің?» деген сұраққа жауап болатын «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» сөйлемдерін бояу, қарындаштар мен доптың суретімен байланыстыра қайталатады. Осы сөйлемдерді тірек заттар немесе тірек сурет бойынша есте сақтауларына көңіл бөледі.
Оқушыларға осы тірек заттарды беріп, не істейіндерін сұрайды. Содан кейін оқушыларды осы етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады.
3-тапсырмада жұптық жұмыс
1-тапсырмадағы сөйлесу үлгісін тыңдайды, қайталайды.
«Сен аулада не істейсің?» деген сұрақпен және жауап үлгілерімен танысады.
Олар:
Мен сурет саламын. Мен доп ойнаймын. 2-тапсырмада тірек суреттер, заттар бойынша 1-тапсырмада үйренген екі сөйлемді қайталайды.
Содан кейін сурет салу, доп ойнау етістіктерінің болымсыз түрімен танысады.
Сурет саламын – сурет салмаймын, доп ойнаймын – доп ойнамаймын деген құрылымды үйренеді.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
3.5.1; 3.5.2;
3.5.3
Қажетті заттар: доп, түрлі түсті
қарындаштар,
(сурет дәптері)
жүргізеді. Ең алдымен оқушыларды
тапсырмада берілген диалогпен таныстырады. Диалогті үш бөлік бойынша түсіндіреді:
амандасу
халін сұрау
аулада не істейтінін сұрау.
Оқушылардың сұрақ қоя алу дағдыларын қалыптастыруға көбірек көңіл бөледі. Содан кейін тапсырмада берілген үлгі бойынша жұптық жұмыс жүргізеді. Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады. 4-тапсырмада оқушылардың сұраққа жауап бере алу дағдыларын жетілдіреді. Оқушыларға тапсырмадағы сұраққа өз қалауы бойынша жауап бере алатындарын түсіндіреді. Бұл сұрақты мұғалім оқушыларға немесе оқушылар бірбіріне қоя алады. Жауап үлгілерін жаттықтыру үшін мұғалім үстелдің үстіне доп пен түрлі түсті қарындаштар (сурет дәптерін) қояды. Содан кейін бір оқушы шығып, өз қалауы бойынша бір затты таңдап алады. Сол бойынша өзінің не істейтін/істемейтінін айтады.
Мысалы:
Мен сурет саламын. Мен доп ойнамаймын.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
3-тапсырмада берілген сөйлем үлгісімен танысады.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып, өзара телефонмен сөйлесу үлгісін жүзеге асырады.
Берілген үлгі бойынша өздерінің не істейтіндері туралы сөйлеседі.
Үлгі:
Сәлем, Айбек! – Сәлем, Асқар!
Халің қалай?
Жақсы, рақмет! Сенің халің қалай?
Жақсы! Сен аулада не істейсің?
Мен доп ойнаймын. Сен не істейсің?
Мен сурет саламын.
4-тапсырмада берілген сұраққа жауап бермес бұрын оқушылар тірек заттар бойынша жауап үлгілерін айтып жаттығады.
Содан кейін үйренген үлгілер негізінде осы тапсырмадағы сұраққа өз қалауы бойынша жауап бере алады. Мысалы:
Сәлем! Менің халім жақсы. Мен аулада доп ойнаймын. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылардың жұмысы «Смайл» әдісібойынша бағаланады.
Оқушылардың
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада оқушылармен түстерді қайталау жұмыстары жүргізіледі.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың сұраққа тірек суреттер бойынша жауап бере алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
Оқушылар өз жауаптарын шартты белгі () қою арқылы білдіреді.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (3.5.3).
Оқушылар аудиодискіден ақпаратты тыңдап, тыңдаған ақпаратты түсінгенін суретін салу арқылы көрсетеді. Тыңдайтын ақпарат:
Үш қызыл доп. Бес көк доп. Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада
берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар түстерді қайталайды, суретті аяқтап, бояйды.
2-тапсырмада оқушылар «Сен не істейсің?» деген сұраққа екі жауаптың бірін таңдау арқылы жауап береді.
Өз жауабын белгілейді.
3-тапсырмада оқушылар аудиодиск арқылы тыңдаған ақпараттың суретін салады.
Оқушылар үш қызыл доптың және бес көк доптың суретін салады.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 3.5.3
Қосымша
тапсырма: 3.5
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.