Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет66/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Оқушылар берілген сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің достары туралы ақпарат алады: олардың аты, олардың не істейтіні туралы. Оқушылар Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын, Айбектің футбол ойнайтынын, ал Арманның велосипед

1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісін аудиодиск арқылы тыңдайды, қайталайды.
Дос сөзінің көпше түрін үйренеді. Сурет салу, ойнауға қатысты етістіктерді еске түсіреді, велосипед тебу тіркесін үйренді.
Аталған етістіктердің 3-жақта қолдану үлгісін қайталау арқылы есте

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск:
3.6.1; 3.6.4




тебетінін біледі.
Мұнда мұғалім оқушылардың назарын
дос сөзінің көпше түрде қолданылуына аударады (көп дос – достар), велосипед тебеді тіркесінің мағынасын түсіндіреді. Сондай-ақ салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіреді. Мысалы:
Мен сурет саламын.
Ол сурет салады.
2-тапсырмада оқушыларға кесте бойынша етістіктердің 3-жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді. Сондай-ақ оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркестегі велосипед сөзін коньки, шаңғы, ролик, скейтборд сөздерімен алмастырып қолдануға болатынына да аударады. Себебі қазір балалардың көпшілігі ролик, скейтборд тебетіні белгілі. Сондай-ақ сөздер қатары «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша топтық жұмыста жаттықтырылады. Әр топқа тақырыпқа қатысты суреттер қатары (сурет салу, доп ойнау, текше ойнау, шахмат ойнау, велосипед тебу, коньки тебу) таратылады. Суреттер бойынша сөйлеуге уақыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет