«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылардың назарын бару етістігінің үш жақта қолданылуына аударады. Оқушыларға барамын – барасың – барады арасындағы айырмашылық түсіндіріледі. Мен сөзімен барамын, сен сөзімен барасың, ал ол сөзімен барады қолданылатыны айтылады. Оны жаттықтыру үшін, мәселен, мұғалім мен деп бастайды, оқушылар барамын деп аяқтауы керек. Осылай етістіктің үш жақта қолданылуы жаттықтырылады.
«Есте сақта!» айдары бойынша бару етістігін үш жақта қолдануға жаттығады.
отырады.
2-тапсырмада «Ол қайда барады?»
сұрағы арқылы оқушыларға бару етістігінің 3-жақтағы қолданысын қайталатады. Осыдан кейін
оқушылардың назарын қайтадан 1-тапсырмадағы суретке аударады. Енді оқушылар сурет бойынша кімнің қайда баратынын (3-жақта) түсініп, айта алады. Мысалы:
Арай дүкенге барады. Әділ үйге барады. Арман саябаққа барады. 3-тапсырмада топтық жұмыс жүргізеді. Ең алдымен тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады. Оқушылардан неше адамның дауысын естігендерін сұрайды. Соған қарай сөйлесуге қатысатын балалар санын анықтайды. Оқулық бойынша сөйлесуге екі оқушы және мұғалім қатысады. Негізі бұл диалогті 3 бала мен мұғалімнің қатысуымен жүргізуге болады. Ол үшін сыныптағы оқушылар 3 баладан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды (мұғалімнің сұрағына жауап береді).