Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет96/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдары арқылы оқушыларға «Сен тауға (мектепке, саябаққа) барасың ба?» деген сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады. Оқушыларға «Иә, барамын», «Жоқ, бармаймын» деген жауап үлгісін үйретеді. Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау, жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылармен жұптық жұмыс жүргізіледі.
4-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін оқушыларға түсіндіреді. Содан кейін ақ қағазға өздерінің қайда баратынын (мектеп, саябақ, тау) суретпен көрсетуді тапсырады. Сурет салу барысында мұғалім олардан не салатынын, қайда баратынын жекежеке сұрай алады (Мынау не? Сен қайда барасың?). Оқушылар жұмыстарын аяқтаған соң әрқайсысы өз суретін көрсетіп, тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлейді.
Үлгі: Мынау – мектеп.
Мен мектепке барамын.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері).

мектепке, саябаққа баратынын айтады.
«Есте сақта!» айдарында «Сен тауға (мектепке, саябаққа) барасың ба?» деген үлгімен танысады, сұраққа жауап береді.
Сұраққа қысқа жауап беруді үйренеді. Олар бір-біріне сұрақ қойып, өз қалаулары бойынша (иә, жоқ) жауап береді.
4-тапсырмада берілген диалогті аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Ақ қағазға өздері қайда баратынын (мектеп, саябақ, таудың суретін) салады.
Тапсырмада берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.

Оқушылардың жұмысы
«Сыбырлап сұрау»
әдісі
бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы

Қағаз,
қарындаштар




1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша мектеп, саябақ, тау сөздері қайталанады. Мұғалім оқушыларды осы сөздерді сурет бойынша айта алуға, сөздің бірінші әрпін жаза алуға дағдыландырады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша тау сөзі қайталанады, оқушылар осы сөзді жазады.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті
жүзеге асырылады. (5.1.3)
Оқушылар аудиодиск арқылы ақпаратты тыңдайды, тыңдаған ақпаратты түсінгенін суретін салу арқылы көрсетеді.
Мынау – тау. Мен тауға барамын.
Мынау – мектеп.
Мен мектепке барамын.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

1-тапсырмада оқушылар мектеп, саябақ, тау сөздерін сурет бойынша қайталайды.
Дәптерде берілген арнайы орынға аталған сөздердің бірінші әрпін жазады.
2-тапсырмада оқушылар сурет бойынша тау сөзін қайталайды, аталған сөзді арнайы орынға жазады. 3-тапсырмада оқушылар аудиодиск арқылы ақпаратты тыңдап, тапсырмада берілген орынға екі сурет салады: мектеп және тау.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

бағаланады.

№2 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 5.1.3
Қосымша
тапсырма: 5.1

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет