Э. К. Идрисова бас редактордың орынбасары, ету оқу және ғылыми қызмет



Pdf көрінісі
бет78/96
Дата15.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#57549
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96
Байланысты:
Вестник-№2-2021

 
 


Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 
83 
МҒТАТ 87.21.15 
 
Л.С. Құрбанова
1
, Б.Х. Түсүпова
1
,
 
М.К. Нақыпбек
1
,
С.М. Нурмакова
2
, Б. Асылбекова
3
 
 
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан 
2
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық ғылыми-техникалық университеті, 
Алматық., Қазақстан 
3
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан 
 
МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІНІҢ 
ТИІМДІЛІГІН ЭКОЛОГО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 
 
Түйін
 
 Мұнай өндіру саласы қоршаған ортаға әсер ету сипаты бойынша 
экологиялық өте қауіпті шаруашылық түріне жатады. Мұнаймен ластануынан 
кейін экожүйені өздігінен қалпына келтіру механизмі өте күрделі. Табиғи 
микрофлораның әсерінен топырақтың табиғи өзін-өзі тазарту процесі ұзақ және 
топырақ пен мұнайдың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты болып келеді.
Мақалада қазіргі таңдағы техногендік топырақтың мұнай және мұнай 
өнімдерімен ластануын төмендетудің және жоюдың принципті тазарту әдістері 
қарастырылған. Соның ішінде мұнаймен ластанған топырақты тазартудың физика-
химиялық әдісіне тоқтала отырып эколого-экономикалық тиімділігі есептелген. 
Сонымен қатар мұнаймен ластанған топырақты тазартудың биологиялық әдістерін 
сипаттай отырып, эколого-экономикалық тиімділігі есептелген нәтижелері 
берілген.
Түйінді сөздер: мұнай, топырақ, ластану, тазарту әдістері, экология-
экономикалық талдау.
Қазіргі уақытта мұнай өндірістері жаңа кен орындарын игеру есебінен 
дамуда, мұнай өндірудің өсуі қорларды барынша шығаруды қамтамасыз ететін 
жаңа технологияларды енгізуге негізделген. Қоршаған ортаға осындай жүктеме 
деңгейінде оның жағдайы апатты түрде нашарлайды. 
Қоршаған ортаға әсер ету сипаты бойынша мұнай өндіру шаруашылық 
қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне жатады. Мұнаймен ластанудан туындаған 
топырақтардың салдарын төтенше деп атауға болады. Мұнай топырақ кеуектерін 
жабады, топырақ сумен суланбайды, микрофлора өледі, өсімдіктер дұрыс 
қоректенбейді. [1]
Әлемдік тәжірибеде мұнайды сорбциялау және мұнаймен ластанған 
алаңдарды тазарту химиялық, физика-химиялық, микробиологиялық және 
механикалық тәсілдермен жүргізіледі. 
Топырақ пен техногендік топырақтың мұнаймен және мұнай өнімдерімен 
ластануын жалпы түрде төмендету және жою 1-суретте көрсетілген бағыттармен 
жүзеге асырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет