Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
 Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипатына байланысты түрлері қандай 2. 
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне қайсысы жатады ? 


3.Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады? 
4.Стильаралық лексика дегеніміз не? 
5.Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттарына не жатады? 
6.Көнерген сөздердің түрлері мен ерекшеліктері қандай? 
7.Неологизмдер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988 
2.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен 
фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.89-98 б.б. 
3.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975. 
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 
 
№18 тақырып: Фразеологизмдер туралы ұғым. Фразеологиялық оралым және 
олардың түрлері. Фразеологизмдерді топтастырудың түрлері 
Жоспары: 
1. Фразеологизмдер туралы ұғым 
1. Фразеологиялық оралым туралы түсінік 
2. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері 
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: 
идиомалар, 
фразалар, 
штамптар, 
мақал-мәтелдер, 
қанатты 
сөздер. 
Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр 
күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік
фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер. 
Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен 
құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, 
фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралым тілде басқа 
единицалармен, атап айтқанда, бір жағынан, сөзбен, екінші жағынан , еркін сөз 
тіркесімен, шектесіп жатады. 
Фразеологиялық 
оралым 
мағына 
тұтастығымен 
сипатталады. 
Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық 
қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде 
үғынытатын, өз ара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден) қүралады да, ол 
сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа 
сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі өзгермейді. Құрамы мен 
сыңарларының орын тәртібінің тұрақтылығы жағынан фразеологиялық 
оралымдар жеке сөздердің құрамындағы морфемалардың орын тәртібін еске 
түсіреді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н .М. Шанский сөздің 
Академик 
В.В. 
Виноградов 
фразеологиялық 
единицаларды 
бүтіндей 
фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың 
мағыналарының ара қатынасы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық, 
(фразеологическое сращение), және фразеологиялық тізбек (фразеологическое 
сочетание) фразеологиялық бірлік (фразалогическое единство) деп үш түрге 
бөлінеді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған 


классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі 
фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептелді.
Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны 
жағынан да тілдің коммуникативті единицасы- сөйлемге сәйкес келетіндері бар. 
Бұлар мақалдар мен мэтелдер жэне қанатты сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет