1.Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы
грамматикалық мағынаның берілуі - аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл
әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады.
Аффиксация тәсілі, түркі тілдерінен
басқа, үнді еуропа тілдерінде де бар.
2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің
бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық
құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс:
ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл.
3.Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны
білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең
тараған және ол практикада жиі қолданылады. Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай),
қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).
4.Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де
болатыңдығы белгілі. Атауыш
сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде
дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Көмекші
сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі.
5. Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз
түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні
айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде
сөздердің орын тәртібі -
грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі.
6.Екпін тәсілі.Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да
грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады.
7.Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге
қатысты болады.
Сонымен, грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі екен.
Олар екі топқа бөлінеді: 1) синтетикалық тәсілдер (аффиксация, ішкіфлексия,
екпін, қосарлану), 2)аналитикалық тәсілдер (көмекші сөздер,
сөздердің орын
тәртібі, интонация). Синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады, аланалитикалық тәсіл
сөздің сыртында болады. Синтетикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдерді –
синтетикалық тілдер, аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын – аналитикалық
тілдер деп айтады. Синтетикалық тілдердің қатарына үндіеуропа, славян, түркі,
маңғол тілдері жатады. Аланалитикалық тілдерге ағылшын, болғар, дат, грек,
француз тілдері енеді.
Достарыңызбен бөлісу: