Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Әлемдік тілдер жайлы не білесің? 
2. Халықаралық тіл дәрежесіне көтерілген тілдер жайында не білесің? 
3. Жасанды, көмекші тілдердің қандай жобасы ұсынылды? 
4.Тілдің өмір сүру формалары қандай? 
5. Сілтемені қараңыз: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html 
6. Сөйлеу тілі мен кітаби тілдің қандай айырмашылығы бар? 
7. Әдеби тіл дегеніміз не? 
8. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері туралы не білесің? 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010 
2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания.
- Алматы, 2011 
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының 
филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 
2010. - 240 б. 
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: 
Қазақ университеті, 2011. - 145 б. 
№7 тақырып: Тілдердің өзара қарым-қатынасы. Субстрат, суперстрат, 
интерстрат құбылыстары 
Жоспар 
1. Тілдердің өзара қарым-қатынасы 


2. Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары 
1.
Тілдің даму заңдылықтары жөніндегі мәселе – жалпы тіл тану
ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып
отыратын тілдік құбылстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын,
мән мағынасын түсіну мүмкін емес.
Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің лингвистикалық
проблемаларының бірі ретінде қарала бастағанына көп уақыт өткен жоқ. 
Көрнекті ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тілдің тарихи құбылыс
екендігіне көңіл аударып, оның тарихын зерттеуге бет бұрушылық ХІХ
ғасырдың басында, салыстырмалы – тарихи тіл білімінің дүниеге келуінен
басталады. 
Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына
себепші, түрткі болатын жағдайлары болады. Тілде болатын өзгерістердің
біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму
заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да,
жеке, нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ, бұл екеуі бір-бірімен
тығыз байланысты.
2. Тіл дамуына себепші болатын сыртқы факторлардың тағы бір елеулі
түрі – тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Басқа тілдермен
байланыссыз, томаға тұйық өмір сүретін тіл болмайды. Тілдер қарым-
қатынасының тіл дамуына тигізетін елеулі әсері барлығы тіл білімнде
бұрыннан белгілі. Бұл әсер тілдер арасындағы қарым-қатынастың сипатына
қарай әр түрлі болады. Тілдік қарым-қатынас (контакт) әр түрлі тілде
сөйлейтін халықтардың бір-бірімен тікелей немесе жанама түрде қарым-
қатынасқа келуі нәтижесінде пайда болады. Оның да жолы әр түрлі. Бір
аймақта тұратын тілдер бірін екіншісі ассимиляциялағанда жеңілген тіл іс-
түссіз жойылып кетпейді, оның қалдықтары жеңген тіл ішінде ұзақ
сақталады. Егер қалдық жергілікті тілдікі болса, субстрат делінеді де,
келімсектер тілінің жойылуынан қалған қалдық болса, суперстрат деп
аталады. Ал достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізген әселері
интерстрат делінеді.
Тілдер қарым-қатынасының соңғы түрінің тамаша үлгісі ретінде совет
халықтары тілдерінің бір-біріне тигізіп келе жатқан игілікті әсерлерін айтуға
болады. Бұл саладағы шешуші рөл атқарып келе жатқан тіл – орыс тілі.
Орыс тілін бүкіл совет халқы өз еріктерімен бір – бірімен қатынас жасайтын
ұлтаралық тіл ретінде қабылдады да, оны екінші ана тіліміз деп жариялады.
Тілдер дамуына ішкі себептердің тигізетін әсері де аз болмайды. Олар
тіл тарихының барлық дәуірінде де оны дамуына үздіксіз әсер етіп отырады. 
Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі себептер мен сыртқы
себептерді бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан дүние деп
санауға болмайды. Бұларды да таза тілдік себептер деуге болмайтыны
тәрізді, әлеуметтік қажеттілік, экстралингвистикалық себеп мұнда да жоқ
емес. 


Тілдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады. Бір жолы - тоғысу түрінде, 
екінші жолы - тілдік элементтердің (дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің, 
сөйлем құрылысының) енуі түрінде. 
(Тілдердің тоғысуы (этникалық топтардың бірігуі) процесінде Субстрат, 
суперстрат, адстрат деп аталатын құбылыстар пайда болады. Субстраттардың 
нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір 
морфемаларды қабылдайды. Яғни, субстрат дегеніміз - жеңілген тілдің жеңген 
тілдегі элементтері. Мысалы, қазіргі Франция жерінде ертеде келт (галль) деген 
халық тұрған. Оларды римдіктер (француздар мен испандар) жаулап алды да, ол 
халықтың тілі жойылды. Бірақ қазіргі француз, испан тілдерінде сол жойылған 
келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған. Келт субстраты дегеніміз - француз, 
испан тіддеріндегі сол қалдық элементтер (Мысалы, француз тіліндегі И 
дыбысы). Суперстрат дегеніміз - жоғарғыға керісінше: жеңген халықтың жеңілген 
халық тіліне қалдырған ізі, әсері. Ал адстрат дегеніміз — жарыса қатар өмір 
сүретін тілдік элементтер. 
Енді тілдердің өзара әсері нәтижесінде тілдік элементтердің енуіне (яғни 
екінші жолға) келелік. 
Удмурттар (фин-угор тобына жатады) мен татарлар (түркі тобына жатады) 
баяғыдан қоныстас, көршілес өмір сүріп келеді. 
Сондықтан олардың тілі бір-біріне әсер еткен. Татар тіліндегі дж дыбысы 
удмурт тіліне ауысқан. Бұл дыбыс удмурт сиякты басқа фин-угор тілдерінде жоқ. 
Басқа түркі тілдерінде ұяңнан басталатын сөздер чуваш тілінде қатаңнан басталады. 
Мысалы: бас - пус, бар - пур, дауыл - тавыл. Неге! 
Сөйтсек, ол көрші жаткан марий тілінің әсері екен. Ол тілде дауыссыздан 
басталатын сөздердің басқы дыбысы әр уақыт қатаңнан басталады. 
Тілдердің өзара әсері лексика саласында жиі ұшырасады. Мысалы, түркі 
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де араб-парсы және орыс тілдерінен енген 
көптеген сөздер бар. 
Әдетте, тілдің фонетикасы мен грамматикасы тұрақты болады. Жиірек өзгеретіні, 
ауысатыны — лексика саласы. Егер бір тілден екінші тілге дыбыс не қосымша ене 
қалса, олар көп жағдайда сөздермен бірге, сөздердің құрамында ғана ене алады. 
Мысалға, қазақ тіліне орыс тілінен ауысқан 12 әріпті (дыбысты) келтіруге болады. Ол 
12 дыбыс қазақ тілінің байырғы төл сөздерінде қолданылмайды, тек орыс сөздерінде 
ғана қолданылады.
Бір тілдің екінші тілге әсері морфологиядан гөрі синтаксисте көбірек 
аңғарылады. Бұған орыс тіліндегі үлгі бойынша қазақ тілінде оңашаланған 
айқындауыш мүшелі сөйлемдердің немесе әр түрлі қыстырма сөздері бар сөйлемдердің 
қалыптасуын мысалға келтіре аламыз. Мысалы: Тоғжанға Абай тағы бір рет, соңғы бір рет
қарады (М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет