Нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда
(частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке)
лексикология бір-бірімен байланыста болады. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының
өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік
қатарлардын пайда
болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар.
Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп
аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз
тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект
сөздердің есесінен толығу нәтижесінде, жеке сөздердің айрықша
синонимі ретінде
қолданылатын тұрақты сөз тіркестері арқылы, әдеби тілдегі сөздер мен термин
сөздер мәндес келуі арқылы, тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер
басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келуі арқылы, сөздің мағыналық
жағынан дамуы, қосымша мағынаға ие болуы нәтижесінде
синонимдер
жасалады.
Антонимдер
- мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес
болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.
Достарыңызбен бөлісу: