дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы,
орын алмастыру мен апокопа, элизия мен флексия мен фузия т.б.) сан алуан
фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді.
Морфологиялық
принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына
негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен,
Семантикалық принцип – сөздердің мағынасын анықтауда этимологияның негізгі
критерийлерінің бірі болып саналады. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі,
ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге
айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семантикалық заңдылықтар – этимологиялық
принцип. Тарихи принцип – этимологияның тарихи лексикологиямен,
этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы.
Этимологияның
түрлері үш топқа (ғылыми, қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғылыми этимология –
жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті
заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты этимология– сөз төркінін ашуда
аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін,
дәйектілігі белгілі бір
деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі
мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты
қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады.
Халықтық этимология – сөз бен сөз тіркестерінің
табиғатын оларға тән өзгеру,
түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, этимологияның ғыл.
принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының
кездейсоқ, не тым алыс ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім
тұрады. Этимологиялық зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және
пайдалануға қолайлысы – этимологиялық сөздіктер.
Мамандардың пікірінше,
түркі тілдері бойынша жарық көрген әр деңгейдегі этимологиялық сөздіктердің 7
түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: