Эмоционалды тон бойынша – бірқалыпты (эйтимикалық); төмен (гипотимикалық) және жоғары (гипертимикалық) болып бөлінеді.
Нақты бастан кешіріліп жатқан күй – іш пысу, мазасыздық, қорқыныш, қуаныш, т.с.с
Интеллект
IQ- Ақыл-ой қабілеті, бір ғана дұрыс жауабы бар мәселелердің (есептердің, қиындықтардың) шешімін жылдам әрі дұрыс таба алу қабілеті.
Эмоционалды интеллект(EQ) -бұл, өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын ажыратып, оларды басқара алу қабілеті.
Софт скилс-«жұмсақ» дағдылар немесе «икемді» дағдылар деп аталады. Мамандандырылған емес, карьера үшін маңызды, еңбек процесінде табысты болуға, өнімділіктің жоғары болуына жауап беретін дағдылар.
Hard > Soft- Физиктер, программистер, инженерлер және т.б. Техника саласында керемет маман болу үшін қарым-қатынасшыл болып, әдемі сөйлей алудың аса маңызы жоқ.
Hard = Soft-Бухгалтер, юрист, педагог. Бұл мамандарға күшті теориялық база және коммуникативті дағдылар керек.
Hard < Soft- Бизнес, маркетинг, шығармашылық мамандықтар. Бұл салада адамдармен қарым қатынас жасай алу, түсінісе алу, маңызды.
Ерік жігер
Ерік-жігер – мақсатқа жету жолында кедергілер мен қиындықтарды жеңуде көрінетін психикалық іс-әрекет.
Жалқаулық, прокрастинация, депрессия – ерік жігердің жетіспеушілігінің салдары.
ерік-жігер – «хочется»-ға қарамастан «хочу»-ды жасай алу қабілеті.
Тілектердің, мақсаттардың, қажеттіліктердің екі түрі бар – қысқа мерзімді және ұзақмерзімді.
Адамның барлық әрекеттерін екі категорияға бөлуге болады: