Психикалық денсаулық – жан дүниеңнің тыныштығы, толыққанды психологиялық әрекет ете алу, көтеріңкі көңіл-күй, өзіңді жақсы және белсенді сезіну.
Психикалық денсаулықтың негізі - өмір барысының барлық этаптарында толыққанды психикалық дамудан өту, жоғары психикалық функциялардың жоғары деңгейде дамуы.
Әлеуметтік мінез-құлық- Адамның адамдар арасындағы және адамдарға қатысты мінез-құлығы.
Әлеуметтік мінез-құлық түрлері: Адекватты және адекватты емес.
Рационализация –адам өзінің әрекеттеріне немесе сәтсіздіктеріне ойдан шығарылған логикалық түсініктеме беруге тырысады
Проекция- Өзіміздің бойымыздағы қасиеттеді басқа адамның бойынан көру және ол қасиеттің өз бойында байқамау.
Интоекция-Басқа біреулердің ойларын, пікірлерін «қорытпай» өзінікі ретінде қабылдау.
Ығыстыру- Ұнамсыз сезімдерді, ойларды, тілекетрді санасынан ығыстырып тастау. Яғни адам өзне ауыр, ұят және кінә сезімдерін тудыратын естеліктерін, ойларын мүлдем есінен алып тастайды.
Орнын алмастыру-күшті эмоцияларды бірінші объектіден екінші объектіге алмастыру. Және бұл эмоцияның бастапқы адамға бағытталып тұрғанын ұғына алмайды.
Аутоагрессия- Сыртқы объектке бағытталған Агрессияны өзіне қарай бұру механизмі.
Регрессия-Жағдайға бейімделу кезінде санадан тыс түрде, дамудың ерте этаптарында тиімді болған мінез-құлық әрекеттерін көрсету.
Сублимация- Жағымсыз импульстарды әлеуметтік оңтайлы (приемлемый) іс-әрекетке бағыттау. Мысалы, шығармашылыққа.