Ә с I гі т I к б I л I m г. А. Кактаева философия


 тақырып. "Диалектика ж әне оған баламалар"



Pdf көрінісі
бет34/96
Дата04.12.2022
өлшемі12,84 Mb.
#54707
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
Байланысты:
httpkmib.netuchebnikifilosofija.g.kaktaeva-2.pdf

4 тақырып. "Диалектика ж әне оған баламалар"
1. Дамудың диалектикалық - материалистік теориясы.
2. Диалектиканың тарихи түрлері .
3. Философиялык, категориялар дегеніміз не?
4. Диалектиканың негізгі заңдары.
1. 
Диалектиканыц негізгі идеясы, түпкі принципі -
цаму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бір- 
дей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде-ақ пай-
да болды. Ертедегі барлық грек философтары, - деп көр- 
сетті Ф .Энгельс, туа біткен диалектиктер еді, ал солар- 
дың ішінде Аристотель жан-жаңты білімдар, кемеңгер 
ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерт- 
теді. Ертеде диалектиканы қарсылас адамның пікірлерін- 
дегі ңарама-қайш ылықты табу және оны жою арңылы 
ақиқатқа жету, яғни айтыса білудің әдісі деп түсінді. 
Кейіннен даму жөніндегі философиялық екі көзңарастың 
бірі таным әдісі мен болмыстың өзгеруін диалектика деп 
атады.
Диалектиканыц тарихи турлері:
1) Ертедегі грек философиясы - Гераклит, Аристотель;
2) Ж аңа өрлеу заманының философиясы - Н. Кузан- 
ский;
66


3) Гегель диалектикасы ( диалектиканың үш заңы);
4) Орыс революцияшыл демократтары, ңазаң ағарту- 
шылары;
5) Марксистік диалектика - К.Маркс, Ф. Энгельс;
6) XX ғ. диалектикасы.
Ертедегі диалектика стихиялы, түрпайы еді. Ж алпы 
түрде болмыстың дүрыс бейнесін көрсеткенімен, нақты 
мәселелерді шешуге келгенде ол ңабілетсіз болды. Сон- 
дыңтан ол ғылым дамып, іс жүзіндегі нақты материал- 
дарды ж инаңтай бастаған кезде, метафизикаға орын 
берді.
Диалектиканың тарихи екінші формасы Гегель диалек-
тикасы болды. Гегель диалектиканың негізгі заңдарын 
түжырымдады, оның категорияларының жүйесін ж аса-
ды, бірақ мүның барлығы идеалистік негізде жасалды.
Диалектиканың үшінші формасы XIX ғасырдағы орыс 
революцияшыл демократтары А.И.Герценнің, В.Г.Белин- 
скийдің; Н.А.Добролюбовтың, Н.Г. Чернышевскийдің 
және олардың ізбасарларының философиясымен байла- 
нысты. Қазақ халқының ойшылдары - Ш.Уәлихановтың 
және Абай Қүнанбаевтың философияльщ көзңарастары 
орыс революцияшыл демократтары философиясының 
жалғасы, дамуы екендігін біздер, ңазақстандыңтар, мақ- 
таныш етеміз.
М арксизм-ленинизм материалистік диалектиканы 
тағы бір шыңға көтерді. Ол өзіне өткен заманның нақты 
ғылымдары мен жетістіктерін сынай саралап, сіңіре біл- 
ді. Сонымен қатар, ол күн тәртібіне ғылым мен өмірдің 
өзі қойған түбегейлі мәселелерді шешуге үйренді.
Өзгеріс атаулының бәрі бірдей даму бола бермейді. 
Д ам у деп - заттар мен ңүбылыстардың сапа жағынан 
қайта өзгеруін, негізінен басқаға айналуын, біреулерінің 
ңүрып, екінш ілерінің, жаңаларының тууын айтамыз. 
Дамудың жалпыға бірдей сипаты болады. Адамның ай- 
наласындағы барлың заттар мен ңүбылыстар - жүлдыз- 
дар мен өсімдіктер жөне адамның өзі де даму процесінде 
пайда болып, өзгеріп жөне дами береді. Қоғамдық өмір 
де терең өзгерістерге үшырайды. Феодалдық ңүрылыс-
67


тың орнына капитализм орнап, оның орнына социализм 
қүрып, капитализмге қайта оралдьщ. Диалектиканың 
негізгі идеясы, түпкі принципі — осы даму идеясы.
Даму екі бағытта болады - прогресс және регресс. 
"Прогресс" - ол латын сөзінен "алға" ж ы лж у деген сөз, 
ал "регресс" - кертартпа деген сөздің мағынасын білді- 
реді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет