Ә с I гі т I к б I л I m г. А. Кактаева философия


Үгым, пікір, ой тцжырымы логикалыц (рационалды)



Pdf көрінісі
бет58/96
Дата04.12.2022
өлшемі12,84 Mb.
#54707
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
Байланысты:
httpkmib.netuchebnikifilosofija.g.kaktaeva-2.pdf

Үгым, пікір, ой тцжырымы логикалыц (рационалды) 
танымныц негізгі формалары болып табылады. Олар ар- 
қылы зерттеліп отырған заттың мәнін ашамыз. Ойлау- 
дың бүл формалары адам психикасының (жан әлемінің) 
заттар мен ңүбылыстардың өзіндік бар немесе болуға 
тиісті болмысы мен мазмүнын білдіретін саласы, әрине, 
ол ңүбылыстар тек сыртңы нәрселер ғана емес, адамның 
өз жан дүниесінің көріністері де. Олар олай болса қүбы- 
лыстардың ңандай, ңалай, не (кім) екендігін, болуға тиіс- 
тілігін аньщтауға бағышталған. Ойлаудың негізгі форма-
лары — пікір, цгым жэне тцйіндеу ( ой тцжырымы) .
Үгьім дегеніміз - заттар мен қүбылыстарды олардын, 
жалпы және маңызды белгілері түрінде бейяелеу болып 
табылады. Үғым шындыңтың рационалдық бейнесі, шо- 
ғырланған білімнің формасы. Үғымдар бір-бірінен өзде- 
ріндегі белгілі бір заттар мен қүбылыстардың жалпыла- 
ну дәрежесіне қарай айырылады. Ой қозғалысының мәні- 
сі мынада: біз қандай да болсын бір заттарды зерттей оты-
рып, белгілі бір қасиеттер мен қатынастардың оларға тән 
не тән емес екенін анықтаймыз, сонда мүның өзі осы зат-
тар туралы бір нәрсені қуаттауымызға немесе теріске шы- 
ғармауымызға негіз болады.
Үғым дегеніміз - ңабылдаулар мен түсініктердін, негі- 
зінде пайда болады; бірақ бүларға қарағанда үғымньщ 
көрнекілігі болмайды. Үғымның мазмүнын көрнекі бей- 
не түрінде елестетуге болмайды. Мөселен, белгілі бір өсім- 
дікті көз алдыңа елестетуге болады, бірақ жалпы өсімдік
105


дегенді елестетуге болмайды. Үғым тілде жеке сөзбен 
немесе бірнеш е сөзбен (м еталл, өсім дік, ңоғамды ң 
катынастар, т.т.)беріледі. Қандайғылымныңболсынто- 
лып жатңан үғымдары болады.
Үғым сияк,ты, пікір де заттар мен ңүбылыстар арасын- 
дағы, олардың әр түрлі жаңтары мен қасиеттері арасын- 
дагы байланыстар мен ңатынастардың бейнесі.
П ікір - ол қандай да болсын бір зат жайында мақүлда- 
нылатын немесе теріске шығарылатын ой. Пікір - ойлау- 
дың ең ңарапайым формасы. Ойлаудың формаларын ең ал- 
гаш ыждағаттыңпен зерттегенАристотель ( б.д.д. 384-322) 
еді. Оның түсінуінше белгілі бір ойды айтудың барлығы 
бірдей пікірге ж ата бермейді. Пікір - ол айтылған ойдың 
ақиңат не жалған екендігі туралы болуы тиіс. Ол бір нәр- 
сені растау не терістеу түрінде болады. Болмыста байла- 
нысты нәрселер ойда да байланысатын болса, ол пікір -
ақиқат, ал өмірде байланысқан нәрсе ойда байланыспа- 
са, ол - жалған. П ікір логикальщ ңүрылымы жағынан 
негізінде үш эдементтен: S - субъект, Р - предикат және 
байлауыштан (связка) түрады. S - ойдың не туралы екен- 
дігін, предикат субъектінің қалай, ңандай екендігін не-
месе еместігін және сол туралы сауал түрінде көрсетеді. 
Байлауыш екеуінің қатынасын көрсетуі тиіс. Яғни пікір- 
дің жалпы формуласы: S-Р. Субъект дегеніміз - предикат. 
Мысалы, "Адам - ойлай алатын жануар".
Пікір мен үғымның пайда болуында және дамуында 
ой туйіндеудщ (ой тцжырымы) де орны айрыңша зор. Он- 
да адам ойларының жасампаздық сипаты әсіресе айқын 
көзге түседі.
Қалыптасңан білімдеріміздің көпшілігі белгілі нәрсе- 
ден белгісіз нәрсеге қарай өрбу жолымен, яғни ой түжы- 
рымы арңылы пайда болған. Ой түжырымын зерттеу, не-
месе бір пікірлерден екінш і бір пікірлердің шығуының, 
туындауының ережелері мен нормаларын ңарастыру фор- 
малдьщ логиканың үлесі. Себебі формалдың логика ой- 
лаудың формаларын, олардың нақты мазмүндарын оң- 
шау, дербес алып зерттейді. Философия үшін қажет нәр- 
се ойдың ақиқаттығы, ал формалдық логика үшін-бір ой- 
дан екінш і ойдың дүрыс шыгуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет