Е. сейтжанов



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата22.02.2017
өлшемі0,78 Mb.
#4697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жоспар 

1. Драматургия жанры жайында. 

2. Қазiргi процесс жəне драма жанры. 

3. Драматургияның тақырыптық, көркемдiк желiсi. 

4. Драматургиядағы iзденiстер. 

5. Драмадағы жанрлық өзгешелiк. 

 

 

 



Тiрек  сөздер:  Драмалық  жанр,  эстетикалық  нысана,  тартыс  характер, 

конфликт,  комедия,  драма,  трагедия,  водевиль.  Театр  жəне  режуссура, 

драматург  жəне  актер,  драмалық  шешiм,  авторлық  идея,  ремарка,  сценарий, 

драмадагы персонаждар, монолог жəне диалог. 



 

 

Қазақ  əдебиетiндегi  өзге  жанрлар  сияқты  драматургия  да  соңғы  жылдарда 

өскелен  даму  үстiнде  болды.  Драматургитя  осы  күннiң  дiлгiр  мəселелерiн 

көтеруге де тарихи тақырыпқа дəбiрдей қалам сiлтеп келедi. Сонымен қатар 

ол өткен кезеңдерде тек алған тартыссыздық теориясынан бас тартып, қоғам 

өмiрiндегi  шынайы  қайшылық  пен  тартыстын  түрлерiн  тауып  көрсетуге 

ойысты.  Бiрақ  қазiргi  дəуiр  шындығынан  нағыз  драматургия  туындыларын 

жасаудың  өз  қиындықтары  бар.  Соның  бiрi  тартыстын  тегiн,  табиғатын 

танып адам характерiнiң диалектикасын ашу болатын. Əр сыпыра пьессалар 

бұл  мiндет  биiгiнен  шыға  алмады.  Ш.Кұсайыновтың  «Есiрткен  ерке», 

А.Əбiшевтың «Кiм менiң əкем», А.Тажiбаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» 

сияқты  пьессаларының  сахнада  ұзақ  тұрақтай  алмауының  басты  себебi 

осында. 

А.Əбiшевтың  «Кiм  менiң  əкем»  пьесасында  өткiр  мəселе  қойылған.  Орыс 

əйелiнен  туған,  əкесi  қазақ  бала  əр  түрлi  ойдан  шығарылған,  шындыққа 

жатпайтын  жалған  оқиғалар  салдарынан  екiншi  адамның-орыс  əкенiң 

қолында  өссе  де,  ақырында  қазақ  əкесiмен  кездеседi.  Кiм  менiң  əкем  деген 

бала  сұрағына  автор  «əкең  қазақ»  деп  жауап  беруге  асығады.  Бұл  пьесада 

толып  жатқан  мəселелер  қозғалып  олардың  бəрi,  дерлiк  логиксiз  дамып, 

көбiнiң  аяқталмай,  шешiлмей  қалатындарын  былай  қойғанда  шығармаға  ат 

болып қойылған сұраққа берiлген жауап та дұрыс емес. 

Соңғы  жылдарда  драматург  Қалтай  Мұхаммеджанов  пен  Садықбек 

Адамбековтер 

де 


комедия 

жанрында 

жақсы 

пьесалар 



жазды. 

К.Мұхаммеджановтың  «Бөлтiрiк  бөрiк  астында»  пьесасы  өз  кезiнде  қазақ 

драматургиясының,  əсiресе,  комедия  жанрының  көрнектi  табысы  болып 

табылады.  Стиляға  катысты  мешандық  құбылысты  күлкiлi  жағдайда  алып, 

өткiр түйреген. 

Пьесаның  идеялық  нысаналарының  бiрi – опасыздықты,  зұлымдықты 

əшкерелеу.  Əрине,  зұлымдық  пен  мешандықтың  түп  тамыры  тереңде,  оны 

түп тамырымен ашқанда пьеса ұта түскен болар едi. 

Қазақ драматургтерi тарихи тақырыптарға да көптеген пьесалар жазды. 

А.Тəжiбаев  «Майра»,  З.Шашкин  «Заман  осылай  басталады»  пьесаларында 

қазақтың тарихта болған адамдарының бейнелерiн сомдаған. 

Драма-əдеби  жанрлардың  ішіндегі  кім-көрінген  бара  бермейтін  аса 

қиыны  екені  барша  қауымға  аян.  Оның  қатал  заңдарын  сақтап,  көрушіні 

тарта  жөнелетін  сəтті  туынды  кез  келгеннің  қаламынан  шыға  бермейтін 

əдебиет тарихы бұлтартпастан дəлелдеп келеді. 

Қ.Бекхожиннің  «Ұлан  сау»,  Т.Ахтановтың  «Ант»  драмалары  бір 

кезеңнің оқиғасын-Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес, Россиямен қарым-

қатынас  суреттелгенмен,  бірін-бірі  қайталамайды.  Қайта  бірін-бірі 



толықтыратын  қазақ  драматургиясындағы  елеулі  еңбектер.  Т.Ахтановтың 

«Ант»  драмасында  Жоңғар  шапқыншыларына  қарсы  бүкіл  қазақ  халқының 

бір тудың астына бірігіп алып, қаһармандықпен тойтарыс беруі cуреттеледі. 

Бұл  ретте  автор 1728, 1729 жылдардағы  жоңғарлықтармен  екі  рет  болған 

тарихи  үлкен  шайқастардағы  өзінің  елдігін,  ерлігін  дəлелдеген  қазақ 

халқының ірі жеңісін негізге алған сияқты. 

Ал  Қ.Бекхожиннің  «Ұлан  асу»  драмасында  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүз 

қазақтарының  басын  тұтастырып,  Жоңғар  шапқыншылықтарына  қарсы 

халық  күресіне  жетекшілік  еткен  Абылай  ханның  қайшылыққа  толы  өмірі 

тарихи шеңберде біркелкі дұрыс көрсетілгенін аңғарамыз. 

Бұл  екі  драманың  тарихилығын  суреттеген  оқиғалармен  бірге,  оның 

бірнеше  кейіпкерлері  де  анықтап  тұр.  Мəселен,  Т.Ахтанов  драмасындағы 

Əбілқайыр хан, Семеке хан, Қайып хан, Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр, елші 

Тəуекелов,  Қ.Бекхожин  драмасындағы  Абылай,  Əбілмəмбет  хандар,  Барақ 

сұлтан,  Бұқар  жырау,  Бөгенбай,  Жəнібек  батырлар,  Жоңғардың  нояндары 

Əмірсана, Дабашы т. Б. өмірде болған адамдар екені тарихтан мəлім. Сол əр 

түрлі  тарихи  кейіпкерлерді  алғанда  авторлар  олардың  тарихта  атқарған 

істерінен  онша  алшақ  кетіп,  үлкен  өзгерістерге  барды  деп  айтуға  негіз  жоқ. 

Кейбір  ситуациялар,  жекелеген  деталь,  штрихтар  болмаса,  негізінен  драма 

кейіпкерінің  əдеби  бейнесі  тарихи  фактілерге,  шындыққа  сүйеніліп 

жасалғаны  толық  байқалады. «Ұлан  асу», «Ант»  драмаларында  тарихи 

шындық  пен  көркемдік  шындық  дұрыс  сəйкестік  тауып,  авторлар  өздерінің 

негізгі идеяялық нысаналарына жетіп отырған. 

Қазақ  халқының  басынан  кешкен  бір  мезгілдің  оқиғасын  суреттеген 

«Ұлан  асу», «Ант»  драмаларының  тартыс  желісінде  де  ұқсастық  бар.  Қазақ 

халқының  шетел  басқыншыларына  қарсы  ерлік  күресі-екі  драманың  да 

тартыс  желісінің  өзегі  болып  тұр.  Екі  шығарманың  да  басты  кейіпкерлері 

Жоңғар  шапқыншыларына  қарсы  кескілескен  майданда  жарқырап  көзге 

түсіп,  есте  қалады.  Россиямен  қарым-қатынас  жөніндегі  кейіпкерлердің  əр 

түрлі  көзқарасының  шарпысуы  да  екі  драмадағы  конфликтінің  басты  бір 

желісі болып шыққанын көреміз. 

Осындай драмалық желі, өзекті тартыспен сабақтас жеке кейіпкерлердің 

бетпе-бет  келген  ішкі  қайшылықтары  да  сала-сала,  тарам-тарам  болып 

шығармаларға  жан  бітіріп  тұр.  Мəселен, «Ант»  драмасындағы  Əбілқайыр, 

семеке,  Қайып  хандардың  өзара  билікке,  мансапқа  таласуы,  Əбілқайыр-

Сауран-Бəтималардың  өзара  сезім  тартысы,  Əбілқайыр  мен  ауран, 

Барақтардың  Россияға  қосылу  мəселесі  жөнінде  бітіспес  тартысқа  түсуі 

шығармалардағы желілі тартыстың табиғи сала-саласы болып шыққан. Бұлар 

біріне-бірі  нанымды,  мотивировкамен  жалғаса,  байланысып,  шығарманың 

тұтастығын қалыптастыруға тиісті көркемдік міндет атқарып тұр. 

Халық  өмірінің  асулы  кезеңін  суреттеген  Қ.Бекхожин,  Т.Ахтанов 

қазақтың  ұлттық  əдебиетіне  шеберлікпен  сомдалған  ірі-ірі  характерлер 

əкелді. 

Бұл ретте «Ұлан асу» драмасындағы Абылай хан, «Ант» драмасындағы 

Əбілқайыр хан бейнелерін бөліп айтуға тиіспіз. 


Абылай  хан-Қ.Бекхожин  драмасының  бас  кейіпкері.  Оны  бейнелеу 

үстіндегі  авторлық  позиция  айқын.  Қ.Бекхожин  шығармасында  Абылайды 

халық  басына  қатерлі  қауіп  төнген  тар  кезеңде  айрықша  еңбегімен  көзге 

түскен  ұнамды  тұлға  ретінде  суреттеген.  Драмадағы  Абылай  Жоңғар 

шапқыншыларымен майданда ерлігімен танылады. Кейін жауға қарсы батыл 

жорықтарда қолбасы ретінде көзге түседі. Бұл бағыттағы оның басты сипаты-

қаһармандық.  Қазақ  елінің  тұтастығын,  бірлігін,  елдігін  көздеп,  оның 

тəуелсіздігі, еркіндігі үшін күресуші ретінде де Абылай ұнамды əрекеттерге 

барады.  

Абылай-қайшылығы  бар  күрделі  тұлға.  Қ.Бекхожиннің  драмасында 

Абылай  ханның  басындағы  қайшылықтар  да  белгілі  дəрежеде  елес  беріп 

отырады.  Абылай  ханның  Россия  мемлекетіне  бағынамын  деп  уəде 

бергенмен,  негізінен  Қытай  империясымен  байланысуға  көбірек  əрекет 

жасағаны тарихтан аян. 

Абылай  ханның  Қытай  империяясымен  байланысқа  ұмтылуы,  ханның 

бұл  əрекетіне  қазақ  халқының  қатты  наразылық  білдіріп,  қарсы  болуы 

Қ.Бекхожин  драмасында  айқын  бейне  тапқан.  Жəнібек,  Бөгенбай  батырлар 

Россия  мемлекетіне  қосылуды  жақтап,  Абылай  ханмен  тартысқа  түсуін  де 

автор  реалистікпен  баяндап  Берген.  Драмадағы  Бөгенбай,  Жəнібек – халық 

қамын  көздеген,  нағыз  шын  мəніндегі  батыр-азаматтар  ретінде  көрінетін 

əдеби кейіпкерлер. 

Жауға қарсы ерлік күресте көзге түскен, өзінің терең сезім дүниесімен, 

адамгершілік  қалпымен  есте  қалатын  Айтолқын – «Ұлан  асу» 

дарамасындағы, автордың көркемдік табысы. 

Сондай-ақ  екі  жүзді  сатқын  Барақ  сұлтан,  Жоңғар  нояндары  Əмірсана, 

Дабашы-шығармада  тиісті  көркемдік  қызметін  атқарып  тұрған,  даралық 

қалыпқа түскен əдеби бейнелер. 

Ал,  Т.Ахтановтың  «Ант»  пьесасындағы  басты  кейіпкерлер  сырттай 

ұқсастығы  болғанмен,  суреттеу  мəнері,  көркемдік  сомдалу  жағынан  өзіндік 

ерекшелігімен танылатын əдеби тұлғалар дəрежесіне көтерілген. 

Қ.Бекхожин  пьесасында  кейіпкерлердің  ішкі  сезім  дүниесіне  назар 

аударылмай,  оның  сыртқы  əрекетін  көрсету  басым  Ал  Т.Ахтанов 

драмасының ерекшелігі-басты кейіпкерлердің ішкі сезім дүниесінің иірімдері 

реалистік тереңділікпен əсерлі суреттелген. 

Тахауи  Ахтановтың  «Сəуле»  пьесасында  соны  тақырыпқа  барып,  тын 

қайшылықтарды  тартыс  желiсiне  арқай  еткен  «Сəуле»  пьесасының 

ұтымдылығы  қазақ  əйелi  арасынан  жоғары  қызметкер  дəрежесiне  жеткен 

Сəуле  сияқты  парасатты  адамның  сүйкiмдi  образын  драма  тiлiмен  жасап 

беруiнде  халық,  Отан  мүддесiн  əрдайым  жоғары  ұстайтын  махаббат,  семья 

адамгершiлiгiнiң  мəселелерiнде  адамилық  қағидаларды  берiк  ұстанған 

Сəуленiң    тұлғасы-қазақ  драматургiнiң  табысы.  Кейбiр  кемшiлiктерiне 

қарамастан  «Сəуле  пьесасы  тұтас  алғанда  кейiпкерлерiнiң  жеке  бастық 

жағдайын, қоғамдық проблемаларды ұштастырған сəттi туынды. 

Тарихи  тақырыпқа  арналған  С.Мұқановтың  «Шоқан  Уəлиханов», 

Г.Тəжiбаевтың  «Майра»  пьесалары  əдеби  процеске  белгiлi  дəрежеде  өз 


үлестерiн  қосқан  туындылар.  С.Муқановтың  «Шоқан  Уəлиханов» 

пьесасының  бас  кейiпкерi  Шоқан  өзi  өмiр  сүрген  дəуiрдiң  неше  алуан 

əдiлетсiздiгi  мен  озбырлығына  қарсы,  бiрақ  ашық  күреске  түсе  алмайды. 

Шоқан  өз  халқының  ауыр  тұрмысын  көрiп  жаны  ашиды,  жақсы  тұрмысқа 

жетуi  үшiн  бiлiм  алып,  көзi  ашылуы  қажет  деп  түсiнедi.  Қыздардың  қалын 

малға сататын жаман əдетке Шоқан ешбiр күш-əрекет көрсете алмайды. 

Шоқанның  Айжанға  үйленуi  қазақ  қыздарының  ауыр  хəлiн  ешбiр 

өзгерте  алған  жоқ.  Үйленгеннен  кейiн  саудагер  малтабар  қол  жинап  келiп 

Айжанды тартып əкетедi. Малтабарға Шоқанның əкесi Шынғыс, iнiсi Жақып 

пен  ағасы  Ұлтанғазы  жəрдемдеседi.  Шектен  тыс  мұндай  айуандық 

əрекеттерге  Шоқан  батыл  жүргiзе  алмайды.  Бiрақ  оның  жеке  басындағы 

күйiнiштi,  ауыр  психологиялық  сəттердi  сүреттеу  арқылы  драматург  бүкiл 

ескi болмысты əшкерелеген. 

Драматург  А.Тəжiбаев  əн  еркесi  айранын  өмiрi  жайлы  жазған  бұл 

пьесасында өмiр шындығын терең зерттеп, оны реалистiк тұрғыдан əсiрелей 

бiлетiн  үлкен  сүреткерлiгiн  танытты.  Пьесаның  бас  геройы  айранын  өзi  де, 

оның    əни  де  еркiндiктi,  бостандықты  аңсайды.  Төнкерiс  болғаннан  кейiн 

айра  өзiнiң  сүймей  қосылған  күйеуiнен  безiп,  өзiнiң  құрбыларымен 

табысады.  Намысы  құрыған  Тайман  əлi  болмай  құр  кiжiнедi,  бiрақ  амалы 

қанша  ендiгi  зорлықты  замана  көтере  алмайды.  Майра  Тайманның  алтын 

ордасынан  құтылғанмен,  қара  ниет  Дүрбiттiң  көзiне  түседi.  Тайман  мен  

Дүрбiттiң  ұлы  тырнағынан  сау  құутылудың  амалын  ойлап  жүргенде 

Майраның  көзiне  кеме  капитаны  қарапайым  да  аяулы  жан  Мұрат  түседi. 

Майра  мен  Мұрат  диологтерiнде  бiр-бiрiне  деген  ыстық  махаббат, 

ынтызарлық,  сүйiспеншiлiк  сезiлдi.  Адам  ниетiн  жүзеге  асыруға  үлкен 

кедергi Мұрат болатынын сезген Дүрбiт екеуiн де өлтiру арқылы кек алуды 

ойлайды. 

Пьесаның  бас  қаhарманы  Майра-махаббат  бостандығын  аңсаған, 

еркiндiк  iзденген  жан.  Көрiктi  де  ақылды  қыз  Майраның  əншiлiк  өнерiн 

драматург  пьесадағы  күштi  драмалық  тартыстын  ауқымына  сыйғызып, 

лирикалық планда сүреттейдi. 

Мұрат-заман  ағымын  аңғарған,  жарқын  келешекке  ұмтылған  жiгiт. 

Оның  əрбiр  iс-қимылынан,  сөйлеген  сөзiнен  осыны  аңғарамыз.  Оның 

Майраға деген махаббат сезiмi кiршiксiз таза. Бiрде ол Майраға: «Сен сенiң 

сүйгенiм ғана емессiң… Айдауда өшкен үнiмсiң. Жастай жоғалтқан əнiмсiң. 

Сенсiз мен жарылып өлер ем»,-дейдi. Оның əн құмарлығы, ақын жандылығы 

да тартымды əрекеттер арқылы сүреттелiнген. 

Пьесадағы кейiпкерлер диологтарының драмалық əуенi күштi де нақты, 

нысаналы,  мағыналы  сөздермен  ашықталған.  Кейiпкерлердiң  өзара  əзiл-

қалжындары  да  немесе  ащы  ызаға  толы  кектi  сөздерi  де  ойлы,  қалай  болса 

солай айтыла салмаған, драмадағы негiзгi тартыстын мəнiн айқындай түскен 

Оқырманға да, көрерменге де ұнаған пьесеның бiрi- З.Шашкiннiң «Ақын 

жүрегi»  пьесасы.  Драманың  негiзгi  кейiпкерлерi  ақын  Жұмат,  дəрiгер  есен, 

жас  хирург  Назiпалар  барынша  ұнамды  ойлары  да,  сезiмдерi  де  бай  бүгiнгi 

қазақ интеллигенциясының азат өкiлдерi. Осы адамдардың Шарбанмен, оның 


ерi  бас  дəрiгер  Нəбимен  кездесүлерi  арқылы  ескi  жолдастардың  басынан 

өткен  талай  сырлар  ашылды.  Кешегi  ер-азамат  азап  шеккен  ауыр  жылдарда 

опасыздық  жасаған,  қазiр  де  сол  жартылықтан,  жылымшылықтан  арылып 

болмаған Нəбидiң күнгiрт бейнесi жақсылар алдында тағы да əшкереленедi. 

Пьеса-психологиялық драма. Көп жерлерде шабыт иесi Жұматтың ақын 

жаны  лапылдаған  сайын  махаббат,  арман  жайлы  сұлу  ойлары  құйылып 

отырады. 

Барынша  жарқын  ақ  көңiл  ерлiк,  қимылды  сүйетiн,  дос-жаранына 

жанымен берiлетiн есен де өте нұрлы бейне. Сезiмтал, жаны бай адамдардың 

ашық,  айқын  сырлары,  əдетегi  қылықтары,  əсем  мiнездерi  көрушiсiн  де, 

оқушысын да қызықтырғандай. 

Қазiргi  қазақ  драматургиясының  əсiресе,  комедиясының  мақтаулы 

туындыларының  бiрi –А.Тəжiбаевтың  «Көңiлдестер»  деп  аталатын 

комедиясы.  Шығармада  бүгiнгi  замандастар  бейнесi  сүреттелген.  Туынды-

адам  характерiнiң  қақтығысына,  əр  түрлi  ақыл-ойдың,  мақсат-мүдденiң  

күштi арпалысына құрылған психологиялық драма. Пьесада небары оншақты 

гана  кейiпкер  бар.  Мiне  сол  оншақты  адамның  он  түрлi,  бiр-бiрiне 

ұқсамайтын əрекеттерi, өзiндiк характерлерi бар. Сырттай қарағанда министр 

болғысы келiп жүрген Даурен де, амалын тауып академияға корреспондент-

мүшелiкке сайланғысы келетiн ғылымсымақ Келтекте, талай үлкен қызметте 

болып, кейiнгi кезде төмендетiлген, бiрақ əлi де жоғарылаудан ойы бар сапар 

да  бiр  тiптес  адамдар  сияқты  көрiнедi.  Өйткенi  бұлардың  ой-арманы,  тəсiл-

айласы  бiрдей,  бəрi  де  амалын  тауып  қызмет  бабында  үлкейiп  қалуды, 

еңбексiз тұрмысқа, дағаза жаққа жетудi ойлайды. 

Көнiдестерiнiң көңiлiнен шығып, дауыс жинаймын, ғылыми еңбектерсiз 

ақ құлағымды асырып, мүше корреспондеттікке сайланамын деп жанталасқан 

Келтектiң  образы  өте  қызық.  Ол  өзiнiң  iс-əрекеттерiмен  от  басы,  ошақ 

қасындағы  өсек-аяннан  асып  кете  алмайтын  саяз,  жұғымсыз  адам  екенiн 

аңғартады. 

Дегенмен қазақ драматургиясы өзге проза мен поэзияға қарағанда əдеби 

даму  процесiнде  тиiстi  асуларды  толық  меңгердi  деп  айта  алмаймыз.  Бұл 

салада жаңашыл iзденiстер, батыл қадамдар аса қажет. Əсiресе, драматургтер 

мен  театрлар  арасындағы  бiрлiк,  екеуiнiң  де  қатар  дамуы-мұның  айқын 

дəлелi деп тануға болады. 



 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1.  Драмалық жанр, оның сипаты. 

2.  Қазiргi қазақ драматургиясы, оның мəселелерi 

3.  Қазақ драматургиясындағы iзденiстер жəне проблемалар. 

4.  Қ.Мухамеджанов,  С.Балғабаев,  Д.Исабеков  драмалық  шығармалары, 

олардың идеялық мазмұны 

5.  Жастар  драматургиясына  шолу  жаса.  Бiр  драмалық  шығарманы 

талда. 


 

 

 

Əдебиеттер 



 

1. С.Ордалиев. Конфликт жəне характер 

2. Р.Нұрғалиев. Қүретамыр. 

3. Р.Рүстембекова.Қазақ совет комедиясы. 

4. Н.Ғабдуллин. Ғəбит Мүсіреповтың драматургиясы.  

 

 



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Əдебиеттану мен əдеби сындағы 



Қазiргi беталыс пен бағыт 

 

Жоспар 

1.  Əдебиеттану мен əдеби сын туралы. 

2.  Əдебиеттану мен сынның қазiргi жағдайы. 

3.  Əдебиеттану мен сынның мiндеттерi. 

4.  Əдебиеттану мен сынның əдеби процестен алатын орны. 

 

 



 

Тiрек сөздер:  Əдебиеттану илими-тарихы, теориясы, текстология, тарихилық 

принциптери.  Əдебиет  тарихынын  бастау  көздерi,  ортақ  ақын  жазушылар. 

Теориялык проблемалар: стиль творчестволық метод, əдеби ағымдар. 

 


Əдебиеттiң  қай  саласы  болсын  уақыт  өте  келе  сапалық  өзгерiс-

құбылыстарға  ұшырап,  даму  орбу  нəтижесiнде  түрлене,  бұтақ  жая  түсетiнi 

белгiлi. 

Өскелең саланың бiрi жауынгер жанр-əдебиет сыны. Əдебиет қоғамдық 

саланың бiр формасы десек, əдеби- көркем сөз əдеби процестiң дамуына əсер 

етушi  қабiлетке  ие,  əдеби  көркем  сынның  өсiп-өркендеуiне  өзгеше  қуатты 

ықпал  жасайтын  күштiң  бiрi-мерзiмдi  басылым.  Газет  пен  журнал 

жұртшылыққа кеңiнен тарауымен, оперативтi белсендiлiгiмен қоғамдық пiкiр 

қалыптастыруда  үлкен  роль  атқарады.  Əдебиетiмiздiң  əр  саласында  жарық 

көрiп жатқан шығармалар мол. Алайда сол шығармалардың саны мен сапасы 

үнемi  үйлесе  бере  ме,  замандастар  бойындағы  жарқын  қасиеттердiң 

қалыптасып  нығаюына  қаншалықты  əсер  етiп  отыр  деген  мəселе  күн 

тəртiбiнен түспек емес. 

Əдеби-көркем  сынның  ерекшелiгi  мен  мiндетi,  сыншы  парасаты  мен 

парызы  жөнiнде  ар  дəуiрдiң  ойшылдары  өз  талғам  тұжырымдарын  ортаға 

салып, сынның қиын жанр екенiн, сыншы сирек дарын екенiн мойындаған. 

Сыншы өз дəуірінің перзенті. Жалынды публицист, салауатты санткері. 

Ол өз кезінің өнер туындыларына ой жібере отырып, əділ сөзін айтуға тиіс. 

Өз  заманындағы  суреткерлердің  шығармаларын  талдай  отырып,  өнерге, 

мəдениетке ғана емес, тарихқа, философиялық ой-өріске, заман, дəуір, қоғам 

деген  ұғымдарға  өзіндік  көзқарас,  талғам-танымын  білдіруге  тиіс.  Сыншы 

сонымен бірге өзіде өнер иесі болғандықтан, ең басты көркемдік компонент 

Тіл  екенін  ұмыта  алмайды.  Ой-пікірімді  айтсам  болды,  оның  қалай 

жазылғанында  шаруам  шамалы  деп,  көркемдікті  құрбандыққа  шалар  болса-

онда ол өнер иесі емес. Сыншының өз туындысында да ой мен тіл қос қағыс 

боп,  қатар  жатуға  керек.  Публицистика,  Философия,  Суреткерлік  түгел 

тоғысып  келуге  керек.  Жəне  сыншы  өнерінде  эстетикалық  талғам  ат 

байлайтын  алтын  қазығындай  болуға  керек.  Сын  өнерін  əдебиеттің  басқа 

жанрларымен қатар қойғанда ғана, сынышынң маңдайы жарқырайды. Əдеби-

көркем сыннан эстетикалық лəззат тілемейінше, оның бағы жанбайды. Ол тек 

қосалқы жанр, əдебиеттің қол бала жанры боп тіршілік ете алмайды. Осыған 

табан тіремейінше, осындай бір ойды мақсұт қып ұстанбайынша, əдеби сын 

өнер бола алмайды. 

Адам  баласының  өмір  бойғы  таласып-тартысып  келген  толғақты 

сауалдары ішінде ӨНЕРДІҢ орны, атқаратын ісі, түптен тартқанда барар жер, 

бағдар табар тұсы айрықша аталады. Жалпы, өнердің құдіретіне таңдану бір 

басқа да, сол құдіретті түйсіне отырып, бастан кешу бір басқа. Азап та, рақат 

та, сосын, шыны керек, бір түрлі жаның түршігеді. Жаның түршігетін себебі, 

əрине, аса қиын жауапкершілік сезінгендіктен. 

Өнердің  жалғыз  міндеті-ол  жақсылық  не  жамандық  турасында  болсын-

адам  бойына,  адам  мінезіне,  əйтеуір,  бір  өзгеірс  енгізу.  Жан  дүниеңді 

жаңғыртып,  жаңартып  өту.  Таратыңқырап  айтсақ,  Адамды  өзгертуге,  осы 

кезге  дейін  өзі  жүріп  келген  жолына  қайта  бір  қарап,  қалайша  жүріп-тұрып 

келгеніне  ой  жіберткізу,  тұлан  тұтқандай  бір  сезімді  бастан  кешкізу.  Бұдан 

артық, ойлап тұрсақ, ешқандай ұлы міндет, ұлы мақсат жоқ. Əуелде мұндай 


сөз қыздырманың екі көзі күлмеңдеген қызыл сөзі, жеңіл сөзі боп көрінуі бек 

мүмкін.  Бірақ  бар  ғой,  өнер  туралы  ертелі-кеш  айтылып,  көп  қайталанып 

келген бұл сөзден артық салмақты, салауатты ұғым жəне жоқ. Өйткені адамға 

əсер  етуден,  адамды  ойға  қалдырудан,  Адам  баласын  толғандырудан  артық 

ештеңе  де,  еш  нəрсе  де  болған  емес.  Сондықтан  да  адамды  өзгертетін  ең 

құдіретті  күш-ӨНЕР,  өнер  болғанда-СӨЗ  өнері.  Сонда  жəне  сөз  өнерін 

ұстанғандардың  бəрі  де  жаңа  адамды  тəрбиелеуге  күш  салуымыз  керек, 

кейіпкерлеріміз  өмірдің  өз  перзентіндей  иландырумен  бірге, «солай  болсам, 

шіркін!»  немесе  «ондай  болмасам  екен!»  дегізетіндей  болуға  керек.  Сонда 

ғана  біз  өнердің  өнегесін  көреміз.  Өнердің  түп  қазығы  қайда  қағылғанын 

көреміз. 

Түп  қазық  дегеннен  шығады.  Түп  қазықты  о  баста  сарапшы  қаққан. 

Сарапшы деген сарабдал сыншы деген мағынаға саяды. Ал əдебиетте ондай 

сарабдал сыншы-əдебиет сыншысы. Бірақ адамдар өзгереді екен, адамзаттың 

не бағы, не соры, оның білім-білік, ақыл-зеректігі де өседі, өзгереді екен, сол 

екі  арада  əдебиет  сыншысына  да  көзқарасы  мүлде  өзгеріп,  ауысып  кете 

береді  екен.  Өкпелейтін  тағы  ештеңесі  жоқ,  жұрттың  бəрі  сыншы  боп, 

жұрттың  бəрі  мінеп,  кекеп  отыратын  жағдайда  сыншы  деген  өз-өзінен 

қысылатын да реет бола береді екен. Əсіресе көнбейтін нəрсе-өзің көріп, өзің, 

өзің ұққан нəрсені, ақ-қараны айырмау. 

Əйтпесе: 

кемшілікті көрдің бе – айт; 

кемшілікті сездің бе – талдап-тарат; 

Еш  уақытта,  ешқандай  жағдайда,  ешкімнің  бет-пердесіне  қарамай-

айтарыңды айт, қапы қалма дейміз. 

Бəріміз жабыла айтып жүрген жалғыз сол. 

Ал енді сөйтіп көр! 

Осы  тұста  ашып  айтатын  бір  шындық,  бұлтартпас,  жалтартпас  ащы 

шындық сол-қапы қалмайын деп: 

айтарыңды айтсаң; 

ымырадан  кетіп,  бет-пердеге  қарамасаң-досыңның  қасы,  не  қасыңның 

досы,  немесе  бар  ғой,  досыңның  тап  өзі  өкпелеп,  əпсін  оқып,  əпшіңді 

қуырғысы келеді екен. 

Өз  басым  осыған  таң  қалдым.  Бұным,  айналып  келгенде  жаман 

ойлағаннан емес, кешегімізге қарап білуіміз керек емес пе деген ойдан туып 

жатыр. 


Қазір  əдеби  сында  жанр  көп.  Соның  бірі – портрет.  Бірақ  сол  портрет 

жанрын бір жазушы бір жазушыға арнап, жарыса жазып жатқанын көргенде, 

əдеби  сынның  болашағы  қалай  болар  екен  деген  күмəнді,  күдікті  ойлар 

мазалайды. Мен тіпті жазушының өзі туралы жазғандарына талғаммен қарау 

керек дер едім. Бəрі де керек. Соның өзінде жасы айтсын, жасамысы айтсын-

құрысын демей, дұрысын айтсын. Мен сөйтіп едім, осылайша шештім деп өз 

творчествосын өзі талдау əдеби сын емес. Ол мемуардың тірлігі. Ал рецензия 

турасында  əуелден-ақ  көп  қайталанып  айтылумен  келеді.  Бұл  өзі  бүгінгі 

əдеби  баспасөздің  ең  тиімді  жанрларының  бірі.  Соны  біле  тұра,  кейде 


рецензия жанрын санаулы бет, санаулы жолдарға мөлшерлеп, бағын байлап 

жүрген сияқтымыз. 

Асылы,  əр  жанрдың  ерекшелігін  көлем  билемей,  ішкі  мазмұн, 

композициялық бітімі белгілейді. 

Бəрінен  де  керегі-əділдік.  Ал  əділ  сөз  айту  үшін  əр  шығарманың  арғы 

тереңіне  үңіліп,  жазушының  жан  түкпіріне  бойлау  керек.  Көркемдік 

компоненттерді қосарлап, жан-жақты талдағанда ғана, сауатты, салауатты ой 

көзімен қарағанда ғана, əділ сөз айтылады. 

  Осы  тұрғыдан  келгенде  əдеби  сынымызда  сыншы  мақсаты  мен 

мiндетiне,  мүмкiндiгiне  орай  шартты  түрде  алғанда  негiзгi  үш  принцiп,  үш 

сипат бар десек, соның iшiнде əдеби шығармаларды бар десек, соның iшiнде 

əдеби  шығармаларды  көркемдiк  талдауға  келгенде  белсендiлiкпен  көзге 

түсетiн  ең  алдымен  сыни  талдау.  Хасен  Əдiбаевтың  «Көкжиек»  аталатын 

кiтабы мұның дəлелi. 

Соңғы  жылдардағы  əдеби  процеске  үңiлiп,  қаламгерлерiмiздiң  iзденген 

байыптағы  осы  кiтаптан  байқалатын  ерекшелiк-сыншының  сауаттылығы, 

көркем шығарманың сапасын терең түсiнiп талдай алатындығы. 

Хасен  Əдiбаев  өз  кiтабында  соңғы  он  жылға  жуық  уақытта  шыққан 

шығармаларды  тiлге  тиек  ете  отырып,  қазiргi  əдеби  процеске  жанрлық-

тақырыптық  iзденiстер,  саны  мен  сапаның  арасы  қалай  деген  мəселеге 

байланысты  терең  үңiлген.  Сыншы  көптеген  шығармаларды  нақты  талдай 

келiп,  олардың  жетiстiк-кемшiлiктерiн  анық  көрсетедi.  Көркем  шығарма 

табиғатын  жағсы  түсiнiп  сапасын  сараптай  бiлетiн  автордың  мақалдарын 

қызығып  оқисын.  Сыншының  өз  жүрегiнiң  лупiлiн,  эстетикалық  талап-

талғамын бақылап-барлаумен бiрге қазiргi əдеби процестiң iшкi тынысын да 

сезiнесiн. Мұның өзi сыншының уақыт талабына, бүгiнгi оқырман талабына 

жауап беруi, талғамына əсер етуi болып есептелсе керек. Кейбiр кемшiлiктер 

болуына қарамастан Х. Əдiбаевтың жауынгер сын қаламын тастамай, бүгiнгi 

əдеби процестi байыптау жолында еңбек етiп келедi. 

Академик  сыншы-М.Қаратаев  кiтаптары  сынысыздың  елеулi  табысы. 

Сыншынын  еркие  қалам  тербеп,  белгiлi  бiр  шығармалар  туралы  ойларын 

шешендiкпен толғауы, эстетикалық-философиялық толғаныстары аса əсерлi. 

Əсiресе,  А.Нұрпейiсов  тұралы  «Дала  шапағы»,  Олжас  Сүлейменов  туралы 

«Самғай  берсiн  жас  қыран»  мақалалары  аса  бiлгiрлiктiң  белгiсiндей. 

Бiрiншiсiнде  бүгiнгi  əдебиетiмiздiң  мақтанышына  айналып  отырған  атақты 

шығарманың  көркемдiк  ерекшелiктерiн  тап  басып  талдап  көрсетсе, 

екiншiсiнде  жалпы  Олжас  Сүлейменовтың  күрделi  творчествосы  туралы 

қазақ сыныда бұрын-сонды маңдай бiлгiрлiкпен, шабытпен жазылған мақала 

кездескен  емес.  Осы  екi  мақала  нақты  сыни  талдаудың  қазiргi  қазақ 

сынындағы биiк үлгiсi. 

Əдеби  процесте  əдеби  сынның  əсер-ықпалы  қаншалық  боларын 

дəлелдеп  айту  қиын.  Өйткені  сын  өзі  көркем  əдебиеттің  перзенті.  Əдебиет, 

əдеби  шығарма  болмаса,  əдеби  сын  да  болмас  еді.  Дəлелдеуді  тілемейтін 

шындық. Бірақ əдебиеттің өзінен туындайтын əдеби сын енді əдебиеттің өзін 

алға  тартып,  бастауға  тиіс  болған  тұста  ол  өзгеріп,  өзгеше  құдірет  артып, 


өзінше  бөлек  бітімді  өнер  түріне  айналады.  Сонда  жəне  философияны, 

тəжірибе,  талғам,  таным  атаулыны  түгел  қосып,  тұтас  қамтыған  салаға 

ауысады.  Əдеби  сын,  жалпы,  өнердің  қай  бағытта,  қай  тұрғыда  бара 

жатқанын анықтайды. 

Міне,  бұл  тұста  əдеби-көркем  сын  тəрбиеші  де,  насихатшы  да,  талдап, 

таразыға салушы да боп, өзі де түлеп, түрленіп сала беруге тиіс. Əйтпесе өзі 

бастаған  əдебиеттің  соңында  қалар  еді.  Бұның  анық  дəлелін  күллі  əлем 

əдебиетін айтпай-ақ қазақ əдебиетінің тарихынан көруге болады. 

Бүгiнде  əдеби  процесiмiздiң  бас-аяғын  қамтып,  елеулi  жайларды 

жинақтап қорытып айтатын шолу мақалалардың аздау екенi белгiлi.  

Ал  бүгiнгi  əдеби  сынымыздағы  спецификалық-теориялық  талдаудың 

көрнектi  мысалы  деп  айтуға  лайықты  «Көркемдiктiң  көрiнiсi»  атты 

проблемалық мақаладан академик-сыншы өзi сер салған теориялық мəселенi 

бiлiмпаздықпен талдауына қуанамыз. Автор байсалды ғылыми тұжырымдар 

жасайды.  Эруциялық  негiз  терең,  нық  болмайынша  сыншы  концепциясы 

қалыптаспайтыны түсiнiктi. Ал концептуальдық-проблемалық мақалалардың 

əдеби процеске ықпал жасайтыны сөзсiз. Өйткенi қазiргi əдебиетiмiзде алуан 

стилдiк iзденiстер бары толассыз. 

Əдеби 

спецификалық-теориялық 



талдауда 

жекелеген 

көркем 

шығармалар  негiзiнен  алғанда  көркем  компоненттер,  бейнелеу  принцiптерi 



секiлдi  пайдаланатынына  М.Қаратаевтың  «Көркемдiктiң  көрiнiсi»  атты 

мақаласы куə. 

Сыншы Рахманқұл Бердiбаевтың байсалдығы, ұстамдылығы құптарлық. 

Көптеген  жазушылардың  романдарын  талдай  келiп,  қазiргi  қазақ 

прозасындағы  жетiскендiктер  мен  кемшiлiктерге  тоқталады.  Мұндай  iрi 

жанрға  үнемi  анализ  жасау,  түйiндi  жинақтауларды  толғау  мүмкiн  емес. 

Қазақ  прозасы  халқында  сыншы  көптен  берi  ой  толғап  келедi. «Қазақ 

прзасындағы  замандас  тұлғасы», «Роман  жəне  заман», «Қазақ  тарихи 

романы»  т.б.  кiтаптар  солардың  айғағы. «Үлкен  проза  парызы»  мақаласы 

бұдан  ертеректе  жазғанымен,  əлi  де  күн  тəртiбiнен  түспей  келе  жатқан 

мəселелердi қозғайтын еңбек. 

Сыншы  мақалаларын  жазу  үшiн  көп  еңбек  еткен.  Позициясы  айқын, 

эстетикалық  сезiнуi  жiтi.  Мақалада  «Абай  жəне  Шығыс»  əдебиетi  атты 

тақырып 


əдебиеттануымызда 

бiршама 


зерттелгенмен 

онша 


қанағаттандырмайды. 

Ғалымның  топшылауындай  Абай  ғақлиялары  шынында  араб-парсы 

немесе  Орта  Азиялық  түркi  əдебиетiнде  бар  дəстүр  бойынша  жазылуы 

мүмкiн. Оған негiз-Абайдын шығыс əдебиетiн терең меңгергенi. 

Жамбыл, Иса тұралы мақалаларында олардың творчествосына ғана емес 

ауыз  əдебиетiн,  айтыс  ақындарының  ерекшелiктерiне  де  өзiндiк  ой  айтып, 

тұжырымдар жасайды. Мақалалардың ғылыми құндылығы да осында. 

Бүгiнгi 


əдебиеттануда 

байқалатын 

игi 

ерекшелiктердiң 



бiрi- 

əдебиетiмiздiң  əр  саласының  түрлi  қырынан  жүйеленiп,  тақырыптың  не 

жанрлық  тұрғыдан  бiрыңғай  зерттелуi,  филология  ғылымдары  кандидаты 

К.Сейдановтың  «Достық  əуендерi»  кiтабы  осынын  бiр  көрiнiсi.  Ол  қазақ 



əдебиетi  мен  өзбек  əдебиетiнiң  достық  байланысын,  туысқандық  қарым-

қатынасын көптен берi зерттеп келедi. Еңбектiң ұнамды сипаты-деректердiң, 

мысалдардың  мол  келтiрiлуi.  Дегенмен,  зерттеушiнiң  құр  фактiлердi 

толғаусыз тiзе беруi құптарлық əдiс емес. 

Зерттеу мен сынның мiндетi-сүреткердiң идеялық-көркемдiк ұмтылысы 

мен шеберлiгiн əдеби-қоғамдық, философиялық қоғамдық əспектiден қарауы. 

Ал  болмыс  бiтiмi  өзгеше  шығарманың  дүниеге  келуi  көркемдiк  талдау 

тəжрiбесiн толықтыра түседi. Бұндай шығарманы сыншы не ғалым түсiнуге 

кейде  өресi  жетпей,  бұрыннан  бар  əдеби  түрлердiң  ешбiрiне  сəйкестендiре 

алмаса,  өзi  бiлетiн  нормативтердi  талап  етiп,  бiр  жақтылыққа,  жансақтыққа 

ұрынып қалатыны да болады. 

Сыншынын  ғылыми  мəселелердi  байыпты  көтеруi,  ғылымның 

эстетикалық  сезiмталдығы,  таланты  мен  шеберлiгi  мiне,  осыдан  байқалса 

керек. 


Ең  бастысы-əдебиетiмiздегi  қандай  да  болсын  көркемдiк  жаналықтар 

немесе  белең  берген  кемшiлiктер  қашан  да  сын  назарына  илiгiп,  арқылы 

мақалаларға арқау болып келедi. Əдеби сынымыздың осындай барлаушылық 

қызметi  арқасында  əдебиетiмiздегi  жанрлық,  тақырыптық  iзденiстер  мен 

табыстар,  жекелеген  көрнектi  қаламгерлердiң  творчествосы,  туған 

əдебиетiмiздiң  алуан  салалары,  өзге  əдебиеттермен  байланысы  туралы 

көптеген  сыни-ғылыми  еңбектер  дүниеге  келдi.  Оған  М.Қаратаевтың, 

Е.Ысмайловтың, 

Б.Шалабаевтың, 

Т.Нұртазиннiң, 

Т.Какишовтың, 

А.Нұрқатовтың,  З.Ахметовтың  т.б.  зерттеулерi  дəлел.  Əдеби  сынымыздың 

қыруар  мысалдарды  нақты  талдап,  көркемдiк-iзденiстер  төңiрегiне 

теориялық-аналитикалық  жинақтаулар  жасап,  қоғамдық  пiкiрлер  тудыруға 

ұйытқы  болуы  көптеген  күрделi  де  iргелi  зерттеулердiң  өзiндiк  сипатын 

анықтауға,  күнделiктi  əдеби  процестегi  əр  алуан  қозғалыстарға  белгiлi  бiр 

дəрежеде  ықпал  ететiнi  талассыз.  Ендеше  əдебиеттiн  өзiн-өзi  тануы  деген 

мəселе тұрғысынан келгенде əдеби сынымыздың осы уақытқа дейiн атқарып 

келген  елеулi  ролiн  жəне  қазiргi  кездегi  үлкен  маңызын  да  кемсiтуге 

болмайды.  Əрине,  алынбай  жатқан  асулар,  ойыннан  кетпейтiн  ол  қылықтар 

толып  жатыр.  Бiздiңше,  əдебиеттiң  өзiн  өзi  тануы  неғұрлым  биiк  дəрежеге 

көтерiлсе, қоғамның өзiн өзi көркемдiк тұрғыдан тануы арта түспекшi. Олай 

болса,  əдебиеттiң  өзiн-өзi  тануы  жоғары  денгейге  көтерiлгенде  ғана 

қоғамның өзiн өзi көркемдiк тануына ұласпақшы. Өйткенi бұл екеу генезисi 

туу  тегi  жағынан  алып  қарағанда  тамырлас  болғанымен,  көтерiлген  сатысы 

жағынан əрқайсысының өзiндiк ерекшелiгi бар. 

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 



1.  Əдебиеттану ғылымының қазiргi сипаты, даму тенденциясы. 

2.  Əдебиет тарихына жаңаша көзқарас. 

3.  Əдебиет тарихының жаңа есiмдермен толығуы. 

4.  Теория саласындағы жаңаша iзденiстер. 

5.  Əдеби сын-қазiргi кезеңде. 


6.  Əдеби сынның сипаты мен мақсаты неде деп түсiнесiн. 

 

Əдебиеттер: 

1.  А.Егеубаев. «Сөз жүйесi» 

2.  Б.Ыбырайымов. «Ой мен сөз». 

3.  С.Қирабаев. «Талапқа қүрмет». 

4.  З.Қабдолов. «Жебе». 

 

Мазмұны 

 

Қазіргі əдеби процесс пəні, оның мақсаты мен сипаты, зерттеу объектісі.

....................................................................... Ошибка! Закладка не определена. 

 

Қазіргі қазақ поэмасы. Жанрлық ізденістер ....................................................... 33



 

 

Поэма жанрындағы көркемдік əзденістер, олардың өрінісі ............................. 42



 

 

Бүгiнгi таңдағы проза............................................................................................ 43



 

 

Қазіргі əдебиеттегі əңгіме жанры.



 

Жастар əңгімелерінің ерекшеліктері........ 48

 

 

Қазiргi повестер жəне олардың



 

идеялык көркемдiгi......................................... 59

 

 

Қазiргi қазақ  романшылығы. Даму жолдары. Жанрлық ерекшелiктерi......... 67



 

 

Тарихи роман: жанрдағы жаңаша ізденістер. І.Есенберлин, Ə.Кекілбаев т.б....



 

Роман эссе: жанрдың қалыптасуы мен дамуы ................................................... 77 

 

Қазақ драматургиясы қазiргi кезеңде.................................................................. 83



 

 

Əдебиеттану мен əдеби сындағы



 қ

азiргi беталыс пен бағыт............................ 89

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бердақ атындағы Қарақалпақ мəмлекетлик 

университетиниң баспаханасы 

Өзбекстан Республикасының Баспа сөз комитети лицензиясы 

№11-665. 28-февраль, 2009-жыл. 

 

Көлеми 6 баспа табақ 



Буйыртпа №___ Нусқасы 100. 

Офсет усылында RISO 3105 машынында басылды. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет