Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Роман туралы ұғым анықтамасы.
2.Қазақ романының жанрлары: тарихи, əлеуметтiк, тұрмыстық т.б.
романдар
3.Роман-эпопея, оның жанрлық белгiлерi
4.Қазақ романындағы жанашылдық, iзденiстер.
5.Романның жазылу формалары мен түрлерi.
6.Қазiргi романдардың көрнектi өкiлдерi: К.Жұмадилов, Ш.Мұртаза,
Ə.Нұршайықов, К.Найманбаев т.б.
7.Қазiргi қазақ романдарының даму тенденциясы.
Əдебиеттер
1.М.Атымов. Қазақ романының поэтикасы.
2.Р.Бердибаев. Қазақ тарихи романы.
3.А.Егеубаев. Қазақ тарихи романы.
4.Р.Нургалиев. Телконың (Телағыс)
5.С.Кирабаев. Талантқа қүрмет.
Тарихи роман: жанрдағы жаңаша ізденістер.
І.Есенберлин, Ə.Кекілбаев т.б.
Роман эссе: жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Біздің бүгінгі өміріміз-біз үшін бүгінгі тақырып болғанымен, болашақ
ұрпақ үшін бəрібір тарих. Əр заман жазушылары өз дəуірінің шындығы
жайлы əрдайым жеткілікті көркемдік үлгі қалдыра бермеуі мүмкін. Рухани
мұра мейлінше мол дегенмен, келешек ұрпақ өз биігінен біздің бүгінгі
өмірімізге барлау жасап, жаңа заманның идеялық-өнегелік көзқарасымен
бағалап, біздің ғасырымыздың табиғатын замандастарына жете түсіндіру
үшін талай-талай тарихи шығармалар тудырары да даусыз.
Тарихи роман табиғатын тану талпынысы сабақтас, əрі салыстырмалы
осы біртұтас өнер ұғымының ішкі ерекшеліктерінен басталады.
Белгілі бір жазушының өз заманынан талай жыл, талай ғасырлар
бұрынғы тарихи тақырыптарға баруы тек тарихи мұқтаждықтан ғана туса
керек.
Қазақ сыншылары тарихи шығармадан гөрі осы заман шындығына қалам
тартуды көбірек көлеңдете берсе, біз мұны Одақтық баспасөз бетіндегі орыс
əдебиетшіліренің қайсыбір пікірлерін қазақ топырағына, қазақ əдебиеті
атмосферасына ойланбай көшіру деп түсінеміз.
Қазақ халқының өткен бел-белестері, бетке ұстар азаматтары, жалпы
тірлік-тынысы, күрес жолы жайлы біз ауыз əдебиетінің мұралары-ертегі-
аңыздар, ерлік эпостары, тұрмыс-салт жырлары мен жеке лирикалық
туындылар арқылы ғана білмесек, бұл салада, көркем өнер қорында рухани
мұрамыз «Абай» романдарына дейін онша мардымды бола қойған жоқ.
Ендеше,
М.Əуезов,
С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов,
Х.Есенжанов,
Ə.Нұрпейісов, З.Шашкин, Д.Əбілев, Ə.Есенберлин сияқты т. б.
қаламгерлерімізді халқымыздың өткен тағдыры өте-мөте толғандыруының
табиғи негізі бар.
Осы өнер шындығы бізге жалпы тарихи роман дегеніміздің өзіндік
табиғатын, ерекшелігін айқындатуға, оның ғылыми көрінісін топшылауға
біркелкі жағдай туғызады.
Тарихи тақырыпқа алғашқы адым француз романтиктерінде қылаң
бергенімен, шын мəніндегі тарихи шығарманың теориялық мəселесі шотланд
романисі Вальтер Скоттың туындылары («Айвенго») негізінен басталған.
ХIХ ғасырдың алғашқы ширегінде бұл ағылшын, француз ойшылдарының
терең толғанған тақырыбы болды да, кейін орыс əдебиет сынында тарихи
романның теориялық түсінігі тереңдеп, қазіргі əдебиет зерттеушілерінің
аттап кете алмайтын ғылыми бір мұрасына айналып отыр.
Тарихи оқиғаның характерін, рухын сақтай отырып, суреткер
фантазиясымен көрінген көркем шындық орайында М.Əуезов тəжірибесінің
маңызы зор. «Абай» романдарының жазылу тарихына тоқталғанда ол, бірен-
сараны болмаса, кейіпкерлерінің түгелге дерлік өмірде болған адамдар
екенін, олардың бəрі бірдей белгілі тарихи роль атқарып жатпаса да, Абай
айналасында өмір сүріп, тіршілік еткендіктен, азамат ақынды, дəуір
шындығын көрсетуде бұларды елеусіз қалдыруға болмайтынын айтады.
Тарих тек Абай сияқты ұлы адамдармен ғана емес, тарихи өмірдің
үлкенді-кішілі бүкіл болмысымен тұтас қаралауға тиіс. Өткен дəуірдің
қоғамдық құбылыстарын қаз қалпында бейнелеп, дəрежесі, қабілет-қауқары
əр деңгейлі жеке адамдардың күллі тірлігін бар бедерімен, бар
қайшылығымен мөлдіретіп жеткізу-жазушы мəдениетінің жемісі дегенде, біз
мұны ең алдымен тарихи романның табиғаты танылар рухани мұралардың
бұрын-соңғы бай тəжірибесін бірден-бір үлгі тұтқандықтан деп білеміз.
Тарихи тұлға деп, халықтық характерлердің ролін кемітуге, халық
тағдыры деп, тарихты жасайтын халық деп жеке адамдардың ерлік жолын
қоғамдық құбылыстардың табиғатынан бөліп қарауға да болмайды. Мұның
бəрі-бір-бірін толықтыра отырып, өткен заман шындығын қаз қалпында
қабылдауға оқушыны тəрбиелейтін біртұтас процесс.
Жұртшылыққа белгілі əлем əдебиетінің əрі-бергі үздік үлгілерін бұл
жерде санап жату шарт емес. Қазақ əдебиетінің соңғы туындыларының өзі-ақ
бізге біраз шындықтың байыбына баруға мүмкіндік береді.
І.Есенберлиннің «Қаһар» романында бір кезде Қоқан, Хиуа
хандықтарының қысымшылығын, патшалық Ресейдің отарлық езгісін бастан
кешірген қазақтар өмірі бейнеленеді. ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы
халқымыздың трагедиялық ауыр тағдыры бұл. Өмір шындығының көркемдік
қорытылуы тұрғысынан, таза өнер сұлулығы тұрғысынан қарағанда авторға
айтылар талап-тілектер аз емес. Бірақ осы романда, əсіресе, жазушының
сонау бір замандағы ата-жұрт, белгілі адамдарды өз өмір жолымен, архив
қазынасы сақтаған тарихи материалдарды, документтерді мүмкін-қадарынша
нақты шындығымен тікелей негізге алғандығы көрініп тұр.
Кенесары Қасымов қозғалысының сыр-сипатына бойлау, реакциялық-
феодалдық хандық қайшылықтарын Ашу, ел бірлігі мұраты мен мансап
қасіреті, жазушының тарихи толғамы арқылы өрбитін тарихи оқиғалар
жүйесі, халық басынан кешкен белес-белес кезеңдер, тұрмыс-күй
ауыртпалықтары оқушыны, сөз жоқ, толғандырады.
Кенесары түсі, Омбы, Орынбор жолымен қазақ жеріне енген отарлық
жорықтар, халық қозғалысындағы азаттық үміті мен адасып төгілген қан,
прогресшіл орыс интеллигенттері Иосиф Гербурт, Есіркеген желісі арқылы
ашылатын достық идеясы, Наурызбай, Ағыбай, Байтабын бейнесі нақты өмір
деректерінен мағлұмат береді.
Тарихи материализм, тарих ғылымының қазіргі жетістігі тарихи роман
проблемасы шешуде жаңа белестер ашып берді. Халық тағдыры, халық
күресінің, жалпы тарихи процестің қоғамдық сипатына енді айрықша мəн
беріліп отыр. Өткен заман шындығын көркемдік тұрғыдан танудың
əлеуметтік, эстетикалық, тəрбиелік қадірі, мёне, осы тарихи себептермен
сабақтас көрінеді.
Тарихи роман табиғаты дегеніміз-тоқталған осынау əрілі-бергі
теориялық тұжырымдардан шығып жатыр.
Тарихи туындының тынысы-өткен өмір. Тарихи романның мазмұнын
ашатын, əрі бірден көзге түсетін, тұңғыш назар аударылатын беташар белгісі
бұл.
Жазушының қаламгерлік лабораториясында біте қайнасып, өріліп,
біртұтас құбылыс туғанымен, тарихи роман қос бұлақтың көзінен тамыр
тартады. Тарихи мазмұны оны тарих ғылымына жақындатады да, көркемдік
формасы сөз өнері туындыларының бəрімен бауырластырады. Тарихи
романның өзіндік сипаты, басты шарты-осы тарихи шындық пен көркемдік
қасиетінің жігі ажырамас бірегейлік бітімінде жатыр.
Бұл жерде тарихи романның жанрлық табиғатын жан-жақты ашу үшін
оның ішкі сарайына əлі бойлап үңілу керек. Жаңағы алғы, басты шарттың
дұрыс-бұрыстығын тексеру керек. Осыдан тарихи туындының іштей екі
ерекшелігі жіктеледі.
Əр дəуір өз рухымен. Қазіргі күннен басқаша өзіндік ауа райымен қаз-
қалпында беріліп, сезіндіру жағынан да ол бізге бар болмысымен шынайы
қабылдауға тиіс. Заман мен заманның айырмашылығы бұрмаланған жерде
тарихи шындық бұрмаланады. Тарихи романның негізгі сипаты, басты шарты
сақталған жағдайда, оның біртұтас бітімінен, ішкі əлемінен танылатын
бірінші ерекшелігі-осы уақыт факторы.
Тарихи шығармалардың екінші ерекшелігі-мұнда жаңа заман жазушысы
өткен тарихи тағдырды, тарих сабағын бүгінгі күннің биігінен қорытып,
қандай да құбылысты болмасын, бүгінгі өз көзқарасымен бағалап қалам
тартуға тиіс.
Материалға бұл жерде автордың творчестволық қатынасы-қазіргі күннің
таным-талабы, рухани тəжірибесімен сабақтас. Роман формасының соңғы
жетістіктері, жаңа эстетикалық өлшемдер шығарманың жазылу мəнерінде
шешуші роль атқарады.
Біз қазіргі заманымызды жан-жақты, жете тану үшін, оған тек
замандастың көзімен ғана емес, бірте-бірте тарихшының көзімен қарайтын
кездер болады. О да тарихи тағдырға айналады. Ал, тарихи тағдыр тарихи
проблематикаға айналуы үшін бұрынғы өмірмен кейінгі өмірді салыстырып
қарағанда өзара айырмашылығы көрінетіндей болуы керек, уақыттың жігі
ашылуы керек.
Тарихи романистке салыстыра қарауға мүмкіндік туғызған уақыт
аршыны дейтініміз осы. Бізге тарих болып танылар оқиғалар арнасында
əрекет еткен адамдардың сан-сезімі, арман-үміті, күрес-қызметі бүгінгі
өміріміздің көшірмесі боп шықпай, өткен оқиғаның себеп-салдары, етек-жеңі
толық көрініп, бар бітімі жан-жақты, жете бағалануға тиіс. Мұнан бүгінгі
тақырыпқа жазудан гөрі тарихи тақырыпқа жазу жеңіл деген ұғым тумасқа
тиіс. Ол-көркемдік өлшем. Ғалымдардың бір тобы тарихи романды тек
деректі шығармаларға телиді. Екінші тобы уақыт шалғайлығына баса назар
аударып, тарихи тақырыптың шегін Қазан революциясына тіресе, үшіншілері
дəуірлік оқиғалар мен тарихи ұлы тұлғалардың көрінуін ғана басты принцип
тұтады. Өткен өмір жайлы толғаныстардың бəрін тарихи туындылар деп
есептейтіндер де кездеседі. Əдебиетшілеріміз тұрақты, ортақ пікірге келе
алмай жүр. Тарихи жанрдың табиғатын əлі де жан-жақты зерттеу-жауапты
мəселенің бірі екені даусыз.
Кейде тарихи роман ерекшелігі жайлы ең байсалды, ойлы еңбектер
дегендеріміздің өзінде де артық-кем айтылған жайлар толып жатыр.
Айталық, И.К.Горский «Сенкевичтің тарихи романы» дейтін кітабында жанр
табиғатын анықтау үшін төрт шарттың орындалуын талап етеді. Өткен өмір
шындығы мен оның кезеңдік нақтылығы-бірінші шарт; заман тынысы, уақыт
ерекшелігі бүгінгі күнге қатнасы арқылы көрінуі, оқушы түсінігі сферасында
ғана емес, өткен өмірдің қазіргіден жігі аашылатындай авторлық идеялық-
творчестволық аспектіде берілуі-үшінші шарт.
Ал ғалымның төртінші мінездемесі іштей өзін-өзі қайталау екен: «И,
наконец, разграничение минувшего от настоящего в историческом романе
должно проявляться не только в плане понятий, но и в плане различия
эмоций современного человека от переживаний его предков».
Біз мұны алғашқы қос уақыт факторына енетін, жоғарыда көнсетілген
тарихи жанр ерекшеліктерінің өн-бойынан өрбитін, заманына сай бейнеленді
дейтін көркем характерлер бітімінен өнетін табиғи сезімдік əсер көрінісі деп
қараймыз. Тарихи роман тек тарихи түсінік алу үшін ғана оқылмайды.
Əңгіме көркемөнер туралы.
Егер біз тоқталған ерекшеліктер шығармада бейнеленген өткен өмірдің
тарихи нақты шындығы арқылы танылып, адамдар тағдыры бұрмаланбай, өз
заманына сай сөзі, əрекеті, қуаныш-күйініші, ой-сезіммен қаз қалпында
берілсе, яғни, тарихи роман деп отрыған шығармамаызды шын мəнінде
көркем туынды ретінде қаааабылдай алатын болсақ, онда Горский көрсеткен
бұл ерекшелік өзінен-өзі шығып жатқан аксиома. Мұндай жағдайда бүгінгі
адамдар мен ата-бабалардың көңіл-күйінде, сезімінде айырмашылық бар ма,
жоқ па деп қайталап сұрақ қоюдың өзі артық. Бұл-түптеп келгенде жазушы
шеберлігіне байланысты мəселел.
Тарихи тағдырды талдып, өткен өмір шындығын бүгінгі күннің
көзқарасымен бағалап қорытқанда да, жазушы өзінёң тарихи материалға
қатынасын, кейбір тарихи шолулар тұсында болмаса (ал тарихи шолу тарихи
романның бəрінде кездесе беруі шарт емес), оқушыға ашықтан-ашық ежіктеп
түсіндіріп отырмайды.
Тарихи романдарға тек дəуірлік ірі бетбұрыстар, бүкіл бір қоғамдық
құбылыстар тақырып болуы міндетті емес. Өткен заман адамдарының
тұрмыс-күйі, адамгершілік, зұлымдық жайлы түсініктер, ізгілік пен ездік
мінез көріністері тарихи жанр шығармаларын тудырып жатыр. Мұның бір
ғана шарты-арада өткен уақыттың бүгінгі күннен өткен заман адамдарының
психологиясын ажыратып беретіндей шамасы болу керек.
М.Мағауиннің «Аласапыран» оқиғасы қазақ даласын, Ібір-Сібір жұртын,
Орыс елін қамтиды. Он алтыншы ғасырдың соңғы жылдарындағы осынша
байтақ жерді жайлаған елдердің тұрмыс-тірлігін, экономикалық жағдайы мен
қоғамдық құрылыс сыңайын танытарлық бедерлі сурет салынған. Бұл шақта
Қазан, Астрахань хандықтары біржола құлап, Қырым хандығы əлсіреген.
Оның есесіне Россия айдарынан желе ескен айбарлы мемлекетке айналған
еді.
Романның образдар жүйесінен эпикалық шығармаға тəн ауқымдылық
аңғарылады. Əр халықтың, əр ұлттың, əр қилы топтың, əр таптың өкілдері
тек өзіне ғана жарасар, өз басына ғана, бітім-болмыс, пошым-пішіміне лайық
мінезбен көрінген. Хан т!уекел, Абалақ сұлтан, Сүтемген билер романға
апарар шағын кіріспе-беташарда бір көрініп өткеннің өзінде есте қап қойса,
Томан би, Ай-Шешек ару, Əз-ханым əже, Бесоба батыр, Төбет, Сейтек,
воевода ДанилоЧулков, Петр Урусов-əрқайсысы романның əр тарауында, əр
жағдайда бет пердесін ашып, өздігімен, ешкімге ұқсамас өзіндігімен
танылады. Біз сөз ғып отырған бірінші кітапта азды-көпті болса да елу Адам
өзінше дараланған, тағы талай ондаған адамдардың аты-жөні аталып,
кейіпкер аузымен болсын, автор атынан болсын, əйтеуір, өмір-тірлігі бояу-
бедерін табады. Біз осылардың ішінен əсіресе Ораз-Мұхамедтің өз басын
айрықша бөліп алар ек. Бұл орыс, қазақ елдерінің қарым-қатынасында тарихи
қызмет атқарған ірі тұлға болған еді. Он жеті жасында Тəуекел ханға қалға
сайланып, ел билігіне араласқан кезде-ақ, ол өз халқының мүддесін ойлап,
перзенттік парыздан шығуды көксеген азамат боп көрінеді. Қарапайым
жұртпен жастайынан араласып өспесе де, Əз-ханымдай ақылды ананың
тəрбиесін көрген, сезімтал, əсершіл, ойлы жас Арқа бетке-жайлауға бет алған
көш бойында-ақ сұлтандар мен бектердің, бай-бағлан, би атаулының,
батырлар мен қарапайым жасақтың жақсы-жаманын айырып, өз ортасына,
заманына ой жібергендей, көз ашқандай хал кешеді.
Ораз-Мұхамед өз бойындағы бар асыл қасиет үшін Əз-ханым атанған ел
анасы - əжесіне қарыздар. Оның бойына ұлттық мақтанышты, елін сүюді,
халқы үшін қалтқысыз тірлік кешуді сол ел анасы сүтпен беріп, сүйегіне
сіңірген. «Саған дейін де талай арыстың арсасы шыққан. Талай қаблан қан
құсқан…» «Сен би мен батырға сүйенсең, бек атаулы қара бұқарадан күш
алады». «Алдымен бұқараға жақ» дейді. «Ұсақтап ұтпа-ұзақтан күт».
«Қайткенде де жұрт өзіңдікі, жақсы көруге тырыс, жақсы көріп үйрен».
«Жұрттың жүз тілегін орында, жүз біріншіде мың батпан жүгіңді көтереді»
дейді. «Қарашы бегің қыран құс, жжем үшін ұшады, қызылдан қақпасаң,
қызыл шолақтың өзін алып береді» дейді кəрі əже. «Жұртқа таныл. Қарашы
халыққа жақ. Арғы аталарыңның абыройын асыраған-көк түйме тартқан
көпшілік болатын. Көрін көзіне» дейді тағы да. Бұл со заманның
философиясы. Жəне ол философия ел анасы-əженің аузымен айтылып отыр.
Ораз-Мұхамед тəрбие алған мектептің ұстазы аузымен айтылып отыр.
Ораз-Мұхамедтің адамгершіл болып өсуінде осындай сыр бар. Əже
ақылымен ел аралағанда, ол кедей жомарт Төбеттің үйінде түнейді. Атақты
Бесоба батырдың əңгімесін тыңдайды.
Ораз-Мұхамедтің ер мінезі, қажыр-қайрат, алымды айбары анық бедер
тапқан. Романның көп тарауларындағы қанық детальдар соның айғағы.
«Арқадағы аңшылықты» құланның тарпаңына найза салса, «Жаушыда» сыр
білмейтін орыс воеводасына қарусыз барады. Воеводаның опасыздығын
көргенде, онымен арыстанша арпалысады. «Мұны анасы биік Мəскеуде»
Петр Урусовтан тайсалмай, төбелеске шықпақ болады. Петрдың қызметші
жігіті үшін арашаға түсіп, аюды шауып тастайды. Құдіретті бояр Василий
Иванович Шуйскийге қарсы кеп, беттен алып, ойындағысын айтып-айтып,
үйінен шығып жүре береді. Нарва түбіндегі атақты шайқаста ерлігімен көзге
түсіп, Жеңімпаз Георгий əулинің бейнесі бедерленген алтын теңгеге ие
болады. Осылардың бəрінен біз Ораз-Мұхаммедтің руһы күштілігіне куə
боламыз.
Ораз-Мұхамедтің Ібір-Сібірде қамал сап, қала жайлап жатқан орыс
жұртымен тіл табыссам деген ниеті ағасы Тəуекелдің Созақтағы сауын-
жиында қазақты береке-бірлікке шақырған сөзінен туғаны хақ.
Өзге кейіпкерлерден Ай-Шешек, Томан би, Данило Чулков, Петр
Урусовтар толыққанды тұлғалар, есте қалар бейнелер дер едік. Томан би
ақыл-ойға жүйрік, көшпендіге ғана лайық көшпелі кісінің кейпінде көрінген.
Ол Ораз-Мұхамедпен тілдескенде: «Мен кісінің кəрінен қорқып отырғам
жоқ. Жақын түгілі жаттан жасқанып көрген емен. Бозқасқаның басында ант
бердім. Тірі жүрсек, төсекте басымыз, төскейде малымыз бірге. Ажал жетсе,
қабіріміз қатар болады. Бірақ тірі жүрген күннің бəрі тірлік пе, бірге жүрген
күннің бəрі бірлік пе. Ыға берсе, елде не абырай қалмақ, бұға берсе, биде не
бедел қалмақ!»-дейтіні бар. Ел қамын ойлаған Адам ғана осылай айтса керек.
Ай-Шешек ару-ерге серік, ақылды жан. –Менде əке жоқ,-деді Ай-Шешек
күрсініп. Менде ел-жұрт қана бар. Сен… Сен де жақын адамның жан күйінен
гөрі жұртыңның жағдайын көбірек ескер. Қолайы келсе, əйелге қоса
құрсақтас бауырыңды, құрбанға шал. Өйткені… өйткені, ел - біреу-ақ, бауыр
көп, ал əйел… қаншасын алғың келсе, сонша болады…
Бұл – заман шындығы. Ол шындықтан аттап өтсе, Ай-Шешек көп
қарапайым əйелдің бірі боп қана қалар еді. Ол шындықтан аттап өтсе-
автордың да қия басқаны, өнер мұратынан айнығаны болар еді.
Мағауин романында көркем шығармаға тəн компоненттердің бəрі
үйлесім тапқан. Кейіпкерлердің сөз саптауы, жиындағы сөз бен дастарқан
басындағы сұқбат дараланған. Бидің бəрі би емес, батырдың бəрі бір
қалыптан шықпағаны, сұлтандардың да арасында қараға ілесе алмайтын,
қарға тұқымдас қораштары болатынын көреміз.
Ə.Кекілбаев -өзі қатарлы қазақ жазушыларының ешқайсысына да
ұқсамайтын айрықша дарын. Оның тарихи тақырыпқа жазған «Аңыздың
ақыры» романына Ақсақ Темір өмірінің кейбір деректері пайдаланылған.
Бірақ Алмас ханды Əмір темір Көрегеннің дəлме-дəл əдеби портері деп
ұғынбау керек. Автор өз шығармасында Темірдің ел басқару ісіндегі
жүргізген кейбір саясаттарын, ордада қолданылған шартты-ғұрып рəсімдерін
(ритуалдарын) жəне сүйікті бəйбішесіне мазар көтерген шеберлерді қанды-
жазаға ұшыратқан сойқан қылығын ғана елеп-екшеп қажетіне жаратқан. Ал
романның негізгі фабуласы түгелдей жазушы фантазиясының нəтижесі.
Алмас хан астындағы тақ та, қолындағы ұшан теңіз билік пен көл-көсір
дəулет те оған əкеден қалған мұра емес. Өзі қатарлы сұлтандар мен
батырларды, сосын тақ үстіндегі кіші-гірім хансымақтарды біріне-бірін айдап
сап, атыстырып-шабыстырып, бірі əлсіреген тұста екіншісіне аунай кетіп,
ананың басын жұтып, іле-шала əлгі жақтасының қыбын тауып көзін құртып,
айламен, қулықпен қолға түсірген.
Ол айрықша ақылды адам. Мемлекет тізгінін қолына түсіргеннен кейінгі
тұтынған саясаты Шыңғыстікіне ұқсайды. Астындағы тағының баяндылығы
үшін қандай зұлымдықтан болса да бас тартпайтын хан үнемі тек қара күшке,
қатыгездікке иек сүйей бермейді. Ұлан-ғайыр мемлекетті əскер күшімен,
өзінің жер жарған айбынымен ғана ұстап тұрудың қиындығын түсінген.
Алмас не бір зымиян айла-тəсілдерге де бейім. Ең бір қауіпті санап іш
жиятын адамдарын қашанда өз қасынан ұзатпай жорыққа шыққанда да ерте
жүреді. Бұл жөнінен ол: «Мергендердің алыста жүргені қауіпті, мерген
еместердің қасында жүргені қауіпті» деген оймен Қасар мергенді тұтамдап,
жанына бір елі алыстатпайтын Шыңғыс ханды еске түсіреді.
«Аңыздың ақыры» романындағы Алмас əмірші соңғы жорығына
аттанып бара жатып, дариядан өтер кезде, саусағындағы қайын атасы
сыйлаған жүзігін суға түсіріп алып, əлде бір жаман нышанға жоритыны бар.
«қызыл алма» тəрізді ұтымды детальдың қасында осы бір екінші тұспалы
артық, əрі жасанды көрінеді екен. Тұспалға үсті-үстіне ұрына берудің қажеті
қанша. Екінші бір артық деталь-Алмас əміршінің пірі жайындағы эпизод.
Жазушы неліктен əмсе-ақ диалогтан жалтара береді? Диалогтың
характер ашудағы, уақиға дамытудағы рөлін ол бізден, əрине, кем білмес, ал
өз шығармашылығында оған онша көңіл аудармайтын тіпті сирек
пайдаланатынын сезе қоймауы мүмкін. Ол кейде диалог орнына кейіпкердің
əңгіме үстіндегі бет пішінін, өңіндегі құбылысын суреттеп отырып-ақ бёраз
нəрсенің бетін ашатыны бар. Мəселен, Алмас ханның төсекші кемпірді
оңаша шақырып ап, мұнаршы шебер мен ханым арасын анықтамақ боп
қойған сауалдарын, кемпірдің қайтарған жауабын оқырманға диалог түрінде
ұсынбай оңаша үйдегі бұл екеуінің əңгімесі не жайында екенін ғана ескертіп
шығатыны бар. Автордың осы жердегі позициясын құптаймыз, өйткені хан
мен төсек күтуші кенмпірдің арасындағы əңгіме қалай өрбитіні былайша да
түсінікті. Əрі əміршінің аузына анайы сауал салып, ұсақтатып жіберудің де
жөні жоқ. Бұдан өзге тұстардың қай-қайсысында болмасын, диалог өз
міндетін толық атқарған болар еді.
Қазақ драматургиясы қазiргi кезеңде
Достарыңызбен бөлісу: |