1.ХХ ғасыр 80-90 жылдардағы поэмалардың даму бағдары.
2.Поэма жанрындағы көркемдік ізденістер, олардың өрінісі
3.Публицистикалық поэма жанры. О.Сүлейменов, М.Шаханов поэмаларынан
мысал келтір.
4.Сюжетсіз поэмалар, олардың қазіргі əдебиеттегі көрінісі.
5.Соңғы жылдардағы тарихи поэмаларды ата, мысал келтір.
Əдебиеттер
1.А.Егеубаев. Сөз жүйесі.
2.Ыбырайымов. Ой мен сөз.
3.З.Қабдолов. Жебе.
4.Ə.Қазіргі қазақ поэмасы.
Бүгiнгi таңдағы проза
Қазақтың ұлттық прозасы ғаламдық даңққа ие екендiгi баршаға аян.
Шеберлiк мектебi көркемдiк дəстүрлер жүйесi, тiл мəдениетi, рухани
құндылықтар əлемi жоғары деңгейде қалыптасып, қарышты өсiп өркендеген-
дi. ¸лттық көркем сөз өнерi қандай жағдайда болмасын даму үстiнде
болатыны, қара ормандай елi бар жерде жоғалмайтыны аян. Белгiлi бiр
қоғамдық өзгерiстер, қайшылықты құбылыстар қол байлау болуы мүмкiн.
Солай десек те «Өлең деген тулайды қайшылықта» деген Мұқағали пiкiрiнiң
жаны бар.
Бүгiнгi күнде прозалық шығармалар қоржынына мынадай туындылар
қосылды: Төлен Тiлеухановтың «Базарлы дəурен балғын шақ», Бек
Тоғысбайұлының «Əкеден ұл туса», Жанат Ахмадидiң «Есенгелдi би»,
Жақсылық Сəмитұлының «Сергелдең», Еркiнбек Тұрысовтың «Шығыстың
шың ұлдары», ¸зақбай Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы», «Аяз бен
аптап», Сəбит Досановтың «Жүрегiмде жүз сəуле», Төлен Қаупынбайұлының
«Қыран тағдыр», Талаптан Ахметжанның «Мұң», Жұмагүл Солтиеваның
«Көз iлмейдi көңiлiм», Қуаныш Жиебаевтың «Қателесесiң, қымбаттым..»,
Ханбибi
Есенқараеваның
«Күн
шығады
қызарып»,
Сейiлғазы
Əбдiкəрiмовтың «Мазасыз түн», Қуандық Түменбай «Қой мен қойшы»
Нұртас Исабаевтың «Өмiрге құштарлық».
Бұлардың iшiнде романдар да, повестер де, əңгiмелер де, деректi эсселер
де бар.
Иə, осынау қаламгерлердiң шығармашылық қабiлетi, суреткерлiк
зердесi, көркемдiк ойлау жүйесi, ұлттық дүниетанымы, сөз саптауы қалай
дейтiн сауалдар туындайтыны сөзсiз.
Жанат Ахмадидiң «Есенгелдi би» романында ұлт тарихындағы ұлы
тұлғалар бейнесi сомдалады. Атап айтар болсақ, абылай хан, Төле, Қаз
дауысты Қазыбек, Бөгенбай батыр, Керей, Жəнiбек батыр жəне т.с.с. Ел мен
жер туралы ұлы билерiмiздiң толғаныстары да жүрек толқытарлық.
Жанат Ахмади шығармасының тiлi мейлiнше жатық, көркем. Мақал-
мəтелдердi нөпiрлете қолданады. Романның құлақ күйi тоты құстай сайраған
төрт бидiң сөзiмен басталуы да қызықты берiлген.
Ұзақбай Доспанбетов «Абылайдың ақ туы» атты романында таңсық емес
тақырыпты өзiндiк ұғым-түсiнiктермен өрнектейдi. Сөйтiп тарихи жəне
көркемдiк танымыңды тереңдетедi, ғасырлар мен бабалар даусын жаңғыртып
жеткiзедi.
Жақсылық Сəмитұлының «Сергелдең» атты драмалық сипаты бөлек
романында ұлт-азаттық көтерiлiстiң көсем атақты Оспан батыр бастаған
батырлардың
орасан
ерлiк-қаһармандық
қимылдары
мен
қандас
бауырларымыздың қиямет-қайым қасiреттi тағдыры жан толқытарлық, сүйек
сырқыратарлық сезiммен бедерленедi.
Бек Тоғысбайұлының «Əкеден ұл туса» атты романында қазақ
зиялыларының тағдыры ашаршылық, кəмпеске жаналғыштар мен
жұлынқұрттардың зұлымдық iстерi патша отаршыларының жыртқыштық
əрекеттерi. Қазақ жерiнiң оңтүстiк өлкесiн Ресей империясының зорлықпен
бағындыруы келiмсектердiң қорлығы шынайы суреттеледi. Шығарманың
басты кейiпкерi - Əбубəкiр қажының баласы Əлидiң бастан кешкен
шырғалаңдары арқылы баян етiледi. Əли бүркiт баптаған құмай тазы ерткен
серi жiгiт. Аңға шығып олжалы қайтып келе жатқанда Метрейдiң Шодыры
жəне 8 солдат ұшырасады. Солардың iшiндегi Сидоров Əлидiң ықтиярынсыз
олжасын iшiгiн қағып алады. Намысты Əли кейiннен Сидоровты Қайыптың
үйiнен шығарып алып, қапияда атып өлтiредi.
Романда Мұхаметжан Тынышбаевтың, Ораз Жандосовтың, Жəлменде
əулие мен оның əншi, гармоншы, атбегi, құсбегi, серi, батыр болыс
Тышанның тұлғасы, өмiртарихы суреттеледi.
Талаптан Ахметжанның «Мұң» кiтабындағы хикаяттар мен əңгiмелерде
естiлер тiршiлiк-тұрмыс кедергiлерiне ұшырап жəбiрленген есуас есер, топас
желбуаздар құрметтелiп, жоғарыға екпiндеп өрлеп əлпештелген безбүйрек,
əдiлетсiз, рақымсыз жалған дүниенiң көрiксiз суреттерi мен қайшылықтары
аяусыз əшкереленедi. Бұған «Нобель сыйлығы» хикаятындағы ар-ұят
перiштесiнiң «Мен пенделердiң ұйықтап кеткен ар-ұятын оятуға əзiрмiн»
деген лебiз айғақ.
Жазушы Талаптан Ахметжан лирикалық прозаның майталманы
екендiгiн, оның шығармаларына сыршылдық, күйшiлiк, нəзiктiк, көркемдiк
тəн екендiгiн байқауға болады.
Қуандық Түменбайдың «Қой мен қойшы» кiтабына «Бекеттегi
бейкүнəлар» дейтiн романы мен «Қой мен қойшы», «Түрмедегi торғай» жəне
бiрнеше əңгiмелерi топтастырылған. Қай-қайсысы болмасын терең
толғаныстан көркемдiк тəжiрибеден туған деуге болады.
«Қой мен қойшы» хикаятында нарық қыспағына қамалып тұншыққан
ауыл тiрлiгi, үрерге итi, сығарға битi жоқ сiңiрi шыққан жанұялар, қаңыраған
кiтапханалар, араны ашылған билiк басындағы төрелер, қырылған қой тiзбек-
тiзбегiмен суреттеледi.
Басты кейiпкер Жұмабек сонау Қызылордадан Алматыға поезға салып
бiр қой əкеледi. Əрине, базарға сойып сату үшiн «Көңiлiмдi жұбатқан бiр
отар қара қойды жоқ қылды мына заман» дейдi ол.
Немесе «Алматы базарында небiр семiз қойлар бар. Қап боп сiңiп кеткен.
Олардың бақайынан насоспен жел үредi де, тiгiп тастайды» деген
сөйлемдерден өтпелi кезеңнiң ыңғайсыз, ретсiз, жөнсiз əрекеттерiн, сұм-
сұрқиялардың көзбояушылықтарын көруге болады. Ал «Түрмедегi торғай»
хикаятында жас дəрiгер нейрохирург Есенбай Қойбағарұлының талқын
тəлкегiне ұшыраған өмiрi арқау болған. Оның ары да, жаны да, қолы да таза.
Өз iсiне жетiк. Бiр апта бұрын ғана Күнiмайға қосылған. Некесiн мешiтте
қидырған. Сырқат Барболсын Əйтушов арамдық жасап, ұстаттырып жiбередi.
Түрме азабын тартады. Оның жан дүниесiндегi көңiл-күйi, сыр толқындарын
жазушы түрменiң терезесiне ұя салған торғайдың iс-қимылдарымен
жарыстыра, салыстыра отырып сипаттап сөйлетедi. Туындының көркемдiк
логикасы тастүйiн.
Қ.Түменбайдың «Бекеттегi бейкүнəлар» романында басты кейiпкер
Халел Мұңайтпасовтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғалары арқылы
кеңестiк қоғамның iшек-қарнын ақтарып көрсетедi.
Проза жанрының бiр қыры деректi проза.
Деректi проза жанрының атын жамылған кiтапты талдап, қоғамды iлгерi
бастыруға ой салатын немесе ұлт жiгерiн жануға түрткi болатын құндысын
көпшiлiкке ұсынып отыру зиялы топтың, соның iшiнде жауынгер жанрға ден
қойған таланты сыншылардың басты мiндетi екенiн əлемдiк тəжiрибе
соқырға таяқ ұстатқандай етiп көрсетiп отырғаны ақиқат. Бұл əсiресе,
Қазақстан тəуелсiздiк алғаннан кейiнгi кезде жазылған көсемсөздi жанрлық
тұрғыдан iрiктеп, сөйтiп қалың оқушыға ұсынылатын кiтапты анықтау үшiн
өте қажет талап.
Бұлай деуiмiзге елiмiз тəуелсiздiк алғаннан кейiн бiрсыпыра
жазушыларлардың бұрынғы жазып жатқан көркем шығармаларын доғарып
қойып, көсемсөз жанрына бет бұрғаны себепшi. Мұның өзi жаңа қоғамдық
құрылымның талабына сай бұрынғы идеологиялық кеңiстiкте эстетикалық
қажеттiлiктi өтеп келген көркемсөз ықпалының бəсеңсiп, есесiне жас
мемлекетте кетiп жатқан кемшiлiктi тез аңғарып, жөндеуге себi тиетiн
көсемсөздiң қоғамдағы үстемдiк бел алғандығының айғағы болатын.
Қазақстан тəуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн де сондай көп мəселенi
мойынға алу қажеттiгiн қазақ азаматтарының алдына өмiрдiң өзi көлденең
тартқан болатын. Мiне, осы тұста сөз өнерiн кəсiп еткен бiршама азаматтың
кеңес өкiметi кезiнде тиым салынған тақырыпқа қалам тартуы көп кiсi
күтпеген тосын оқиға болатын. Əсiресе, тəуелсiздiктiң алғашқы кезiнде
халық ескi орысшылдық ниеттен арыла алмай бүкiл ұлттың абдыраулы
кезiнде бұрынғы қалың оқырманның көзi қанығып, құлағы үйренген, сөз бен
iске ендi кереғар пiкiр бiлдiрiп, мүлде бөтен сарында ой толғаған. Қалтай
Мұхамеджанов, Мұхтар Мағауин, Əбiш Кекiлбаев батылдығы мен iшкi
дайындығы, бабалар арманымен ой сабақтастығы əлемдiк iрi тұлғалармен
үндестiгi кiсi қызығарлықтай едi. Айтар болсақ, Қ.Смайылов, Ш.Мұртаза,
Ф.Оңғарсынова, Ə.Тарази, Қ.Жұмадiлов, Қ.Ысқақов, Т.Əбдiков, Д.Исабеков,
С.Елубаев, Б.Нұржекеев, Т.Медетбеков, М.Құлкеновтар тəуелсiздiктi баянды
ету жолында өз ойларын ортаға салып, ел пiкiрiнiң жаңаруына зор үлес қоса
алды. Ел iшiне жайылған осы бiр рухани алапат сiлкiнiстiң билiк тiзгiнiн
ұстаған азаматтардың да бойынан көрiнiс табуы – бұл ендi талай ғасыр бойы
отаршылдар езгiсiнде жүрiп тəуелсiздiк үшiн басын үнемi қатерге тiгiп өмiр
сүрген бабалардың көп арманының бiрiнiң жүзеге асқанының көрiнiсi деуге
келетiн. Мысалы, Төлен Əбдiковтiң «Жанна-д Арк феноменi» мақаласы
Сауытбек Əбдiрахмановтың «Əлемге əйгiлi тұлға» айдарымен жарияланған
мақалалар циклi. Əлiбек Асқаровтың «Мұзтау» қолжазбасы, Мұхтар
Құлмұхамедтiң əлем əдебиетiнiң озықтарын сөз ете отырып, өз
əдебиетiмiздiң арғы-бергiсiне байсалды талдау жасаған.
Қазақстан тəуелсiздiк алғаннан кейiн деректi прозаға, яғни көсемсөзге
деген талаптың өзгергенiн, сөйтiп бұрынғы отаршылдық кездегiдей ылғи
еңбек, өнер адамын немесе жеке тұлғаны жалаң мадақтап жазуға деген халық
сұранысының азайып, ендi күн өткен сайын тарихи-философиялық мəндегi
деректi шығарманың көшбасына шыққанын, өйткенi сол арқылы ұлт санасын
жаңа
бағытта
қалыптастырып,
өркениетке
жетудiң
шаралары
қарастырылғанын қайталап ескерту ғана.
Бұл бiрақ бұрынғы үрдiсте жазылатын шығарма атаулы мүлде қажетсiз
сөзiмiз емес, мəселенiң бəрi ненi жазуда емес, қалай жазуда. Оған Ахат
Жақсыбаевтың қаҺарман ағамыз Қасым Қайсенов өмiрiнен жазған роман-
эссесi толық дəлел. Жазушы материалды шебер игеру арқылы көздеген
мақсатына жете алған. Оқиғаның шымыр суреттелетiнi соншалықты, тiптi кез
келген тарауды ойып алып кино жасауға болады. Сондықтан да мұндай
туындылар өз оқушысын табатыны ақиқат.
Жазушы Ғаббас Қабышұлы «Сағыныш сазы» кiтабының жанрын
«Сырсандық» деп көрсеткен. Шынында да айтса айтқандай көбiсi бұл
дүниеден өткен сыйлас-сырлас, аға-iнiлерi мен құрбы-құрдастары жайлы
жазушының сыры болып шығады. Қарасөздiң қай түрiне қалам тартпасын
алып та, шалып та жығатын жазушы бұл жолы да сол биiктен көрiне бiлген.
Ал осыған ұқсас, бiрақ ой-толғамдары көбiне сын жанрының биiгiнен
көрiнедi. Дидахмет Əшiмхановтың «Əңгiме емес əңгiмелер» үш бөлiмнен
тұрады. Мейлi көркемсөз туралы сөз қозғасын, мейлi замандастар туралы ой
толғасын, мейлi ұлт жайлы көкейдегi ойын ортаға салсын, қалайда кiсi
оқитындай етiп шегелеп жазған.
Оқушыларды көбiне қызықтыратыны ауылдағы ақын-жазушылардың
iзденгiштiгi. Өйткенi олар үнемi өзiн-өзi еңбекке жегуге уақыт табады.
Еркiнбек Тұрысовтың повестер, хикаялар, эссе-естелiктерден құралған
«Шығыстың шың ұлдары» атты кiтабы соның айғағы. Жазушы бүгiнгi күннiң
оқиғасын суреттеумен шектелмей, шығыстан шыққан ұлы тұлғалардың
тағдырына үңiлген.
Серiк Байқонов «Бетпақ дала шөл емес» жинағының жанрын «Табиғат
кiтабы» деп атаған. Бұл кiтап жазушының көп жылғы зерттеуiнiң, сабылып
дала кезiп, сарылып тарихты ақтаруының жемiсi екенiн жəне оның
шығармашылық басты табысы екенiн бəрiмiз де бiлемiз. Айтары мол, қызық
та жақсы кiтап.
Ендiгi бiр жазушы – Шаяхмет Құсайынұлы. Оның «Жолбарыс жүрек»
роман дилогиясы деректi шығармадан гөрi көркем туындыға көбiрек келiп
тұр. Жазушының басты табысы композиция құра бiлетiн дер едiк. Егер
орнымен қолдана бiлсе, тiл байлығы жеткiлiктi.
Мақсат Тəж-Мұраттың Төлен Қаупынбаевтың, Нұрдəулет Ақыштың,
Сəрсен Бек Сахабаттың кiтабы жəне бiр тұлғаның өмiр тарихына арналған
дүниелер екен. Мысалы, Нұрдəулет белгiлi əншi сазгер Алтынбек
Қоразбаевтың өмiрi мен шығармашылық өнерiнiң кейбiр кезеңiн мейлiнше
əсерлi сұлу сезiмге толтыра келiстi суреттесе, Сəрсен өзiнiң Төреғұлдың
Нəзiрi атты кiтабының жанрын «Ғұмырнамалық дастан» деп атап, көрнектi
мемлекет жəне қоғам қайраткерi, ғалым-ағартушы, тұңғыш кəсiби дипломат
өмiрiнiң түрлi бұралаңды кезеңiн Жан-жақты сөз етедi.
Ал Төлен Қаупынбаевтың «Қыран тағдыр» атты «Жарық жұлдыз туралы
жырына» ғалым Шоқан Уəлихановтың Жетiсу өңiрiндегi iзденiстерi
ұшырасып, араласқан адамдардың өмiрi əңгiме арқауына айналған.
Жазушының көп iзденгенi көрiнiп тұр.
Сондай-ақ, Серiк Əбдiрайымұлының «Бес мүшел белесiнде» атты
шығармасы арнайы сөз етудi қажет ететiн салмақты кiтаптың бiрi.
Жоғарыда деректi прозаға деген талап мүлде өзгергендiгiн ескердiк. Бұл
шарт əсiресе, алдымен тарихи танымға өзiнiң тереңдiгiмен ықпал ете алатын ,
сол арқылы қоғамның дамуына себi тиетiн философиялық категория
негiзiнде ұлттық тəуелсiздiктiң қамын жейтiн ерекше мəндегi шығармаға ғана
тəн талап. Ондай шығарма əп дегеннен қалың бұқараға түсiнiктi бола да
қоймас, тiптi оны кез келген оқушының оқып, пайдаға жаратуы да екiталай
шығар, бiрақ ұлттың өзiн зиялы санайтын кез келген кiсiсi ондай шығарманы
бiр емес, бiрнеше қайтара оқуы мiндеттi.
Соңғы уақытта əңгiме, новелла жазумен айналысып отырған
жазушылардың бiрi – Бексұлтан Нұржекеұлы. Оның «Бейтаныс əйелдiң
құпиясы» атты əңгiмелер жинағына талдау жасасақ. Яғни ол қандай
тақырыпты қамтиды, ненi көрсетедi, мазмұны қандай, қандай мəселенi
көтередi деген сияқты сұрақтар туындайды.
«Махаббат мəңгiлiк тақырып» , ол өзiнiң жазушылық ғұмырында осынау
мəңгiлiк тақырып – махаббаттты жырлап келе жатқан Бексұлтанның 2002
жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген бұл жинағындағы əңгiмелердiң
негiзгi өзегi де əйел мен еркек арасындағы сезiм сырлары. Кiтаптың атына
таңдап алынған «Бейтаныс əйелдiң құпиясы» да оқырманның көз алдына
бейтаныс əйелдiң құпиясын айқара ашып салатын психологиялық шығарма.
Жазушы аты-жөнi белгiсiз келiншектiң күнделiгiн ойда-жоқта қолына
түсiредi де, үйiне алып келiп, бастан-аяқ оқып шығады. Бар əңгiме осы.
Күнделiктi жазбалар ғашықтық дертiне ұшырап, не iстерiн өзi де бiлмей,
екiұдай күй кешкен бейтаныс əйелдiң бүкiл құпиясын, яғни, жан дүниесiндегi
толқыма толқыныстарын, құбылмалы құбылыстарын, сезiм сергелдеңдерiн
толық ашып берген:
«Жаным! Əр күнiм əр түнiм сiздi ғана ойлауға арналатын болды. Қайда
жүрсем де, не iстесем де сiз миымда, көз алдымда тұрасыз да қоясыз.
Тұтқыныңызға мықтап түсiрген екенсiз. Торыңызға қалай, қай уақытта
шырмалып қалғанымды да бiлмеймiн. Осынша естен айрылуға болады деп
кiм ойлаған?! Əсiресе менiң жағдайымда жалғыз ғана үмiтiм – сiздiң маған
деген көңiлiңiз. Сiз суып кетсеңiз, ол соққыны көтере алмайтын шығармын.
Суымаңызшы!» деген əйел күнделiгiндегi жазулардан сыр суыртпақтан автор
оған өз ойын тiркеп, көзқарасын бiлдiрiп отырады. «Сөз сыңайынан əйелдiң
жас, еркектiң егде екендiгi бiрден аңғарылады. Оның үстiне əйелдiң күйеуi,
еркектiң əйелi бар болу керек. Əсiресе, менiң жағдайымда,» - деуi, сiрə,
сондықтан.
Əңгiме бастан-аяқ осындай тəсiлмен жазылған. Алдымен күнделiктен
үзiндi келтiрiледi де, соңынан автордың да соған деген ой-топшылаулары
қосарланады.
Көркем əдебиетте бiр адамның өзiнен басқа ешкiм бiлмейтiн, бiлуге
тиiстi де емес жан сырын қойма қопарғандай ашып көрсететiн ең оңтайлы
көркемдiк тəсiлдердiң бiрi болып табылады. Осылай басталған бейтаныс
əйелдiң құпия сезiмiне автормен бiрге оның оқырманы да қызыға түседi,
құныға оқиды.
Кеудесiнде жаны бар тiрi пенде секiлдi сезiмнiң де туатын, өмiр сүретiн,
өлетiн-өшетiн мезгiлi болатыны айдай анық. Оны осы əңгiмеден де анық
аңғаруға болады. Бiрақ бейтаныс əйелдiң оған окiнiш-күйiнiшi жоқ сияқты,
қайта өзiн бақытты санайды. «Мен бəрiбiр бақыттымын, өйткенi шын сүю
дегеннiң не екенiн аз уақыт болса да бастан кештiм, рахатын да таттым,
азабын да таттым. Сол үшiн сiзге ризамын. Қалғанын келешек көрсетер».
Құпия күнделiк осындай көңiл-күйде аяқталады. Бұл автордың
тəжiрбиелiлiгi. Өйткенi күнделiктегi жазбаларды бұдан əрi соза берудiң еш
мəн-мағынасы жоқ. Бəрi түсiнiктi.
Шығарманың соңына дейiн əйелдiң кiм екенiн бiлмесек те, түр-түсiн,
кескiн-келбетiн ажырата алмасақ та, жазбалары арқылы оның қандай адам
екенiн жазбай танимыз. Iшкi ойлары, сезiм сырлары, санасындағы сан алуан
толқыныс-бұлқыныстары
арқылы
жанының
нəзiктiгiн,
жүрегiнiң
нұрлылығын, табиғи болмысының мөлдiрлiгiн, сезiмге адалдығын айтпай-ақ
бiлемiз. Көз алдыңызға өзi де, жаны да сұлу əйелдiң бейнесi елестейдi…
Күнделiк, сөз жоқ, бейтаныс əйелдiң сырт көзге көрiнбейтiн iшкi сырын
көрсету мен оның образын ашуда маңызды рөл атқара алған.
«Қандай өнердiң болса да ең биiк қасиетi – оның шынайылығы»
(С.Рахманинов) Бұл əңгiме де шынайы жазылған. Шындыққа суарылған.
Жалғандыққа ұрындыратын, жасандылыққа бой алдыратын, сенiмсiздiк
тудырар тұстары жоқ. Өмiрдiң өзiнен ойып алғандай шынайы.
Қазіргі əдебиеттегі əңгіме жанры
Жастар əңгімелерінің ерекшеліктері
Жоспар
1.Əңгіме туралы түсінік.
2.Қазіргі əңгімелердің тақырыптық байлығы.
3.Қазіргі əңгіме жəне идеялық көркемдік.
4.Əңгіме жанрының қазіргі əдеби процестегі орны.
Тірек сөздер: Ықшам жанр, кіші проза, новелла мен əңгіме, қаз-қалпында,
мөлтек сыр. Əңгімедегі дəстүр мен жаңашылдық, лиризм мен психологизм,
тақырыптың баюы, жанрлық ізденіс, кейіпкердің ішкі сезімі, жан дүниесі.
Проза қазақ əдебиетінде кеш туған жанр. Ал əңгіме кіші проза
ретіндекейінірек пайда болды. Қазақ əңгімелерінің тарихын Ыбырай
Алтынсариннен бастаса кейін Б.Майлин, М.Əуезов, Ж.Аймауытов,
С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтер арқылы дами түсті.
Бүгінгі қазақ əдебиетінің даму қарқыны мен бағыт-бағдарының əңгіме
жанрындағы беталысынан да, қол жеткізген табысынан да айқын көрінеді.
Қазақ прозасындағы əңгіме жанрының өзі бүгінде сан жағынан да, сапа
жағынан да кемелдене, толыса түскені айқын.
Қазіргі əңгімелерді шартты түрде тақырыбына қарай топтайтын болсақ,
дені ауыл өмірінен алып жазылған шығармалар екені көрінеді. Бір
қуаныштысы - əңгіме авторлары бүгінгі ауылдың рухани дүниесінде болып
жатқан өзгерістерді нақты характер шындығы арқылды бейнелей отырып
ашуға ұмтылады.
Қазіргі əдеби процесте əңгіме жанрының алатын орны күшті да, атқаратын
қызметі де күшті.
Қазақ жазушыларының үлкен бір ұрпағы плеядасы түгел дерлік əңгіме
жанрында көрінді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ прозасының
дені əңгіме болатын, прозадағы ұнамды кейіпкерлер де сол əңгімелерден
басталған. Қазіргі əңгімеде қысқа да болса қызық шиыр тарих бар.
Мынаны ескерген жөн. Əңгіме жайын сөз еткенде біз талдау мен
талғаудың критерийлерін біліп алғанымыз мақұл.
-Əңгіме не үшін жазылады?
-Əңгіме бір шындықты таныту үшін жазылады. Ал əңгіме шындықты
танытады деу жеткіліксіз. Əңгіме шындықты қалай танытады? Сөз сонда.
Мəселен, жазушы Сафуан Шəймерденов «Бала арманы» атты əңгімесінде
екі-ақ кейіпкер бар. Жəния ана мен Сəния бала. Мысал үшін Жания
Ғ.Мүсірепов əңгімелеріндегі Қапия да, Нағима да емес, Саян «Қос
шалқардағы» жидек теретін балаларға ұқсамайды. Бұл ана-бүгінгі ана, бала-
бүгінгі бала. Бұлардағы сыр мен сезім де, іс пен əрекет те бұрынғылардан
бөлек жатыр. Соңғы жылдардағы қазақ əңгімелерінен аңғарылатын бір
нышан-нақтылық.. Зейнелғаби Иманбаевтың əңгімелерін түгел оқып
шыққанымызда оның өзі тұрған ауылдың тұрмыс-тіршілігін, кешегі халі мен
бүгінгі жайын толық біліп шыққандай боласың.
Соңғы жылдардағы қазақ əңгімелерінен аңғарылатын келесі бір
жақсылық-бірыңғай жылтырақтықтан, қызғылт бояудан аулақ, өміріміздің
кейбір көлеңкелі құбылыстары қалам ұшына түйілетіндігі. Кəрім Баялиевтің
əңгімелерінде арамыздағы əртүрлі адамдардың ісі мен мінезіндегімін-
мүлтіктер əшкерелене көрсетілетіндігі.
Сонымен қатар қазіргі əдеби процесте қазақ əңгімелерінен көрінетін тағы
бір жақсы нишан-идеялық-көркемдік қасиетінің жоғарылығы.
Нығмет Ғабдуллиннің «Гүл» деген əңгімесінде көз тоқтатып, көңіл аударып
көрелік. Əңгімеде тракторшы Шəріп пен кітапханашы Сараның арасындағы
таза махаббаттың тұңғыш тұтануы суреттеледі. Махаббат, сөз жоқ, аса əдемі
сезім. Герой ойларының сезім иірімдері іс-əрекеттері мен өрлей өрістеген.
Сонымен қатар «Гүлде» өзіміз кешелі бүгін оқып жүрген көп əңгімелерде
кездесе бермейтін екі түрлі ерекшелік бар. Бірінші ерекшелік-байыпты
интеллект, екінші ерекшелік-нəзік лиризм. Авторлық баяндаудан да,
суреттеуден де осы екі қасиет аңғарылады. Бір мысал қызғаныш деген не?
Əңгімеде, міне осы сұраққа жауап бар. Қызғаныштың қайдан туатынын Сар
мен Шəріп өзара байыптау арқасында шын сүгендіктен туатын шығар деп
ойлап «Жоқ, қызғаныш сенбеулен туады. Адал махаббат иелері біріне-бірі
шын сенеді, бірін-бірі құрметтейді, сыйлайды. Мұндай асыл достар арасында
ешқандай қызғаныш болу қисыны жоқ.»-деп түйеді Шəріп.
Соңғы жылдардағы əңгімелер Тахауи Ахтановты жақсы бір қырынан
танытты. Жазушы əңгімелерінен танылатын жақсы бір қасиет-жазушының
мəдениеті. Бүгінгі жазушы- халық ақылшысы-биік мəдениетті кісі болуы
шарт. Сонда ғана ол қазіргі білімдар қауымға ғана енгізе алады. Тахауи
əңгімелерінің тақырыбы мен идеясын, оны өрбітудегі өнері мен өрісінен
интеллект- парасат мəдениеті аңғарылатынын көреміз.
Т.Ахтанов əңгімелерінен аңғарылатын тағы бір сипат- нəрлі, нəзік
психологизм. Ол адам бейнесін жасауда бірден адамның ішкі психологиялық
иіріміне сүңгіп, характерді сол ішкі сыр мен сезім тұрғысынан келіп ашады,
көркем тұлға жасау, мүсіндеу биігіне геройдың жан диалектикасының
бойымен өрлемек болады. Жазушының «Алғашқы əн» атты əңгімесінде
мынадай бір пейзаж бар. «Ертеңгі күннің қиғаш сəулесі өзеннің арғы
бетіндегі бозды адырды қызғылт-сарғыш ұғыласына малып, балғын жұмсақ
реңк беріп тұр…» Жанды табиғат пен жансыз табиғат бұл тұста да əсем
астатқан.
Шағын проза туралы сөз еткенілгенде Тəкен Əлімқұловтың есімі
аталмай қалмайды. Жазушы əңгімелері түгелдей дерлік жол үстіндегі
қақпақыл əзілмен, негізгі кейіпкердің шабыт үстіндегі ойлану сəтімен
басталады да келесі жайлармен заңды жалғасып отырады. Мəселен кімде-кім
Махамбет өліміне енжар қарамайтыны рас. «Қараой» əңгімесінде сол заман
шындығын көз алдымызға əкеледі. Əрине, Махамбет өлімі тарихтан да
жақсы мəлім. Жазушы ұлы адам бейнесін бар шындығымен бейнелейді.
Əдетте, ақын аңғырт, албырт аңқау келеді.Сол сияқты жаумен жағаласқан
батыр көбінесе қапылыста қаза табады. Ел қадірлейтін адамдардың бұл екі
түрінің өзара ұқсастығы –ақкөңілділігі , бала мінезділігі.
Т.Əлімқұлов əңгімеоерінде салыстыру, теңеудің, метафораның сан алуан
түрлері бар. Суреткер сөз арасында өз оқушысы тарихи адамдардың жақсы
қасиеттерінен хабардар етіп отырады.
Əңгіме жанрында өзінджік өрнегі бар жазушының бірі - Шерхан
Мұртаза. Автор өз əңгімелерінде өмірдің болмашы ғана үзік көрінісінен көл-
көсір өмір шындығын көз алдыңнан елестетіп өткізеді. Біз сөз еткелі отырған
«Шекшек шырылдайды» атты шағын əңгіме осының дəлелі. Титтей ғана
өмір көрінісінен жазушы Хадиша секілді асыл жанның образын тап басып
мүсіндейді. Оның соғыстан кейінгі от басылоық күйкі тірлігін, ескі мінезден
бірте-бірте өзгергенін, күйеуінің суретін өзінікімен қоса үлкейттіріп алуын
суреттей отырып, автор ұлттық характерге тəн белгілерді ашып қана қоймай,
майданнан оралмай қалған жарға деген Хадиша сияқты мыңдаған
келіншектің бойындағы адалдықңты, сүйіспеншілікті ерекше шындықпен
бейнелеп береді.
Ендігі бір əңгіме – «Ақсай мен Көксай» мұнда да соғыс жылдарындағы
ауыл өмірінің хал-жағдайы сөз болады. Ежелден ауылы іргелес, қойы қоралас
отыратын, құда-жекжат болып араласып кеткен қырғыздар мен қазхақтардың
қиын-қыстау жылдары бір біріне сүйеу болып, қол ұшын беруі əңгіменің
ерекше атап өтер қасиеттерінің бірі. Қазақ Арзы ана мен қырғыз Нұралы
сияқты қарттардың екі елдің бірлігін сақтап, ауылға бас-көз болуы мейлінше
табиғи қалпымен суреттелген. Əңгімеде сол бір ауыр кезеңдегі ауыл
адамдарының тағдыры арқылы соғыс кезінің типтік өмір шындықтары
реалистік көркем шындыққа айналған. Мұндағы кейіпкерлерді сыртқы іс-
əрекеттерімен, дара характерлерімен ғана емес, ішкі бейнесі – жан дүниесі
арқылы да санаңда сақтап қаласың. Əсіресе, Арзы ана осындай сом образ
дəрежесіне көтерілген. Осы бір қарапайым қарт ананың қимыл-қарекетінен,
шкі жан-дүниесінен ұлттық сипат қана емес, ел қамын ойлайтын абзал
аналарға тəн қасиеттер көрінеді. Ананың соғысқа кеткен Орха мен Ноха
сияқты балаларын ойлап мазасыздануы, оларға деген сағынышы мен
жүрегінде маздаған махаббат оты барлық аналарға ортақ нəрселер. Жоқтан
бар жасап, жалғыз сиырының майын жинап, базарға апарып, содан түскен
тиын-тебенге астық сатып алып, тағы басқа заттарын айырбастап,
тапқандарын талшық етіп күн көріп жатады Арзы аналар.. Сонымен қатар,
қырғыз Нұралы қарт та қашан да қажып жүрген жүдеу елге қамқор. Қазақ,
қырғыз балаларынықң барлығы да өз балаларындай. Арзы анамен қырғыз
аулына барған Барысханда Нұралы қарт алдына алып отырып, емірене
елжіреп, бауырына басып өз баласындай басынан сипайды. Осындай
көріністердің бəрінен қатар жатқан Ақсай мен Көксайдай ағайындас екі елдің
арасындағы сондай бір жылы достық, шынайы бауырмалдық, қарым-қатынас
сезіліп тұрады.
Шерхан əңгімелерінің қай қайсысын алсақ та салиқалы, салмақты ойға
құрылған, өзіндік ерекшелігі айқын, оқырман жүрегіне жылы ұялайтын
дүниелер. Жазушының қандай тақырыпқа жазылған əңгімесін алсақ та,
өмірде
боллатын
жағдайлардың,
көпшіліктің
көкейінде
жүрген
шындықтардың шын шеберлікпен, нəзік дəлдікпен суреттелгенін айтар едік.
Кейіпкер жан-дүниесіне жіті үңіле білетін психолог жазушы Дулат
Достарыңызбен бөлісу: |